Хромосомалар жіктелуінің генетикалық механизмдерін талдаңыз.
Хромосомалар — ДНҚ-ның ақуызбен қосылған жіңішке жіпшелерінен
тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманың өзіне тән бояулармен бояп,
анықтауға болады. Олар жасушаның бөлінуі кезінде жақсы, анық байқалады. Бір
түрдің барлық жасушаларындағы хромосомалардың пішіні мен ондағы генетикплық
ақпарат бірдей болады. Ал әр түрге тән хромосомалардың саны мен пішіні
өзгеріп отырады. Мысалы, адамда 46 хромосома бар. Әрбір хромосома екі
буыннан тұрады. Хромосоманың пішіні оның бірінші бөлімінің орналасуына
байланысты. Хромосома құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл, ақуыз әне
аздаған РНҚ болады. Әрбір асушалардағы ДНҚ ағзаға қажетті ақуыздың барлығын
синтездейтін ақпарат болып табылады. Гистон дегеніміз – хромосомада құрылыс
қызметін атқаратын ақуыз. Олардың: Н1, Н2а, Н2в, Н3 және Н4 сияқты бес түрі
болады. Қышқыл ақуыз хромосоманың қимылын, ДНҚ мен РНҚ ның синтезін,
ағзалардағы белгілерге жауап беретін ақуыздың қызметін атқарады.
Хромосомадағы РНҚ ядро мен цитоплазманың арасындағы байланысты қамтамасыз
етеді. Ол РНҚ- ның, ядроның бір немесе бірнеше бөлігінде қалыптасады.
Полигибридті будандастыруды талдаңыз.
Үш немесе онан да көп жұп гендері бойынша ажыратылатын ата-ана формаларын будандастыруда алынатын ажыраулардың дигибридті будандастыруда байқалған ажырау принциптерінен аса көп айырмашылығы жоқ, тек ол біршама күрделене түседі. Полигибридті будандастыруларда дигибридті будандастырулар сияқты ажырайды және тәуелсіз комбинациялану заңдарына бағынады, тек гетерозиготалы организм түзетін гаметалардағы гендердің әртүрлі үйлесімді сандары көбейе түседі, осыған сәйкес Ғ2 ұрпақтарының ішіндегі фенотиптік кластардың саны да арта түседі.
Мысалы, үшгибридті будандастыруларда тұқым қуалаудың қалай жүретінімен танысайық. Аллельдері бір-біріне толық доминанттылық көрсететін үш жұп гендері бар қызан (томат) өсімдігі белгілерінің тұқым қуалауын қарастырайық. Бойының биіктігін анықтайтын ген (А) аласалығын анықтайтын өзінің рецессивті аллельіне (а) доминанттылық көрсетеді. Сол сияқты жемісінің екі ұялы құрылысын анықтайтын ген (В) оның көп ұялы құрылысын анықтайтын өзінің рецессивті аллельіне (в) доминанттылық көрсетеді, ал жемісінің қызыл түсін анықтайтын үшінші ген (С) сары түсін анықтайтын өзінің рецессивті аллельіне (с) доминанттылық көрсетеді.
Таза сорттарға жататын бойы биік екі ұялы қызыл жемісті (генотипі ААВВСС) қызан өсімдігін бойы аласа көп ұялы сары жемісті (генотипі ааввсс) өсімдікпен будандастырғанда Ғ1-де генотипі бойынша гетерозиготалы (АаВвСс), ал фенотипі бойынша біркелкі бойы биік, екі ұялы қызыл жемісті ұрпақ алынады. Тәуелсіз комбинациялану заңына сәйкес гаметалар түзген кезде, олардың (Ғ1) үш жұп гендерінің әрқайсысының ажырауы қалған екі жұп гендердің ажырауынан тәуелсіз түрде жүреді. Осының нөтижесінде бірдей сандық қатынаста әртүрлі гаметалардың 8 сорты - (ABC, ABc, АвС, Авс, аВС, аВс, авС, авс) пайда болады. Бұл гаметалардың әрқилы үйлесуінен Ғ1 - де пайда болатын фенотиптік және генотиптік ажыраулардың сандық қатынасын білу үшін, дигибридті будандасуға жасалғандай етіп Пеннет торын құруға болады. Ондай тор 8x8=64 шаршылардан тұрады. Ол тордан 27:9:9:9:3:3:3:1 қатынасындай фенотиптік 8 класты, ал генотипі бойынша 27 түрлі генотипті табуға болады. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл үшгибридті будандастырудың нәтижесіндегі ажырауды бір-біріне тәуелсіз үш моногибридті ажыраулар көбейтіндісі ретінде де қарауға болады: (1/4 АА: 2/4 Аа: 1/4 аа) (1/4 ВВ: 2/4 Bb: 1/4 bb) (1/4 СС: 2/4 Сс: 1/4 сс) - генотиптері бойынша ажырау немесе (3/4 А-: 1/4 аа) (3/4 В-: 1/4 bb) (3/4 С-: 1/4 сс) = 27/64 А-В-С-: 9/64 А-В-сс: 9/64 А-ввС-: 9/64 ааВ-С-: 3/64 А-ввсс: 3/64 ааВ-сс: 3/64 ааввС-: 1/64 ааввсс -фенотиптері бойынша ажырау.
Жұп гендердің аллельдері бір-біріне толық доминанттылық көрсеткен жағдайда, жұп аллельдер санымен Ғ1 -дегі ажырау сипаты арасында тәуелділік бар екендігі байқалады.
Егер жұп аллельдер санын - n деп, гетерозиготада түзілетін гаметалар сорттарының санын – 2n деп, ал Ғ2 -ні фенотиптік кластардың санын – 2n деп, ал F2-дегі генотиптік кластардың санын – 3n деп белгілесек, онда үшгетерозиготада n=3 жұп аллель, оларда түзілетін гаметалар типінің саны 23 = 8 ал Ғ1 -де пайда болатын фенотиптік кластар саны 23 = 8, Ғ2 -де пайда болатын генотиптік кластардың саны З3 = 27 болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |