Білім беру бағдарламасы «Физика» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып



бет1/7
Дата21.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#150939
  1   2   3   4   5   6   7


«НАЗАРБАЕВ Зиярткерлік мектептері»

Дербес білім беру ұйымы

Педагогикалық өлшеулер орталығы


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

«Физика» пәні бойынша тест спецификациясы
10-сынып

АСТАНА 2015п



Мазмұны


1 Мақсаты 3

1.1 Халықаралық стандарттарымен өзара байланысы 3

1.2 Зияткерлік мектептеріндегі оқу бағдарламасымен өзара байланысы 3

1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен (КБКМ) өзара байланысы 3

2 Бағалауға шолу 4

2.1 Бағалау міндеттері 4

2.2 Калькуляторды қолдану 5

2.3 Формулалар мен деректер 6

3.1 1-емтихан жұмысы 7

3.2 2- емтихан жұмысы 8

3.3 Балдарды үлестіру 8

3.4 Бағалауды өткізу тілі 8

4 Емтихан өткізу үрдісін басқару 9

Осы Нұсқаулық барлық оқушылар, мұғалімдер, кезекшілер және менеджерлер емтихан өткізілуінің әділдігіне көз жеткізуі үшін, барлық мектептердегі емтихандардың стандартты түрде өткізілуіне кепілдік береді. 9

5 Балдарды қою 9

6 Бағаларды қою үрдісі 10

6.1 Бағалар дескрипторы 10

7 Сұрақтар үлгісі 12

7.1 1-емтихан жұмысы: А бөлімі сұрақтар үлгісі 12

1-емтихан жұмысы: В бөлімі сұрақтар үлгісі 14

7.2 2-емтихан жұмысы: Сұрақтар үлгісі 21



1Мақсаты

Назарбаев Зияткерлік мектептердегі (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) сыртқы бағалау – оқушылардың жиынтық бағалауда алған білімі мен біліктілігін, дағдыларын халықаралық деңгейде қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттың талабына сай өткізіледі. Емтихан нәтижесінде оқушылар бүкіл ел көлемінде, ал болашақта бар әлемде танылатын біліктілікке ие болады.

Бағалау мақсаты – оқу үрдісінде оқушының алған білімі мен біліктілігін, сондай-ақ мәселелерді шешу үшін жоғары деңгейде ойлауды және аналитикалық қабілеттерін қолданып, 21 ғасырдың жаһандану жағдайында пәндік дағдыларды пайдалана білуін анықтау.
Зияткерлік мектептеріндегі қосымша бағалау мақсаттары:


  • жоғарғы білім беру, үздіксіз білім беруді немесе конкурстық іріктеу негізінде жұмысқа орналасуды қалыптастыру;

  • бағалаудың дұрыс тәсілдерін жақсартуды қамтамасыз ету;

  • белгілі бір уақыт аралығында стандартты мониторигілеу үшін тиімді ақпараттарды ұсыну.

1.1Халықаралық стандарттарымен өзара байланысы


Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырмалы түрде құрастырылған. 10-сыныптағы «Физика» пәні бойынша бағалау Ұлыбританияның Ұлттық Біліктілік жүйесіндегі (UK National Qualifications Framework) 2 орында тұрған Cambridge International IGCSE халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.


1.2Зияткерлік мектептеріндегі оқу бағдарламасымен өзара байланысы

10-сыныптың жиынтық бағалауы 9 және 10 сыныптағы «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды және оқушылардың білімдері оқу бағдарламасы аясындағы күтілетін оқу нәтижелерімен анықталады.



1.3Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен (КБКМ) өзара байланысы

Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бөлігі болып табылады, осы моделге сондай-ақ қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.





Осы құжаттағы бағалау міндеттері «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының және оқу мақсаттарының мазмұнын көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау да оқу мақсаттарына негізделген, бірақ оқушылардың біліктілігін біршама басқа түрде тексереді.



2Бағалауға шолу

Барлық оқушылар екі емтихан жұмысын орындайды.




1-емтихан жұмысы

90 минут

Берілген жұмыс А және В екі бөлімнен тұрады. Барлық сұрақтар міндетті болып табылады.

А бөлімі көп жауап таңдауы бар 25 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа жауаптардың төрт нұсқасы беріледі. Оқушылар соның ішінен біреуін таңдауы тиіс.
Сұрақтар оқушылардың пәннің мазмұнын білу мен түсіну, ақпаратты қолдау, өндеу және бағалау қабілетін тексереді. Оқушыларға емтихан жұмысының А бөлімін орындау үшін 30 минуттан артық уақыт берілмейтіні туралы ескерту қажет.

В бөлімі 6-9 құрылымдық сұрақтардан тұрады.

Жұмыс әртүрлі балл берілетін құрылымдық тармақтарының саны өзгеріп тұратын сұрақтардан тұрады. Тапсырманың сұрақтарын орындау оқушының білімін және ақпаратты өңдеу, қолдану және бағалау біліктілігін бағалайды.

Оқушыларға емтихан жұмысының В бөлімін орындау үшін 60 минуттан артық уақыт берілмейтіні туралы ескерту қажет.



Барлық балл санының 70% -ы

90 балл




2-емтихан жұмысы

75 минут

Оқушыларға берілген емтихан жұмысы физиканың әр түрлі тарауларынан екі немесе үш тәжірибе жасаудан тұрып, тәжірибе мен бақылау жасау дағдыларын қамтиды. Оқушылардың тәжірибелік дағдыларын білу және түсіну, сонымен қоса жоспарлау, бағалау, талдау және бағалау қабілеттерін тексереді.

Барлық балл санының 30% -ы

40 балл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет