Астық массасының қуыстылығы. Қоймаларға немесе силостарға орналастырғанда астық массасы тығыз масса түзбейді: оның қатты құрауыштарының аралықтарында ауамен толтырылған бос аралықтар (қуыстар) болады. Дән және басқа қатты бөліктер мен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары т.б. толтырылған астық массасы көлемінің бір бөлігі астықтың орналасу тығыздығын сипаттайды. Астық массасының ауамен толтырылған бөлігін қуыстылық деп атайды. Астықты орналасу тығыздығы мен қуыстылығын жалпы көлеміне пайыз мөлшерімен көрсетеді.
Астық массасының қоймаларда орналасуының қуыстылығы мен тығыздығы астық массасының қатты құрауыштарының пішініне, серпімділігіне, мөлшеріне және бетінің күйіне, ондағы қоспалардың шамасы мен түріне, астық тобының массасына және ылғалдылығына, қойманың пішіні мен сиымдылығына, сақтау мерзімінің ұзақтығына байланысты.
Бақылау сұрақтары:
Астық қорының толық сақталуы.
Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.
Астық массасының қуыстылығы.
Дәріс № 21
Тақырыбы: Астық массасының сорбциялық қасиеттері
Дәрістің жоспары:
Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттері.
Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері
Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттері. Астық массасы былайша алғанда жақсы сорбент: ол қоршаған ортаға әр түрлі заттар мен газдардың буларын сіңіру қабілетімен ерекшеленеді. Сорбенттер мен сіңірілетін заттардың қасиеттеріне байланысты сорбция құбылысы адсорбция, абсорция, хемосорбция және капиллярлық конденсацияны болып ажырытылады. Астық массасында сорбциялық құбылыстың барлық түрлері байқалады және оларды жеке-жеке бөліп қарастыру көбінесе қиынға соғады. Сондықтан адсорбцияның, капиллярлық конденсацияның, хемосорбцияның жиынтық нәтижесін сорбция, ал астық массасынан әр түрлі жағдайларда бу мен газдарды сіңіру қабілетінің деңгейін сорбциялық сыйымдылық деп атайды. Белгілі бір жағдайларда астық массасынан қоршаған орта кеңістігіне бу мен газдың толық немесе бір бөлігінің булануы байқалады, мұны десорбция деп атайды.
Астық массасының ауадан су буын жұтуын немесе оны қоршаған орта кеңістігіне бөліп шығаруын дым жұтқыштық гигроскопиялық деп атайды. Көптеген зерттеулер мен іс-саналық деректер көрсеткендей, өндірісік жағдайдарда астық сақтау кезеңінде оның ылғалдылығының өздігінен өзгеруі байқалады. Астықты ылғалды атмосферада сақтағанда оның ылғалдылығы артады, ал құрғақта кебуі жүреді.
Ылғалдылықтағы дәнді дымқыл ауаға орналастырса, ондай ауадаәрқашанда су буының белгілі бір мөлшері болады, әрекеттесудің нәтижесінде төмендегідей процестер жүруі мүмкін:
а) дәндегі ылғал ауаға ауысады да (булану, десорбция, кебу), дән кебеді: бұл жағдай дән бетіндегі су буының парциалдық қысымы (Рц, атмосфералық ауадағы су буының парциалдық қысымынан (Рп.а.) жоғары болғанда байқалады, басқаша айтқаңда Рп.д>Рп.а.;
ә) дән бетіндегі су буларының парциялдық қысымдары ауадағы су буларының қысымынан төмен болса, ауадағы ылғал дәнге сіңірледі (Рп.д.<Рп.д.)
Жылусыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады. Соңғысы әдетте астықтың құрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының арасыңдағы орташа өлшенген шамамен есептейді. Астықтың құрғақ заты үшін ол шама 1550 Дж/кг*К немесе 0,3-0,4 ккал/кг. Судың жылу сыйымдылығы 4190 Дж/кг.К немесе 1 ккал/кг*С.
Жылуөткізгіштік - астықтың жылуөткізгіштік қасиетін сиппаттайды. Оның коэффициенті 0,13-тен 0,2-қа Вт/м*К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар. Ол астық массасының органикалық құрамы мен ауаның болуына байланысты. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылуөткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады.
Температура өткізгіштік - астық температурасының өзгеру шапшандығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте төмен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылуинерциясына ие. Температура өткізгіштік коэффициенті 7*10"7-1,9*Ю"7м2/с шамасында ауытқиды.
Астық массасының температура өткізгіштігінің төмендігінің пайдасы да бар: дұрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады.
Термоылғалөткізгіштік - астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру құбылысы. Термоылғалөткізгіштіктің нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |