Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет29/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

 Жоғары мектеп
7.7.3.1. «Математика» (7 сағат) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
сандар мен шамалар ұғымдарын, олардың қасиеттерін; көрсеткіштік, логарифмдік функ-
циялардың анықтамаларын, олардың қасиеттері мен графиктерін; күрделі функция 
ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамала-
рын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу 
әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; ра-
ционал теңсіздіктерді шешу әдістерін; көпжақтардың түрлерін, айналу денелерін және 
олардың жаймаларын; стереометрия аксиомаларын және олардың салдарын; сфера 
теңдеуін; кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың теңдеулерін; функцияның дифференциалы-
ның анықтамасын; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үздіксіз кездейсоқ 
шамалар ұғымдарын; нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын; 
функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын; туынды функ-
цияның анықтамасын; функция графигіне жанаманың теңдеуін; анықталмаған және 
анықталған интегралды; анықталған интеграл арқылы жазық фигураның ауданын және 
дененің көлемін табу формулаларын; екінші ретті қисықтарды; матрица және анықтауыш 
ұғымдарын, олардың қасиеттерін, матрицаларға амалдарды; кеңістік фигураларының 
жіктелуін, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін; беттік аудандар мен көлемді есептеу 
формулаларын; кеңістіктегі түзулердің, жазықтықтардың теңдеулерін; комбинаторика 
және ықтималдықтар теориясының негіздерін; статистика және мәліметтерді талдау-


37 |
дың негізгі ұғымдарын; дәреже, логарифмдік, көрсеткіштік функциялар ұғымдарын, 
олардың қасиеттері мен графиктерін; математикалық талдаудың негізгі ұғымдарын; 
ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; дискретті кездейсоқ шамалардың 
таралу түрлерін біледі;
-
бір айнымалысы бар көпмүшенің стандартты түрде жазылуын; күрделі сандардың жа-
зылуын; «бас жиынтық», «таңдама», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін; 
туындының геометриялық және физикалық мағынасын; дифференциацияға кері үдеріс 
ретінде интеграцияны; стереометриялық аксиомалар жүйесін және аксиомалардан ке-
летін салдарды, геометриялық есептерді дәлелдеу және шешу әдістерін; нақты және 
күрделі сандарға есептеу амалдарын; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін мате-
матикалық модельдерді қолданудың маңыздылығын; логарифм, рационал көрсеткішті 
дәреже, сандар қатары, дифференциалдық теңдеу сияқты математикалық терминдердің 
мағынасын; сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін; функция графиктері мен оның 
туындысы арасындағы байланысты; кеңістіктегі геометриялық құрылымдар мен өлшем-
дердің қағидаларын; статистиканың маңызын, оның заңдылықтары мен заңдылықтарын; 
дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларының мағынасын; 
Бернулли схемасын жүзеге асыру шарттарын; сандық және сапалық талдауда ста тис-
тика лық мәліметтерді графикалық көрсетудің рөлін; қатарлардың жинақтылығының 
шарттарын; қайталаулар, комбинациялар, орналастырулар санының формулаларының 
мәнін түсінеді;
-
тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алго-
ритмдерін; кері матрицаны пайдалана отырып, иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді, 
сызықтық теңдеулер жүйесін Гаусс әдісімен, Крамер әдісімен шешу алгоритмдерін; 
ең қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептер шығаруда 
параллель, қиылысатын және перпендикуляр түзулердің, параллель және перпендику-
ляр жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттік 
аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шығару үшін 
векторларға әрекет ету ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық 
шарттарын; кризиктік нүктелер мен экстремум нүктелерін, өсу (кему) функциялар ин-
тервалдарын табу әдістерін; туындыларды табу үшін дифференциалдау әдістемесін және 
туындылар кестесін; анықталған интегралды табу кезінде интегралдар кестесін және 
Ньютон-Лейбниц формуласын; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін 
шешу және шешімдерді зерттеу үшін функциялардың графиктері мен қасиеттерін; кон-
текске сай математикалық терминологияны; анықталған интегралды табу үшін интеграл-
дар кестесін және Ньютон-Лейбниц формуласын; математикалық статистика есептерін 
шешу үшін статистикалық кестелерді; нақты және күрделі сандарға есептеу амалдарын; 
есептер шығаруда дәл және жуық есептеулерді; геометриялық есептерді шешуде кеңістік 
фигураларының аудандары мен көлемдерін табу қасиеттері мен формулаларын; әртүрлі 
қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді; математикалық есептерді 
шешу үшін инженерлік және графикалық калькуляторларды, программалық жасақта-
маны; нақты тәуелділіктерді сипаттау және талдау үшін графиканы; есептерді шешуде 
дәлелді пайымдаулар, дәлелдер, гипотезалар және олардың негіздемелерін; иррационал 
теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; жуық есептеулер үшін Ньютон биномын; Бернулли 
формуласын; функцияның графигіне асимптоталарды табу әдістерін; векторлардың 
аралас көбейтіндісін; Лопиталь ережесін; үшінші ретті көпмүшелерге Виет теорема-
сын; параметрлік берілген функцияның туындысын; жанама түрде берілген функ ция-
ның туындысын; анықталған интегралды жуықтап есептеу үшін трапеция ережесін; 
қарапайым жағдайларда дұрыс емес интегралдарды; жинақты қатарларға амалдарды; 
қатардың жинақтылығының қажетті шартын; салыстыру конвергенция сынамасын, 
Даламбер сынамасын, Коши интегралдық сынамасын; дәрежелік қатардың жинақтылық 


| 38
радиусын; анықталған интегралды есептеу үшін Маклаурин және Тейлор қатарындағы 
функцияларды кеңейтуді; эллипс, гипербола, парабола теңдеулерін қолданады;
-
заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрады; 
кеңістіктегі түзулердің, кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың, кеңістіктегі жазықтықтың, 
жазықтық пен айналу денесінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтық пен 
қималарын; кездейсоқ шамалардың түрлері мен дискретті кездейсоқ шамалардың сандық 
сипаттамалары арасындағы айырмашылықты; функцияның графигі бойынша қасиет-
терін; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептер мен оларды туынды және 
(немесе) интегралды пайдалана отырып шешу жолын; тригонометриялық, көрсеткіштік, 
логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әртүрлі әдістерін; иррационал тең деу-
лер ді шешу әдістерін; ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып статистикалық 
мәліметтерді; алгебралық өрнектер бойынша орындалатын түрлендірулерді; графиктерді, 
диаграммаларды, кестелерді, кеңістік денелердің жаймаларын, геометриялық фигуралар-
ды салуға есеп шарттарын; теңдеулердің шешімін, теңсіздігін және олардың жүйелерін; 
кеңістік фигураларының комбинацияларын; теңдеулер арқылы берілген түзулер мен 
жазықтықтардың кеңістікте өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математи-
калық модельдерді дайындау үшін мәтіндік есептердің шарттарын; графиктер, кестелер, 
диаграммалар және әртүрлі схемалар түрінде берілген деректерді; тұжырымдардың, 
теоремалардың дәлелдемелерін талдайды;
-
тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімін; 
иррационал теңдеулер мен теңдеулердің шешімін; статистикалық деректердің вариация 
көрсеткіштерінің мәндерін; әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып, есептердің нәти-
желерін, сондай-ақ есеп контексіне қарай алынған мәліметтердің сәйкестігін; әртүрлі 
жағдайларда нақты оқиғалар мен құбылыстардың ықтималдығын; гипотезаны тексеру 
нәтижелерін; таралу параметрлерін; берілген параметрлердің мәндеріне байланысты 
функция графигінің орнын; шамалардың жуық мәндерін; қарастырылатын үдерістер мен 
құбылыстардың нақты қасиеттерімен байланысты шектеулерді ескере отырып, есептерді 
шешу нәтижелерін; орталық тенденцияның вариация көрсеткіштері мен өлшемдерінің 
мәндерін пайдалана отырып, статистикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды.
-
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; нақты құбылыстар мен үдерістердің 
математикалық модельдерін құрады; статистикалық деректерді өңдеу және талдау 
нәтижелері бойынша қорытынды шығарады; аксиомаларға, теоремаларға, салдарға 
негізделіп, дәлелді пайымдаулар жасайды; геометриялық түрлендірулерді қолдана оты-
рып, құрылымдық есептерді шығару жолдарын; деректерді талдау үшін модельдер мен 
графиктер құрады.
7.7.3.2. «Математика» (10 сағат) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
сандар мен шамалар ұғымдарын, олардың қасиеттерін; көрсеткіштік, логарифмдік функ-
циялардың анықтамаларын, олардың қасиеттері мен графиктерін; күрделі функция 
ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; 
тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдіс-
терін; рационал және иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; рационал 
теңсіздіктерді шешу әдістерін; көпжақтардың түрлерін, олардың айналу денелерін және 
жаймаларын; көпжақтардың ауданы мен көлемінің және олардың айналу денелерінің 
формулаларын; стереометрия аксиомаларын және олардың салдарларын; кеңістіктегі 
вектор ұғымын; сфера теңдеуін; кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың теңдеулерін; функция 
дифференциалының анықтамасын; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және 
үздіксіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің 
анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; 


39 |
функция туындысының анықтамасын; функция графигіне жанаманың теңдеуін; қарсы 
туынды функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың анықтамаларын; 
анықталған интеграл арқылы жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу 
формулаларын; екінші ретті қисықтарды; матрица және анықтауыш ұғымдарын, олардың 
қасиеттерін, матрицаларға қолданылатын амалдарды; кеңістік фигураларының жікте-
луін, олардың қасиеттері мен ерекшеліктерін; бетінің аудандары мен көлемін есептеу 
формулаларын; кеңістіктегі түзулердің, жазықтықтардың теңдеулерін; комбинаторика 
және ықтималдықтар теориясының негіздерін; кездейсоқ шаманың таралу түрлерін; 
статистика және деректерді талдаудың негізгі ұғымдарын; дәреже, логарифмдік, көр-
сеткіштік функциялар ұғымдарын, олардың қасиеттері мен графиктерін; математикалық 
талдаудың негізгі ұғымдарын; ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; 
Бернулли формуласын; дискретті кездейсоқ шамалардың таралу түрлерін; түбірлер 
мен коэффициенттер арасындағы байланыс туралы жалпыланған Виет теоремасын; 
көпбұрышқа іштей сызылған және көпбұрыштың сыртында сызылған шардың анықта-
масын; меншіксіз интегралдарды; үздіксіз кездейсоқ шаманы, оның таралу тығыздығы 
мен таралу функциясын; Абель теоремасын біледі;
-
бір айнымалысы бар көпмүшенің стандартты түрде жазылуын түсінеді; күрделі сан-
дардың жазылуын; «бас жиынтық», «таңдама», «дисперсия», «стандартты ауытқу» 
терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағынасын; интеграцияны 
дифференциацияға кері үдеріс ретінде; стереометриялық аксиомалар жүйесін және 
аксиомалардан шығатын салдарды, геометриялық есептерді дәлелдеу және шешу әдіс-
терін; нақты және күрделі сандарға есептеу амалдарын; әртүрлі қолданбалы есептерді 
шешу үшін математикалық модельдерді қолданудың маңыздылығын; логарифм, ра-
ционал көрсеткішті дәреже, сандар қатары, дифференциалдық теңдеу сияқты мате-
матикалық терминдердің мағынасын; сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістерін; 
функция графиктері мен оның туындысы арасындағы байланысты; кеңістіктегі гео-
метрия лық құрылымдар мен өлшемдердің қағидаларын; статистиканың маңызын, оның 
заңдылықтары мен заңдарын; дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық 
сипаттамаларының мағынасын; Бернулли схемасын жүзеге асыру шарттарын; сандық 
және сапалық талдауда статистикалық деректерді графикалық түрде көрсетудің рөлін; 
қатарлар жинақтылығының шарттарын; координат әдісінің мәнін; алмастырулар, терулер, 
қайталамалы орналастырулар сандарын есептеу формулаларының мәнін түсінеді;
-
тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алго-
ритмдерін; кері матрицаны пайдалана отырып, иррационал теңдеулерді, теңсіздіктерді, 
сызықтық теңдеулер жүйесін Гаусс әдісімен, Крамер әдісімен шешу алгоритмдерін; 
ең қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептер шығаруда 
параллель, қиылысатын және перпендикуляр түзулердің, параллель және перпендику-
ляр жазықтықтардың ерекшеліктері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттік 
аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шығару үшін 
векторларға әрекет ету ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық 
шарттарын; кризистік нүктелер мен экстремум нүктелерін, өсу (кему) функциялары 
интервалдарын табу әдістерін; туындыларды табу үшін дифференциалдау әдістемесін 
және туындылар кестесін; анықталған интегралды табу кезінде интегралдар кестесін 
және Ньютон-Лейбниц формуласын; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін 
шешу және шешімдерді зерттеу үшін функциялардың графиктері мен қасиеттерін; кон-
текске сай математикалық терминологияны; анықталған интегралды табу үшін интеграл-
дар кестесін және Ньютон-Лейбниц формуласын; математикалық статистика есептерін 
шешу үшін статистикалық кестелерді; нақты және күрделі сандарға есептеу амалдарын; 
есептер шығаруда дәл және жуық есептеулерді; геометриялық есептерді шешуде кеңістік 
фигураларының аудандары мен көлемдерін табу қасиеттері мен формулаларын; әртүрлі 


| 40
қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді; математикалық есептерді 
шешу үшін инженерлік және графикалық калькуляторларды, программалық жасақта-
маны; нақты тәуелділіктерді сипаттау және талдау үшін графиканы; есептерді шешуде 
дәлелді пайымдаулар, дәлелдер, гипотезалар және олардың негіздемелерін; иррационал 
теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; жуық есептеулер үшін Ньютон биномын; Бернулли 
формуласын; функцияның графигіне асимптоталарды табу әдістерін; векторлардың 
аралас көбейтіндісін; Лопиталь ережесін; үшінші ретті көпмүшелерге Виет теорема-
сын; параметрлік берілген функцияның туындысын; жанама түрде берілген функ ция-
ның туындысын; анықталған интегралды жуықтап есептеу үшін трапеция ережесін; 
қарапайым жағдайларда дұрыс емес интегралдарды; жинақты қатарларға амалдарды; 
қатардың жинақтылығының қажетті шартын; салыстыру конвергенция сынамасын, 
Даламбер сынамасын, Коши интегралдық сынамасын; дәрежелік қатардың жинақтылық 
радиусын; анықталған интегралды есептеу үшін Маклаурин және Тейлор қатарындағы 
функцияларды кеңейтуді; эллипс, гипербола, парабола теңдеулерін қолданады.
-
заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрады; 
кеңістіктегі түзулердің, кеңістіктегі түзу мен жазықтықтың, кеңістіктегі жазықтықтың, ай-
налу жазықтықтары мен денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен 
қималарын; кездейсоқ шамалардың түрлері мен дискретті кездейсоқ шамалардың сандық 
сипаттамалары арасындағы айырмашылықты; функцияның графигі бойынша оның қа-
сиеттерін; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептер мен оларды туынды және 
(немесе) интеграл арқылы шешу жолын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік 
теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің әртүрлі әдістерін; иррационал теңдеулерді шешу 
әдістерін; ұсыну жолына қарай статистикалық мәліметтерді; алгебралық өрнектер бо-
йын ша орындалатын түрлендірулерді; графиктерді, диаграммаларды, кестелерді, кеңістік 
денелердің жаймаларын, геометриялық фигураларды салуға есептердің шарттарын; 
теңдеулердің шешімін, теңсіздігін және олардың жүйелерін; кеңістік фигураларының 
комбинацияларын; теңдеулер арқылы берілген түзулер мен жазықтықтардың кеңістікте 
өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдерді құру үшін 
мәтіндік есептердің шарттарын; графиктер, кестелер, диаграммалар және әртүрлі схе-
малар түрінде берілген деректерді; тұжырымдардың, теоремалардың дәлелдемелерін; 
көпбұрышқа іштей сызылған және көпбұрыштың сыртында сызылған шарға байланысты 
есептердің шешімін; параметрлік теңдеулер арқылы берілген қисықты құрылымды; 
құрамында кері тригонометриялық функциялары бар теңдеулер мен теңсіздіктердің 
шешімдерін; көпжақтардың жазықтықпен қималарын талдайды (куб, тік бұрышты па-
раллелепипед, пирамида);
-
тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің 
шешімін; иррационал теңдеулер мен теңдеулердің шешімін; статистикалық дерек-
тердің вариация көрсеткіштерінің мәндерін; әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып, 
есептердің нәтижелерін, сондай-ақ есеп контексіне қарай алынған мәліметтердің сәй-
кестігін; әртүрлі жағдайларда нақты оқиғалар мен құбылыстардың ықтималдығын; 
гипотезаны тексеру нәтижелерін; таралу параметрлерін; берілген параметрлердің 
мәндеріне байланысты функция графигінің орнын; шамалардың жуық мәндерін; 
қарастырылатын үдерістер мен құбылыстардың нақты қасиеттерімен байланысты 
шектеулерді ескере отырып, есептерді шешу нәтижелерін; орталық тенденцияның ва-
риация көрсеткіштері мен өлшемдерінің мәндерін пайдалана отырып, статистикалық 
зерттеулердің нәтижелерін; трапеция ережесін пайдаланып есептелген интегралдың 
жуық мәнінің тым асырылғанын немесе азайтылғанын; қарапайым жағдайларда 
үздіксіз кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын; жинақталатын сандар қа-
тарының қосындысын бағалайды;


41 |
-
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; нақты құбылыстар мен үдерістердің 
математикалық модельдерін құрады; статистикалық деректерді өңдеу және талдау 
нәтижелері бойынша қорытынды шығарады; аксиомаларға, теоремаларға, салдарға 
негізделіп, дәлелді пайымдаулар жасайды; геометриялық түрлендірулерді қолдана оты-
рып, құрылымдық есептерді шығару жолдарын; деректерді талдау үшін модельдер мен 
графиктер құрады.
7.7.3.3. «Программалау» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
Python бағдарламалау тілінің синтаксисін; Python тілінде деректер түрлерін; әртүрлі 
деректер құрылымдарының айырмашылығын; лямбда функциясы түсінігін; класс және 
даналар идентификаторларын; «полиморфизм», «мұралану», «ыдырау» ұғымдарының 
мағынасын; PIL кітапханасының Image модулінің суреттерді басқаруға арналған коман-
даларының (load, create, size, save) мақсатын, чат боттарының түрлерін біледі;
-
Python тілінде деректерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру, split() және join() әдістерін 
пайдаланып жолды шығару ережелерін; тізімдерді өңдеудің функциялары мен әдістерінің 
мақсатын; әртүрлі деректер құрылымдарының айырмашылығын; Python тіліндегі кортеж 
бен сөздіктің, пайдаланушы функцияларының мақсатын түсінеді;
-
деректерді шығару кезінде экрандалған реттілікті; Python тілінде есептерді шығарған-
да кірістірілген циклдерді; жиындарға амалдарды: бірігу, қиылысу, алу, симметриялы 
айыр ма; жолды түрлендіру үшін кесінділерді; тізімді өңдеу функциялары мен әдістерін; 
PyGame модулін қолданады;
-
әзірленген бағдарламаның дизайны мен нәтижелілігін; бағдарламаны тестілеу нәтижелері 
бойынша талдайды;
-
әзірленген бағдарламалық өнімнің сапасын; өз жұмысының нәтижелерін бағдарламаны 
әзірлеу мақсаттарына сәйкес бағалайды;
-
деректердің әртүрлі құрылымдарын (жиындар, жолдар, тізімдер, кортеждер, сөздіктер) 
және функцияларды (пайдаланушы және лямбда функциялары) пайдаланып, Python 
бағдарламалау тілінде бағдарлама; PyGame модулін пайдаланып ойындарды; чат-бот-
тарды жасайды.
7.7.3.4. «Информатика» (стандартты деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
орталық процессордың программалық жасақтамасының жұмыс қағидатын; веб-беттерді 
құруға арналған HTML-тегтерінің мақсатын, мобильді қосымша конструкторының ком-
поненттерін; мобильді қосымшаларды әзірлеу орталарының сипаттамаларын; дерекқор 
жұмыс алаңындағы деректердің типтерін біледі;
-
компьютер жады түрлерінің айырмашылықтарын; мобильді қосымшаларды әзірлеу 
орталарының сипаттамаларын; индекс арқылы іздеу қағидатын; дерекқордағы байла-
ныстардың әртүрлі типтерін түсінеді;
-
растрлық және векторлық кескіндерді, дыбыс пен бейнені өңдеу үшін программалық жа-
сақтаманы; веб-беттерді әзірлеуде CSS, HTMLтегтерін; мобильді қосымшаны әзірлеуде 
шартты және циклдік құрылымдарды пайдалана отырып, бағдарлама кодын қолданады;
-
веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, сайттың дизайнын; мобильді қо-
сымшаның прототипін; дерекқорлардың әртүрлі типтерін; көп кестелі дерекқордағы 
байланыстарды талдайды;
-
веб-беттердің және басқа бағдарламалық өнімдердің дизайн сапасын; өз жұмысының 
нәтижелерін дерекқорды, веб-беттерді және мобильді қосымшаларды әзірлеуге қойы-
латын мақсаттарға сәйкес бағалайды.
-
кестеаралық байланыстарды пайдаланып және үшінші қалыпты формаға келтіріп де-
рекқорды; деректерді енгізу үшін батырмалы форманы; конструктордың көмегімен 


| 42
таңдауға сұратымдарды; шартты және циклдік құрылымдарды пайдалана отырып, мо-
бильді құрылғыларға арналған қосымшаны; веб-беттерді жасайды.
7.7.3.5. «Информатика» (тереңдетілген деңгей) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Жоғары мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
бульдік алгебра заңдарын біледі; RISC, CISС процессорларының архитектурасын; 
программалау парадигмаларын; деректерді және компьютерлік жүйелерді қорғау 
әдістерін (физикалық тәуекелдер, желіаралық қалқандар, ақпаратты шифрлау, 
биометрия және компьютерлік вирустардан қорғау); құпиялылық саясатын; жаңа 
жүйені енгізу жолдарын; шешімдерді әзірлеу кезінде прототиптерді пайдаланудың 
артықшылықтары мен кемшіліктерін; желілік/серверлік операциялық жүйе мүм-
кіндіктерін біледі;
-
ашық және жабық бастапқы кодқа негізделген программалық жасақтаманың мүмкіндік-
терін; жаңа жүйені енгізу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; Blockchain 
технологияларының мақсаты мен жұмыс қағидатын; жадты адрестеу қағидатын; вир-
туалды машина концепциясын; виртуалды және кэш жадының мақсатын; виртуалды 
және толықтырылған шынайылықтың мақсатын түсінеді;
-
жобаны әзірлеуде программалау дағдыларын; сайтты әзірлеуде сценарий тілін; сценарий 
тілінде әртүрлі алгоритмдік құрылымдарды; дерекқормен жұмыс істеуде сұратым тілін; 
логикалық схемаларды ықшамдау үшін логика заңдарын; есептеу жүйелерінде енгізуді, 
өңдеуді, сақтауды және шығаруды көрсету үшін деректер ағынының диаграммаларын 
(DFD-1 деңгейі) қолданады;
-
компьютерлік жүйелерді бұзу нәтижесінде туындайтын мәселелерді; әртүрлі өмірлік 
цикл модельдерінің, жоғары және төмен деңгейлі программалау тілдерінің, ком-
пиляторлар мен интерпретаторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін; жаңа 
жүйенің артықшылықтары мен шектеулерін; ассемблер тіліндегі бағдарламаларды 
талдайды;
-
бұлтты технологияларды, жасанды интеллектіні пайдалану тәуекелдерін; желілік тех-
нологиялардың даму перспективаларын; веб-беттердің және басқа бағдарламалық өнім-
дердің дизайн сапасын бағалайды;
-
жаңа жүйенің прототипін; кестеаралық байланыстарды және SQL сұратымдарын пай-
даланып дерекқор; логикалық схемалар мен өрнектерді құрады; бір өлшемді және екі 
өлшемді массивті пайдалана отырып бағдарлама кодын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет