Фармакодинамикасы
Медовир – адам герпесінің вирустарына, оған қоса I және II типтегі (Herpes simplex I, II) қарапайым герпес вирусына, Эпштейн-Барр вирусына, цитомегаловирусқа және белдеулік теміреткі вирусына (Varicella Zoster) қатысты жоғарғы тежегіш белсенділікке иеленген вирусқа қарсы дәрі. Вируспен зақымданған жасушаға енуден кейін Медовир вирустық фермент тимидинкиназаның әсер етуімен ДНҚ-полимераза тежегіші болып табылатын және вирустық ДНҚ синтезін бөгеп, сол арқылы вирус репликациясын тоқтататын ацикловир-трифосфат белсенді қосылысы деңгейіне дейін фосфорлануға ұшырайды.
Бұл ретте Медовир адам жасушаларында өтетін қалыпты үдерістерге ықпал етпейді.
Қолданылуы
- қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу
- иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы
- нәрестелерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу
- желшешек вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу
- сүйек кемігін трансплантациялау кезінде реципиенттерде цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекциялардың алдын алу
Қолдану тәсілі және дозалары
Медовир 1 сағат бойы баяу көктамырішілік инфузия түрінде енгізіледі.
Әдетте препаратпен емделу ұзақтығы 5 күнді құрайды, қарапайым герпестен туындаған энцефалитті емдеу 10 күнді құрайды. Емдеу ұзақтығы пациенттің ахуалына және организмнің жүргізілетін емге жауабына байланысты өзгеруі мүмкін.
Ересектерге арналған препарат дозасы дене салмағына қарай есептеледі. Дене салмағы артық пациенттерге нақты көрсеткіштер бойынша емес, нақты дене салмағының индексі негізінде есеп жүргізу ұсынылады.
Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу
Ересектер:Ересектерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу (герпестік энцефалитті қоспағанда): әрбір 8 сағат сайын дене салмағының әр кг 5 мг.Ересектерде қарапайым герпес вирусынан туындаған энцефалитті емдеу: бүйрек функциясы бұзылмаған болса әрбір 8 сағат сайын дене салмағының әр кг 10 мг.
Балалар:3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған дозаны есептеу дене беткейінің аумағына қарай жүргізіледі.Балаларда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу (герпестік энцефалитті қоспағанда): әрбір 8 сағат сайын дене беткейінің әр м2 250 мг.Балаларда қарапайым герпес вирусынан туындаған энцефалитті емдеу: бүйрек функциясы бұзылмаған болса әрбір 8 сағат сайын дене беткейінің әр м2 500 мг. Бүйрек функциясы бұзылған кезде препарат дозасы бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығына байланысты түзетілуі тиіс.
Нәрестелер:Нәрестелерге арналған дозаны есептеу баланың дене салмағына қарай жүргізіледі.Нәрестелерде қарапайым герпестен туындаған инфекцияларды емдеу:Әрбір 8 сағат сайын дене салмағының әр кг 10 мг. Емдеу ұзақтығы әдетте 10 күнді құрайды.
Иммун тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасында (герпестік энцефалитті қоспағанда): әрбір 8 сағат сайын 250 мг/м2.Иммун тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусынан туындаған энцефалиттің профилактикасында: бүйрек функциясы бұзылмаған болса әрбір 8 сағат сайын 500 мг/м2. Бүйрек функциясы бұзылған кезде препарат дозасы бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлығына байланысты түзетілуі тиіс.
Профилактика ұзақтығы трансплантацияға дейін 5 күннен бастап және трансплантациядан соң 30 күнге дейінгі кезеңді құрайды.
Ересектерге: 8 сағат аралықпен тәулігіне үш рет 500 мг/м2.
Балаларға: 3 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған дозаны есептеу дене беткейінің аумағына қарай жүргізіледі. Шектеулі деректер цитомегаловирустық инфекцияның профилактика үшін 2 жастан асқан балаларда сүйек кемігін трансплантациялағаннан кейін препараттың ересектердегідей дозалары қолданылады деп болжайды.
Медовирді жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, сонымен қатар қарапайым герпес және желшешек вирустарынан туындаған инфекцияларды емдегенде егде пациенттерде қолдану
Егде жаста ацикловирдің жалпы клиренсі креатинин клиренсінің төмендеуімен қатар төмендейді, осыған байланысты дозаны түзету талап етілуі мүмкін.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда Медовирді ерекше сақтықпен тағайындау керек.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар үшін дозаны түзету креатинин клиренсіне негізделген – ересектер мен жасөспірімдер үшін мл/мин және сәбилер мен 13 жастан кіші балалар үшін мл/мин/1,73 m².
Сәбилер мен балалардағы дозаны түзету: 1–кесте
Достарыңызбен бөлісу: |