Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет96/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

GPS/ГЛОНАСС негізіндегі сервис смартфонның немесе GPS-трекердің көмегімен 
қызметкерлердің, автомобильдердің жəне кез келген басқа да объектілердің қозғалысын 
бақылауға мүмкіндік береді. USSD-сұраныс арқылы қоғамдық көлікті (автобус, троллейбус, 
трамвай) күту уақытын білуге мүмкіндік беретін қызмет. Ұялы телефонның шотынан 
қаланың ақылы тұрақтардағы автомобильдің тұрақ орнын төлеуге мүмкіндік беретін 
қызмет. Соңғы кездері баланың қауіпсіздігі туралы қашықтықтан бақылауға мүмкіндік 
беретін, балалардың спутниктік мониторинг жүйесі көп сұранысқа ие болуда.
6) 
«Smart мектеп» – бұл платформа электрондық күнделіктер мен журналдардың 
заманауи қызметін қолдану мүмкіндігін ұсынады. Бұл сервис қазіргі кезде Қазақстанның 
(Астана, Алматы, Өскемен жəне т.б.) ірі қалаларының мектептерінде қолданылуда. Мұндай 
технологияның қолданылуы білім алушыларды ынталандыруды жоғарылатады, əр түрлі 
анықтамалық жүйелерге, электрондық кітапханаларға жəне басқа да ақпараттық 
ресурстарға қолжетімділікті ұсынады. Əрбір білім алушы, өзінің планшетінде жұмыс істей 
отырып, ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие. Smart- қоғамның құрылуы ғаламдық тенденция 
болып табылады жəне көбінесе білім беруді дамыту деңгейіне байланысты. Қазақстанда 
білім беру үрдісінде қолданылатын жаңа технологиялар туралы, ұлттық деңгейде «E-
Learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша қызметке бастама берген, ҚР 
Президентінің 2010 жылдың 7 желтоқсандағы «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасындағы білімді дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын мақұлдағаннан бастап 
белсенді айтыла бастады.
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Smart сервистер дегеніміз не? 
2. 
Жасанды интеллек ұғымы?
3. 
Жасанды интеллект жүйелерін тұрғызу тəсілдері?
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук Е.В., Шпак А.В., Кольева Н. С. ИНФОРМАЦИОННЫЕ КОММУНИКАЦИОННЫЕ 
ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 2020.- 108 с. 
https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, 


106 
COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages,NurpeisovaT.Kaidash 
ICT,Almaty, Bastay 2017 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет