Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Еңбекқорлық және шығармашылық



Pdf көрінісі
бет10/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Еңбекқорлық және шығармашылық – еңбекке құрметпен қарауды және шығар-
машылық арқылы өз-өзін ашуға деген ұмтылысты білдіретін құндылықтар. Аталған 
құндылықтар еңбекқорлықты, табандылықты, қойылған міндеттерді шығармашылықпен 
жүзеге асыруды және оларға жетудің жаңа жолдарын табуды білдіреді. Еңбекқорлық 
пен шығармашылық тұлғалық және кәсіби даму үшін маңызды қасиеттер, сондай-ақ 
олар әр тұлғаның қоғамға пайда әкелуіне негіз болады.
-
Адалдық – адамның сөзі мен ісіндегі адалдығы, моральдық қағидаттар мен нормаларға 
сәйкес әрекет ету қасиеті. Білім және ғылым саласы тұрғысынан адалдық дегеніміз – 
ғылыми зерттеу жүргізу барысында академиялық этика мен адалдық қағидаттарын 
ұстану, зияткерлік меншік құқығын құрметтеу және ғылыми еңбекте ақпарат көздерін 
көрсету. Сонымен қатар академиялық адалдық дегеніміз – академиялық ізденіс кезінде 
алаяқтық жасаудан, плагиаттан аулақ болу, өзге де этикалық және құқықтық нормаларды 
бұзбау.
-
Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері – отбасындағы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін 
құндылықтар. Олар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен өмір салтын қалыптасты-
руға негіз болады, сонымен қатар сыртқы әлеммен құрылатын қарым-қатынасқа 
әсер етеді. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге құрмет, сенім, жауапкершілік, 
қамқорлық, өзара түсіністік және т. б. сияқты ізгі қасиеттер жатады. Сондай-ақ олар 
отбасында қабылданған белгілі бір әлеуметтік, діни немесе мәдени нормалар мен 
талаптар көрінуі мүмкін. Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер жеке тұлғаның 
дүниетанымының қалыптасуында, сондай-ақ отбасылық қатынасты нығайтуда ерек-
ше маңызға ие.


13 |
-
Денсаулық және әл‑ауқат – адамның жан және тән саулығына қатысты құндылықтары. 
Бұл өзін-өзі күту, жан мен тән саулығына мән беру дегенге саяды. Бұл құндылықтарға 
салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, жүйелі түрде дене шынықтыру, психологиялық 
тұрғыдан саулықты сақтау, яғни эмоцияларды басқару, стреспен күресу және т. б. жатады. 
Сондай-ақ бұл басқа адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау, мыса-
лы, отбасы мүшелеріне күтім жасау және қоғамдық салауаттылықты қолдау дегенді де 
білдіреді. Жалпы алғанда, денсаулық пен саламаттық толыққанды және бақытты өмір 
сүруге әсер ететін негізгі құндылықтар болып саналады.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет