Білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші кешендік мемлекеттік емтихан сұрақтары 3-ші пән «Генетика»


Организмдердің әрбір жеке түріне тән тұрақты хромосомалар жиынтығы – кариотипті сипаттаңыз



бет16/23
Дата03.09.2023
өлшемі94.55 Kb.
#476435
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Генетика гос

Организмдердің әрбір жеке түріне тән тұрақты хромосомалар жиынтығы – кариотипті сипаттаңыз.

Организмдердің эрбір жеке түріне тән түрақты хромосомалар жиынтығы болады. Оны кариотип деп атайды. Өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткасындағы метафазалық хромосомаларды зерттеу барысында олардың әрбір түріне тән тұрақты саны жэне өзіндік құрылымы болатындығы анықталған. Мысалы, адамның дене клеткасында 46, маймылда 48, сиырда 60, гидрада 32, жауын 37 құртында 36, қиярда 14, жүгеріде 20, қарағайда 24,т.с.с. (2, 3- кестелер). Организмдер кариотипі олардың қандай эволюциялық сатыда тұрғанына байланысты болмайды. Кейбір қарапайымдардың жоғары сатыдағылардан хромосома сандары көп бола береді. Кей жағдайда хромосома саны мен оның құрылысы түрлердің филогенетикалық туыстығын да корсете алады, соған негізделіп кариосистематика жасалады. Көпшілік түрлердің дене клеткаларының ядроларына тэн қасиетхромосомалардың жұп болып келетіндігі. Әрбір жеке хромосоманың өз гомологы болады. Адамның 46 хромосомасы 23 жұпты, дрозофилдің 8 хромосомасы 4 жұпты, жүгерінің 20 хромосомасы 10 жүпты, бидайдың 42 хромосомасы 21 жұпты құрайды т.с.с. Хромосомалардың жұп болып келуінің себебі олардың бір сыңарын организм анадан, екінші сыңарын атадан алады.

  1. Моногибридті будандастыруды талдаңыз.

Мендель тəжірибелері үшін баламалы белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың əртүрлі сорттарын таңдап алды. Баламалы немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті будандастыру деп атайды. Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланылғанына қарамастан, будандасудан алынған F1 будандарында баламалы жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді, бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы немесе бірін ші ұрпақтың будандарының біркелкілік заңы деп аталынады. Бұл заңды доминанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тəн жалпы құбылыс. Егер бұршақ өсімдіктерінің бірінші будан ұрпағы F1 өздігінен тозаңданса, онда олардың екінші F2 -де екі ата-анасының да белгі - лері көрінетін болады. Мысалы, бұршақтың сары жəне жасыл тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған бірінші ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары жəне жасыл тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни, бірінші будан ұрпақта көрінбеген белгілер немесе жасыл түс екінші ұрпақта көрінеді. Доминантты жəне рецессивті белгілер F2 ұрпағында белгілі бір сандық арақатынаста болады. Мендельдің тəжірибесінде F1 -де алынған 258 өсімдіктің өздігінен тозаңдануынан F2 -де 8023 тұқым алынды. Осы тұқымдардың ¾ бөлігі (яғни, 6022) сары ал ¼ бөлігі (яғни 2001) жасыл түсті болып шыққан. Сонымен F2 -де алынған доминантты жəне рецессивті белгілері бар тұқымдардың сандық арақатынасы 3:1 болды. Бұл жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екінші заңы немесе ажырау заңы деп аталады. Əртүрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейіннен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық жəне аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жазылады. Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ даралары ның фенотипі мен генотипін оңай анықтайды. Мендельдің бұршақпен жүргізген тəжірибелерінен байқалған доминанттылық құбылысын толық доминанттылық деп қарастыруға болады. Егер F1 -дегі будандардың белгілері ата-аналық формалардың ешқайсысына толық ұқсамай аралық сипатта болса, оны толымсыз доминанттылық деп атайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет