Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет83/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Мультимедианы қолдану
 
Мультимедиа – жарнама, өнер, білім беру, көңіл көтеру индустриясы, техника, медицина, 
математика, бизнес, ғылыми зерттеулер мен кеңістіктік уақытша қосымшалар жəне 
адамдадың қатысуымен болатын басқа да ақпараттық үрдістерді қоса алғанда, əр түрлі 
облыстардаөз қолданысын табады.
Білім беру. Білім беруде мультимедиа энциклопедия жəне жинақтар сияқты компьютерлік оқу 
курстары мен анықтамалықтарын құру үшін қолданылады. Оқу курстары пайдаланушыға 
презентациялар сериясы, тақырыптық мəтін жəне онымен байланысқан əр түрлі форматтардағы 
ақпаратты ұсыну арқылы өтуге көмектеседі.
Өнеркəсіп. Өнеркəсіптік секторда мультимедианы акционерлер, басшылар мен 
ұжымдастар үшін ақпаратты презентациялау тəсілі ретінде қолданады. Мультимедиа, 
сондай-ақ, шектеусіз веб-технологиялардың көмегімен əлем бойынша өнімді сату мен 
жарнамалауда, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыруда өте пайдалы. Томография 
технологиясымен біріктірілген компьютерлік графика пайдалы қазбалардың шығу жерлерін 
ашуға, басқа тəсілдермен мүмкін болмайтын техникалық объектілердің ішкі жағдайын 
зерттеуге мүмкіндік береді.
Математикалық жəне ғылыми зерттеулер. Математикалық жəне ғылыми зерттеулерде 
мультимедиа, көбінесе, үлгілеу мен симуляциялау үшін қолданылады. Мысалы: ғалым 
қандай да бір заттың молекулярлық үлгісіне қарап жəне басқа затты алу үшін қулыққа баруы 
мүмкін. Үлгілік зерттеулерді Journal of Multimedia секілді журналдардан табуға болады.
Медицина. Дəрігерлер де виртуалды операциялардың көмегімен немесе вирустар мен 
бактериялар арқылы таралған жұқпалы аурумен ауырған адам денесінің симуляторларының 
көмегімен дайындықты ала алады. Томографиялық технологиямен бірге мультимеданың 
графикалық құралдары арқылы адам денесін, оның органдарын тиімді зерттеуге болады.
Виртуалды əлем мен анимацияның 3-D көрінісі
 
Виртуалды 
шынайылық 
(жасанды 
шынайылық, 
электрондық 
шынайылық, 
шынайылықтың компьютерлік үлгісі, virtual reality, R, 3D virtual reality) – адамның қалғитын, 
жасанды құрылған əлем.
Алайды, виртуалды əлемге түсе отырып, ол жасанды құрылған 
кеңістікте екенін түсінеді, яғни адам шынайылықты виртуалдық түрден айыра алатын 
жағдайда.
Виртуалды əлемді құру үшін, виртуалды реакция технологиясын қолдану кезінде 
виртуалды шынайылық жүйелер, 3D дисплейлер/ мониторлар, арнайы көзілдіріктер
виртуалды шынайылық шлемдері мен арнайы бағдарламалық қамтама пайдаланылады (1-
сурет).


92 
1-сурет. VR интерактивті технологияларын қолдану
 
 
Виртуалды шынайылық əр түрлі бизнес-сегменттерді қызықтыруда: тауарлар мен 
қызметтердің презентацияны, тұтынушылық, коммерциялық нарықтар, ойын-сауық нарығы. 
Виртуалды шынайылық жүйелерін, өзіне қажет тауарды сатып алушының өзі интерактивті 
құру мүмкіндігі арқылы виртуалды сөрелер ретінде қолданады, көрерменнің қатысуға толық 
қиялын құрайды. монитордың экранында көрерменнің барлық жағынан 360 градусқа шармен 
қоршалған, интерактивті, виртуалды 3D – сурет құрылады (2-сурет).
Виртуалды тур ақпаратты көрсетудің ең тиімді жəне сенімді тəсілдерінің бірі болып 
табылады, өйткені ол виртуалды қызықтыратын 3D саяхат жасауға мүмкіндік береді жəне 
2-сурет. «Қазақстан бойынша виртуалды турлар» сайтының басты беті
 
3D виртуалды турлардың көмегімен көрерменге кеңсенің, дүкен мен көрменің сыртқы 
көрінісін көрнекі түрде көрсетуге, оған сатылымға қойылған үйдің немесе автомобильдердің 
ішкі жəне сыртқы жағынакөрсетуге, мұражайлар мен көрмеоердің əр түрлі залдары бойынша 
жүрігу, туристік саяхаттың негізгі көрікті жерлерін көрсетуге болады. Виртуалды 3D тур, 
сондай-ақ оның жеке 3D-көріністері өзіне Flash-анимацияны, дыбыстық сүйемелдеуді жəне 
басқа мультимедиалық элементтерді құрауы мүмкін, сонымен қатар гипермəтін арқылы 
сайттың бөлімдеріне тікелей байланысты болуы мүмкін.
Виртуалды сфералық 3D көріністі сайтта толықтырулар немесе презентациялар 
немесе дербес промо сайт түрінде орналастыруға болады.
Интернет желісі бойынша турларды қарау, əдетте, FLASH плеер орнатылған 
браузерде жүзеге асырылады. кішігірм өлшемдегі, Web кеңістікке бағытталған виртуалды 
турлар жылдам жүктеледі. CDнемесе DVD дискке жазылатын виртуалды турлар өз 
өлшемдеріне қатал талаптармен қойылмайтын жəне турлардың арнайы шолушысының 
көмегімен қаралады, олар жоғарғы сапалы фотокөріністерді құрауы мүмкін, жəне сондықтан 
ерекше көзтарталық.


93 
Виртуалды турлар қазіргі кезде бүкіл əлемде өте əйгілі. Бұл жаңа клиенттерді тарту 
арқылы, нарықтағы көшбасшы ахуалды сақтау мен дамытуға ұмтылатындар үшін міндетті 
атрибут болды. Қазақстанда кейбір компаниялар мен мекемелердің осындац үшөлшемді 3D 
көріністері бар. Мысалы, http://almaty3d.kz сайтында алматы қаласы бойынша виртуалды 
турлардың каталогы көрсетілген (3-сурет).
3-сурет. Almaty 3D сайты
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет