Білім беру бағдарламасы «Физика» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып



бет3/7
Дата21.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#150939
1   2   3   4   5   6   7

3.3 Балдарды үлестіру

Әрбір емтихан жұмысының бағалауы мен балл үлестірілуі кестеде берілген.




Бағалау міндеттері

1-емтихан жұмысы

2-емтихан жұмысы

БАРЛЫҒЫ

БМ1

51

2

53 (40%)

БМ2

39

10

49 (38%)

БМ3

0

28

28 (22%)

Барлығы

90 (70%)

40 (30%)

130 (100%)

Бұл кестеде 1-емтихан жұмысын БМ1 және БМ2 бағалау міндеттері бойынша және 2-емтихан жұмысында барлық бағалау міндеттері бойынша балдарды үлестіріуі туралы ақпарат көрсетілген. Әр емтихан жұмысындағы балдардың дәл үлестіріуі кестеде көрсетілгеннен біршама өзгеше болуы мүмкін.



3.4 Бағалауды өткізу тілі


Бағалау тілі – орысша немесе қазақша.

4 Емтихан өткізу үрдісін басқару

Бағалау үрдісі емтиханды өткізу ережелерінің, материал қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының және бағалардың валидтілігін қатаң сақтай отырып, өткізілуі қажет. Зияткерлік мектептерде емтихандарды өткізу бойынша ПӨО нұсқаулық шығарған. Ол төмендегілерді қамтиды:



  • емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;

  • әкімшіліктің, кезекшілер және мұғалімдердің міндеттері;

  • емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;

  • жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;

  • курстық жұмыстарды тіркеу рәсімін сипаттау;

  • курстық жұмыстарды модерациялау рәсімін сипаттау;

  • емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімін сипаттау;

  • балл қоюға арналған материалдармен қоса, емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдерді сипаттау.



Осы Нұсқаулық барлық оқушылар, мұғалімдер, кезекшілер және менеджерлер емтихан өткізілуінің әділдігіне көз жеткізуі үшін, барлық мектептердегі емтихандардың стандартты түрде өткізілуіне кепілдік береді.

5 Балдарды қою

Балдарды қою схемасы емтихан сұрақтарымен бір уақытта құрастырылады.

Балдар оқушылардың емтихан жұмысының жауап парақтарында бір орталықта қойылады. Емтиханшы-сарапшылар оқушылардың емтихан жұмыстарында немесе олардың көшірмелерінде балдарды қояды. Емтиханшылардың емтихан жұмыстарын тексеруге қажетті деңгейіне сәйкес оқушылармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек. Емтиханшыларға қойылатын негізгі талаптар: пән бойынша құзіреттілігі және үш жылдық оқыту тәжірибесі. Емтиханшылар өздерінің міндеттерін қажетті деңгейде атқару үшін арнайы нұсқама алады.

Емтиханшылар балл қою қағидаларын түсініп, балл қою схемаларын қолдану мысалдарымен таныстырылуы тиіс және осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы керек. Егер емтиханшылар біреуден артық болса, онда емтиханшылардың балл қою схемасын бірдей қолдануын қамтамасыз ету үшін балл қоюды стандарттау қажет. Жұмыстарды тексеру алдында сынама балл қою өткізіледі. Емтиханшылар жұмыстарды тексеруін іске асыру және өз шешімдерін негіздей алуы үшін оларды бағалауды басқарудың қажетті процедураларына үйретеді. Емтиханшылар бағаларды стандарттау үрдісінен өтпегенше, оларға балл қоюға рұқсат етілмейді.

Барлық емтиханшылар стандарттау үрдісінде белгіленген балл қою сызбасының бірдей нұсқасын пайдаланады.

Қателерді немесе балл қою схемасының дұрыс қолданылуынан ауытқушылықты анықтау мақсатында емтихан алушының жұмысы мұқият тексеріліп тұрады.



6 Бағаларды қою үрдісі

Бағалау нәтижелері әр оқытылған пән үшін қойылған баға ретінде ұсынылады. Оқу жетістіктері келесі деңгейлерге бөлінеді: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* оқу жетістігінің ең жоғарғы, ал E – ең төменгі деңгейі болып табылады.

U деңгейі (қанағаттанарлық емес) үміткердің пәнді меңгермегенін білдіреді.

Оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі әрбір емтихан жұмысының бағаларымен өлшенбейді, ал барлық емтихан жұмыстары бойынша алған жалпы балдан (бекітілген спецификацияға сәйкес қойылған) тікелей есептеледі.

Емтихан жұмысының сұрақтары дайындалғанда, құрастырушылар өткен жылдардағы сұрақтардың күрделілік деңгейін ескеруі тиіс. Бірақ тәжірибе негізінде сұрақтардың күрделілігін оқушылар емтихан тапсырмағанша өлшеуге болмайды. Сондықтан өткен жылы оқушыға қойылған бағалар осы жылмен салыстырғанда ескерілмейді. Емтихан жұмысына қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін; балл қою да қатаң немесе жеңіл бола алады. Осы және тағы да басқа факторлар оқушының балдары бағаға көшірілгеннен бұрын ескерілуі тиіс.
Демек, емтихан жұмыстары тексеріліп балл қойылғаннан соң бағалау үрдісі әр бағалаудың шектерін орнату үшін әр пән бойынша орындалуы тиіс (курстық жұмыс немесе практикалық жұмыстарды қоса). Оқушы сұраққа жауап беріп баға алу үшін кем дегенде берілген бағаның ең төмен баллын алу қажет. Орнатылған спецификациялар бойынша бағалардың шек көрсеткішін белгілеудің бірінші мақсаты өткен жылғы стандарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Ал жаңа спецификациялардағы мақсат болжанған стандартты орнатып, болашақ сессияларда осы стандартты пайдалану болып табылады
Бағалардың шек көрсеткіші екі категорияға бөлінеді: пайымдап қарастырылатын және арифметикалық. Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері статистикалық дәлелдер мен кәсіби пайымдаудың қосындысы арқылы жүзеге асырылады. Бағалардың арифметикалық шек көрсеткіші арифметикалық ережелерді қолдану арқылы қойылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі. Бағаларға берілетін дескриптордың қолдану себебі білім, түсінушілік және дағдылар осы баға арқылы ерекшеленеді және B мен D бағалары континуумда тұрады. Бұл Кембридж баға жүйесімен сәйкес келеді және Зияткерлік мектептерге халықаралық тану мен тусінуге жол береді.
Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері белгілеу үрдісі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан шекаралық балды Біліктілік ұйымы анықтайды. Егер бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері бекітілсе, онда арифметикалық шек көрсеткіштері де саналуы мүмкін. В арифметикалық шек көрсеткіші А мен С арасындағы көрсеткіші, сондай-ақ D көрсеткіші С мен Е арасындағы арифметикалық шек көрсеткіш болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет