Білім беру бағдарламасы «Физика» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып



бет2/7
Дата21.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#150939
1   2   3   4   5   6   7

2.1 Бағалау міндеттері





БМ1

Білу және түсіну

Оқушылар:

• ғылыми феномен, фактілер, заңдар, анықтамалар, тұжырымдамалар мен теорияларды

• ғылыми лексика, терминдер, шартты белгілерді (соның ішінде белгіленулер, шамалар және өлшем бірліктерді)

• ғылыми құрал-жабдықтар қолданысын пайдалану және қауіпсіздік ережелерін ескеруді

• ғылыми шамалар мен олардың анықтау тәсілдерін

• әлеуметтік, экономикалық және экологиялық нәтижелерді назарға ала отырып ғылым мен технологияны қолдануды білуі тиіс.
Физика пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың еске түсіруіне және түсіндіруге тиіс нақты білімдерін анықтайды.
Бұл критерийлер бойынша жауап беретін сұрақтар келесі сөздерден басталады: анықтаңыз, тұжырымдаңыз, сипаттаңыз немесе түсіндіріңіз.


БМ2

Ақпаратты өңдеу және тапсырмаларды орындау

Оқушылар сөзбен немесе басқа жазбаша пішінінің (белгілер, графикалық және сандық) қолданылуын білуі тиіс:

түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды анықтау, таңдау, жүйелеу және көрсете білуді

• ақпаратты әр түрлі формада беруді

• сандармен және басқа берілген нәтижелерді түрлендіре алуды

• жүйені анықтау үшін, тенденцияны айқындау және қорытынды шығару үшін ақпаратты қолдануды

• болжамдар жасау және гипотезалар/жорамалдар шығаруды

• білімдерін жаңа жағдайларда қолдануды

• ақпарат және гипотезаларды бағалауды

• физикалық теориялар мен моделдердің шектеулі екенін білетіндігін көрсетуі тиіс.


Оқушыларға ақпарат үшін берілген сұрақтардың тексерілетін дағдылары белгісіз болуы мүмкін. Оқушылар жауаптарында оқу бағдарламасында берілген тұжырымдамалар мен қағидаларды пайдаланып, оларды жаңа жағдайларда логикалық, дәйекті немесе дедуктивті жолмен қолдана білуі тиіс.
Бұл критерийлер бойынша жауап беретін сұрақтар келесі сөздерден басталады: болжаңыз, шамалаңыз, қорытынды жасаңыз, есептеңіз немесе анықтаңыз.

БМ3

Тәжірибе мен бақылау жүргізу дағдылары

Оқушылар міндетті:




  • құрал-жабдықтарды және материалдарды қалай пайдаланудың амал-тәсілдерін білуі (мүмкіндігінше нұсқаулық бойынша)

  • өлшеулер мен жуық есептеулер жүргізу және бақылауларды жазуы (алынған мәліметтер бойынша кестені толтыруы, графиктер мен сызбаларды қоса алғанда)

  • тәжірибе аумағында алынған бақылаулар мен нәтижелерді түсіндіруі және бағалауы (қорытынды жасау үшін)

  • зерттеулерді жоспарлауы, әдістерді бағалауы және тәжірибені жасаудың жақсарту жолдарын ұсынуы (оның ішінде әдіс, құрал-жабдықтар мен материалдарды таңдауы) тиіс.

2.2 Калькуляторды қолдану

1, 2 - емтихан жұмыстарында калькуляторды қолдануға рұқсат беріледі.


Калькулятор:

• өлшемі қолдану үшін қолайлы;

• батарея немесе күн батареялары негізінде жұмыс істейтін;

• қақпақсыз, қаптамасыз болу, формулалар және нұсқаулық мәліметтері жабындарында жапсырылмауы керек.

Оқушы:

• калькулятордың электр көзі үшін;



• калькулятордың жұмыс істеу жағдайына жауапты.

Келесі функциялары бар калькуляторды пайдалануға тиым салынады:

• аудару;

• алгебралық амалдарды орындау;

• дифференциалдау немесе интегралдау;

• басқа құрылғылар немесе ғаламтормен байланысы.

Калькуляторда жеңіл шығарылатын ақпараттар болмауы керек, оның ішінде:

• деректер қоры;

• сөздіктер;

• математикалық формулалар;

• мәтіндер.

2.3 Формулалар мен деректер

Емтихан тапсыру кезінде оқушылардың емтихан жұмыстарының алғашқы бетіндегі формулалар мен деректер тізіміне көңіл бөлуі қажет. Оның ішінде оқушылар оқу бағдарламасы бойынша кездескен, бірақ есте сақтауды қажет етпейтін формулалар және деректер берілген.



3 Емтихан жұмыстарының сипаттамасы
Оқушыларға 2 емтихан жұмысы беріледі.

1 -емтихан жұмысы сұрақтар жинағы түрінде, ал 2-емтихан жұмысы практикалық жұмыс болып табылады. 1-емтихан жұмысында БМ1 және БМ2 бағаланады. 2-емтихан жұмысында БМ3 бағаланады.




3.1 1-емтихан жұмысы

Оқушыларға 90 балмен бағаланатын емтихан жұмысын орындау үшін 90 минут беріледі. Барлық сұрақтардың орындалуы міндетті болып табылады.

Бұл жұмыста сұрақтар БМ1 және БМ2 бағалау міндеттеріне сәйкес келеді: 9 және 10 сыныптардың физика пәнінің оқу бағдарламасын оқушылардың білуі, түсінуі және олардың ақпаратты өңдеу, қолдану және бағалау біліктілігі бағаланады.



Бағалау міндеттері

Балдар

Сипаттамасы

БМ1 (57%)

БМ2 (43%)

БМ3 (0%)


51

39

0



А бөлімі

Бұл жұмыс әрқайсысында төрт жауап нұсқасы (A-D) бар 25 сұрақтан тұрады.


В бөлімі

Бұл сұрақтар жауаптың түрлі тәсілдері мен амалдарын талап етеді: бір сөзді жауап; қысқаша сипаттамалар және анықтамалар, күрделі және көлемді негізделген пайымдаулар, кесте құру немесе толтыру, график сызу және түсіндіру, графиктер сызбасын құрастыру.




БАРЛЫҒЫ

90





3.2 2- емтихан жұмысы


Оқушыларға 2 немесе 3 сұраққа жауап беру үшін 75 минут беріледі. Жұмыс максимал 40 балмен бағаланады. Барлық сұрақтардың орындалуы міндетті болып табылады. Бұл жұмыста сұрақтар БМ3 бағалау міндеттеріне сәйкес келеді және оқушылардың тәжірибелік дағдылар мен зерттеушілік қабілеттерін тексереді. Кесте төменде келтірілген.


Бағалау міндеттері

Балл саны

Сипаттамасы

БМ1 (5%)

БМ2 (25%)

БМ3 (70%)


2

10

28



Бұл жұмыс зертханалық-практикалық жұмыс болып табылады. Практикалық жұмыс кесте бойынша орындалады
2-емтихан жұмысы тәжірибелік әдістемелер және бақылау кезінде туындаған мәселелерге негізделген 2 немесе 3 сұрақтан тұрады.
Оқушылар тапсырманы орындау кезінде кестелер толтырады, графиктер сызады және талдау үшін деректерді көрсетудің, есептеулер жүргізудің және сәйкес қорытынды шығарудың басқа да жолдарын қолданады деп күтіледі.

Бір немесе бірнеше сұрақтарда оқушылардан қателіктің көзін табу және өзгерту үшін ұсыныс енгізу талап етіледі.



БАРЛЫҒЫ

40






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет