*Ескерту: автордың өз жұмысымен ұсынылады.
|
Қорытынды
Қорытындылай келе, тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен практика үрдісі кезінде кафедрада практикаға жауапты тұлғалар және кәсіпорындағы тағайындалған жетекшілер бізге қажетті әдістемелік көмек көрсетті. Практикамызды "Rixos" қонақ үйіне экскурсия жасаумен бастадық. Туризм саласы ең алдымен әдептілікке және жауапкершілікке байланысты болғандықтан, бізді қонақ үй "Front office manager"қызметкері өте жылы жүзбен қарсалып, керекті барлық міндеттерімізбен таныстырды. Біздің ой түйгеніміз, қонақ үй бизнесі әлемдегі ең бір құлдырауды білмейтін экономикалық сала екендігіне көз жеткіздік.
Оқу практикасының есебіне берілген тапсырмаларды орындай отырып, туризмнің барлық ерекшеліктерін жіктей білдік. Туризм саласына сипаттама жасай отырып, туризм саласы елімізде қазіргі таңда өзекті мәселе екенін және оны дамыту үшін барлық шаралар қарастырылып жатқанын түсіндік. Туристік саланы дамыту мемлекетаралық байланыстар мен мәдениетті күшейтуге, шетел валютасының ағынын ұлғайтуға, төлем теңгерімінің өсуіне, тауарлар мен қызметтер экспортын ынталандыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға, инфрақұрылымдық объектілерді салу мен қайта жаңартуға, сондай-ақ экономика салаларын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал етеді.
Туризм саласын сипаттаудан бөлек арнайы топқа берілген жеке тапсырманы топтағы мүшелермен бірлесе, ой бөлісе отырып орындадық. Бізге берілген жеке тапсырманың алғашқы тапсырмасы "Event индустрисына" байланысты болды. Тапсырма бойынша "Event" жайлы әдебиеттер тізбесін қарастырып, ол жайлы анықтамалар жазу болатын. Жеке тапсырманың келесі тапсырмасы Түркістан қаласындағы туристік объектілерге сипаттама жүргізу. Онда біз Түркістан қаласындағы объектілерге байланысты ақпараттарды нақты сипаттадық. Соңғы жеке тапсырмада біз Түркістан қаласындағы туристік орындарына Swot-талдау жасау болатын. Осы тапсырмада туристік орындардың артықшылықтарын, кемшіліктерін, мүмкіншіліктерін және қауіп-қатерлерін анықтадық.
Нәтижесінде, жан-жақты ақпараттар жинай отырып, оқу практикасының есебін аталған ережелерге сай етіп жасап, берілген есепті аяқтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |