Дəріс 19.
Бұлтты жəне мобильді технологиялар.
Мақсаты: бұлтты есептеу технологияларының пайда болуына əкелген аппараттық
қамтамасыз ету саласындағы қазіргі тенденцияларды талдау.
Жоспар:
1. Дата орталықтар.
2. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидаттары.
3. Виртуалдау технологиясы. Бұлтты Web-қызметі.
Бұлттық технологиялардың жалпы анықтамасы
«Бұлттық есептеулер» (Cloud Computing – сс) термині ат нарығында 2008 жылдан бері
қолданылып келеді. Бұлттық есептеулерді құрастырушылар оларды, қызметтерді
жеткізушілерді басқару сервисі түрінде интернет арқылы серпінді қарқындағы есептеуші
ресурстарды жəне қосымшаларды ұсынатын, инновациялық технология ретінде анықтайды.
Егер түсінікті тілмен жеткізетін болсақ, онда – бұл белгілі бір мағынада пайдаланушының
интернеттегі, нақтырақ айтқанда қашықтықта орналасқан сервердегі жұмыс алаңы.
1-сурет. Бұлттық технологиялар
Барлық айырмашылық мəліметтерді сақтау мен өңдеу əдістерінен ғана тұрады. Егер
барлық амалдар пайдаланушының (оның күштерін қолдану арқылы) компьютерінде
жүзеге асатын болса, онда бұл – «бұлт» емес, ал егер үрдіс желі серверінде орындалса, онда
бұл «бұлттық теххнология» деген атаумен қабылданған технологияның дəл өзі. Басқаша
айтқанда, бұл пайдаланушыға өз мақсаттарын, міндеттерін, жобаларын жүзеге асыру үшін
интернет-сервистерді ұсынатын, əр түрлі аппараттық, бағдарламалық құралдар,
əдістемелер мен аспаптар.
Бұлттық технологиялардың ұсынатын қызметтері
Бұлттық есептеулерді, əдетте aaS – «as a Service» сөзі ретінде, яғни «қызмет ретінде»
немесе «қызмет түрінде» атау қабылданған. Қазіргі кезде, концепция өз
пайдаланушыларына қызметтердің келесі түрлерін көрсетуді жоспарлайды:
1)
Достарыңызбен бөлісу: |