Экологиялық сауаттылық – табиғи жүйелерді, экологиялық қауымдастықтарды
(экожүйелерді) ұйымдастыру қағидаларын түсіну және осы қағидаларды тұрақты
адамдар қауымдастығын құру үшін пайдалану қабілеті.
-
Физикалық сауаттылық – денсаулыққа және өмір бойы физикалық белсенділікті сақ-
тау ға қатысты шешімдер қабылдауда ақпарат алу, түсіну және қолдануға қажетті білім
мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі.
-
Тұрақты даму сауаттылығы – тұрақты дамуға ықпал етуге қажетті білім мен дағ-
дыларды қолдану, тұрақты дамуға әсер ететін әртүрлі перспективаларды тану және
бағалау арқылы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жүйелердің қалай өзара
әрекеттесетінін және өмірді қалай қолдайтынын түсіну қабілеті; тұрақты өмір салтын
қолдайтын іс-шараларға қатысу.
-
Денсаулық сақтау сауаттылығы – өз денсаулығына және басқа адамдардың денсау-
лығына (физикалық және психикалық денсаулығына) қатысты саналы шешімдер қа-
былдау және түсіну қабілеті, денсаулық пен бақуаттылыққа әсер ететін факторларды
анықтау қабілеті.
-
Медиа және ақпараттық сауаттылық – ақпаратты талдау және бағалау үшін білім
мен дағдыларды қолдану, дереккөздерді тексеру, өз өміріне қатысты саналы шешімдер
қабылдау арқылы фактілерді қиялдан ажырату мүмкіндігі.
-
Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологиялар мен интернет ресурстарын қауіпсіз,
жауапкершілікпен және тиімді пайдалану үшін білім мен дағдыларды қолдана білу
қабілеті.
-
Деректермен жұмыс істеу сауаттылығы – математикалық түсінік пен статистикалық
дағдыларға негізделген деректер арқылы деректерден қажетті ақпаратты алу, қарым-қа-
тынас және жаңа ақпаратты жасау мүмкіндігі.
-
Программалау және кодтау сауаттылығы – компьютерлер мен роботтар сияқты
құрылғыларды тиімді пайдалану үшін қажетті программалау тілдеріне, үлгілерге, үдеріс-
тер мен жүйелерге қатысты білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі.
5.6. Білім беру бағдарламасында бекітілген құндылықтар мен қалыптастырылатын білім оқушы-
лардың күнделікті өмірінде негізгі бағдарына айналуы және төмендегідей дағдыларында
көрініс табуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |