35
ерікті граф түрінде бейнелеу мүмкіндігін беріп, иерархиялық деректер моделін жинақтайды
(3-сурет). Желілік ДБ концепциясының толық сипаттамасы алғаш рет кодасил (KODASYL)
тобының ұсыныстарында баяндалған. Желі ДБ-ның схемасын сипаттау үшін екі топ типтерді
қолданылады: «жазба» жəне «байланыс», «байланыстың» типі «жазбаның» екі типі үшін
анықталады: баба жəне ұрпақ. «Сілтеме» типінің айнымалылары
байланыс данасы болып
табылады.
3 - сурет. Желілік модельдегі байланыстар
Желі ДБ жазбалар жиынынан жəне тиісті байланыс жиынынан тұрады. Байланыстың
қалыптасуына арнайы шектеулер қойылмайды. Егер иерархиялық
құрылымдарда ұрпақ-
жазбада тек бір баба жазбасы болуы мүмкін болса, ал желілік деректер моделінде ұрпақ-
жазбада баба-жазбаларының (өгей бабалардың) ерікті саны болуы мүмкін. Қарапайым
желілік ДБ схемасының мысалы 4-суретте көрсетілген. мұнда
байланыс типтері жазба
типтерін қосатын тізбекте жазулармен белгіленеді.
4 - сурет. Желілік ДБ схемасының мысалы
Реляциялық модель
Реляциялық деректер моделін IBM қызметкері Эдгар Коддом ұсынды жəне ол қатынас
(relation) ұғымына негізделген. Қатынас – бұл кортеждер
деп аталатын элементтер
жиынтығын білдіреді. Қатынасты бейнелеудің көрнекті пішіні – бұл əдеттегі екі өлшемді
кесте (1-кесте).
Аты-жөні
Табельдік
нөмірі
Хусаинов Р.Т.
562001
Иволгина Т.В.
573802
Кошербаев
Е.Т.
562312
Исанов Н.Р.
562215
1-кесте. Реляциялық кестенің мысалы
Кестеде қатарлар (жазбалар) мен бағананалар (өрістер) бар. Кестенің əр қатарының
құрылымы бірдей жəне ол өрістерден тұрады.
Кестенің қатарына кортеждер, ал
бағананаларға – қатынастар атрибуттары сəйкес келеді. Жалғыз кестенінің көмегімен
деректер арасындағы қарапайым байланыс түрін сипаттау ыңғайлы, атап айтқанда, өзі туралы
ақпарат кестеде сақталатын, бір объектіні (құбылыс, мəні, жүйелер жəне т.б.),
олардың
əрқайсысына кестенің қатары немесе жазбасы сəйкес келетін бағыныңқы объектілер
жиынтығына бөлуге болады. Бұл жағдайда əрбір бағыныңқы объектінің жазба өрістерінің
сəйкес мəндерімен сипатталған бірдей құрылымы немесе қасиеттері бар.
Бір кесте шеңберінде тым күрделі логикалық деректер құрылымдарын сипаттау мүмкін
болмайтындықтан, кесте аралық байланыстарды қолданады (5-сурет).
36
5- сурет. Кестелерді байланыстыру мысалы
Кестелердің арасында бинарлық (екі кесте арасында), тернарлық (үш кесте арасында)
жəне,
жалпы жағдайда, жұптасқан байланыстар орнатуға болады. жиі кездесетін бинарлық
байланыстарды қарастырайық. екі кестені байланыстыру кезінде негізгі жəне қосымша
(бағынашты) кестелерді ерекшелейді.
Негізгі жəне қосымша кестелердің байланыс өрістерінің қалай анықталғанына байланысты
(кілттік өрістерінің байланыс өрістерімен ара-қатынасы бойынша), екі кесте
арасында, жалпы жағдайда, келесі төрт негізгі байланыс түрі орнатылуы мүмкін: бірден –
бірге (1:1); бірден – көпке (1:M); көптен – бірге (M:1); көптен – көпке (M:M немесе M:N).
Достарыңызбен бөлісу: