Білім беру бағдарламасы бойынша тыңдаушының ОҚыту нәтижелерін арттыру курстарындағы жұмыс дәптері түсіндірме жазба



бет1/25
Дата28.09.2023
өлшемі2.26 Mb.
#479073
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Рабочая тетрадь КАЗ. ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКА каз


«TALAP» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ







«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту»
бейіні
«0713 Электротехника және энергетика,
0714 Электроника және автоматтандыру»
білім беру бағдарламасы бойынша


ТЫҢДАУШЫНЫҢ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫНДАҒЫ
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ


Түсіндірме жазба

Жұмыс дәптері тыңдаушыларға арналған және осы курстардың бағдарламасына сәйкес әзірленген. Жұмыс дәптері тыңдаушыларға дәріс және тәжриебелік сабақтарға дайындалуға және бар білімдерін тереңдетіп және жүйелеуге арналған. Жұмыс дәптері студенттердің өз бетінше практикалық іс-әрекетпен айналысуына мүмкіндік беретін тәжірибеге бағытталған тапсырмалары бар белсенділік әдісі негізінде құрастырылған.


Жұмыс дәптерінің мақсаты: ТжКБ ұйымдары педагогтарының бейіндік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзіндік педагогикалық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруда кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша курстық жұмыс кезінде іс қағаздарын жүргізу және практикалық тапсырмаларды орындауға негізделген.
Жұмыс дәптері біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының тарауларына сәйкес тақырыптарға бөлінген және оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады және дәріс материалымен тығыз байланыста қолданылады. Жұмыс дәптерінің соңында, тыңдаушыларға арналған өз бетімен орындауыға тиіс қорытынды тапсырмалар бар. Тапсырмалар тыңдаушылармен жеке, жұппен, топпен де жұмысты ұйымдастыруға арналған. Әр тапсырманы орындағаннан кейін тыңдаушылар қорытынды жасап, сонымен қатар бұл алған білімдерін қорытындылауға көмектеседі. Курсты меңгергеннен кейін тыңдаушылар жұмыс барысында жасалған ескертулерді, бақылауларды, қорытындыларды, ұсыныстарды пайдалана алады, оларды өз тәжірибесін талдау және жалпылау үшін қолдана алады, кәсіби қызметін жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет