8. Білім беру мазмұны 8.1. Зияткерлік мектептердің білім беру мазмұнының құрамы мен құрылымы Қазақстан
Республика сы ның орта білім берудің базалық мазмұнын халықаралық білім беру бағдар-
ламаларымен кіріктіру негізінде бекітілді.
8.2. Білім беру мазмұны Зияткерлік мектептердің білім беру мақсаттары, білім беру салаларының
және оқу пәндерінің мақсаттарынан құралған мақсаттар жүйесіне қол жеткізу құралы болып
табылады.
8.3. Зияткерлік мектептердегі білім беру мазмұнын анықтау үшін келесі әдістемелік нұсқаулар
пайдаланылды:
-
білім беру мазмұнының көлемі мен құрылымына, сондай-ақ жеке тұлғаның жас ерек-
шеліктеріне сәйкес даму динамикасына қарай оқу пәндерін оқыту реттілігі;
-
оқушыларды таным мен зерттеу қызметінің ғылыми әдістеріне, негізгі құзыреттіліктерді
дамытуға жүйелі түрде тарту қажеттілігі;
-
білім беру мазмұнында пәнаралық кіріктіруді жүзеге асырудың орындылығы.
8.4. Зияткерлік мектептердің білім беру мазмұны, жалпы алғанда, тұлғаның зияткерлік әлеуетін
дамытудың негізі ретінде жаратылыстану-математика циклі бойынша пәндерді тереңдетіп
оқытуға бағытталған.
«Математика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндерінің
мазмұнын тереңдетіп оқыту оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдасты-
руы есебінен жүзеге асырылады.
8.5 Зияткерлік мектептердің білім беру мазмұны үш тілді білім беру аясында жүзеге асырылады.
Үш тілді білім беру дегеніміз – бұл қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген, әртүрлі
салаларда оңай сұхбаттаса алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың
мәдениетін түсініп, құрметтейтін көптілді тұлғаны – Қазақстан Республикасының азаматын
қалыптастыру.
Үш тілді білім беру іс жүзінде келесідей жүзеге асырылады:
1) қазақ, орыс және ағылшын тілдерін деңгейлік меңгеруді қамтамасыз ету;
2) пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту;
3) балаларға мақсатты (қазақ) тілді оқытудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі ретінде тілге
бойлау бағдарламаны енгізу.
Тілге бойлау дегеніміз – білім беру ұйымдарында баланың мақсатты тілді меңгеруіне, оны
қарым-қатынаста және оқу жұмыстарын орындау барысында қолдануға ынталандыратын оқу
ортасын құру әдісі. Зияткерлік мектептер тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым сияқты әртүрлі
сөйлеу әрекетінің түрлері арқылы ерте жастан қазақ тіліне бойлаудың (толық және ішінара) үл-
гілерін жүзеге асыруда. Оқушыларды тілге бойлау әдісі бойынша оқыту ата-аналардың таңдауына
сәйкес жүзеге асырылады.
Тілге толық бойлау кезінде қазақ тілі оқу мақсатына, осы мақсатқа жету құралына әрі қор-
шаған ортаны тану құралына айналады. Бастауыш сыныптың бастапқы бір жарым жылында оқу
қазақ тілінде жүргізілетіндіктен, оқушылар қазақ тіліне толықтай бойлайды. 2-сыныптың екінші
жарты жылдығынан бастап орыс тілін, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілін үйренеді.