Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет22/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Антивирустық бағдарламалар компьютерлік вирустардың жұқтыруын болдырмауға 
жəне вирустың жұғу салдарын жоюға арналған антивирус бағдарламаларының түрлері – 
Kaspersky Antivirus, DrWeb, Norton Antivirus.
 
Қатынастық 
бағдарламалар 
компьютерлер 
арасында 
ақпарат 
алмасуды 
ұйымдастыруға арналған.
Инструменттік бағдарламалық қамтамасыздандыру. Инструменттік БҚ немесе 
бағдарламалау жүйелері – бағдарламалау тілінде жаңа бағдарламаларды құруды 
автоматтандыруға арналған жүйелер. Таңдалған бағдарламалау тілінде бағдарламаны құру 
үшін келесі компоненттер болуы керек:
1) 
мəтін редакторлары – бағдарламаның бастапқы мəтіні бар файлды құру үшін;
2) 
компилятор немесе интерпретатор. бастапқы мəтін компилятор бағдарламысы 
арқылы, аралық объектінің кодына аударылады. Үлкен бағдарламаның бастапқы 
мəтіні бірнеше модульден тұрады. əрбір модуль объектінің кодымен жеке файлға 
компиляцияланады, содан кейін оны біріктіру қажет;
3) 
байланыс редакторы немесе жинаушы, ол объектілі модульдерді байланыстырып
шығысында жұмыс істеу қабілеті бар қосымшаны – орындалатын кодты құрады. 
Орындалатын код – бұл жұмыс істеу қабілеті бар, толық бағдарлама, операциялық 
жүйе орнатылған кез-келген компьютерде іске қосылуы мүмкін. əдетте, бұл 
файлдардың кеңейтуі *.EXE немесе *.COM болады.
Соңғы кезде, Windows қосымшаларын құруға бағытталған бағдарламалаудың визуалды 
əдісі (сценарийлерді сипаттау тілін қолдана отырып) кеңінен таратылды. Бұл процесс 
жылдам жобалау орталарында автоматтандырылған. сонымен қатар, арнайы редакторлар 
көмегімен бапталған дайын визуалды компоненттер қолданылады.


23 
Бақылау сұрақтары: 
1. Бағдарламалық жасақтама деген не? 
2. ОЖ-нің функциясы қандай? 
3. Келесілерді мысалмен келтір: Бір пайдаланушының OЖ, Көп пайдаланушының OЖ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет