19 |
терін ескеруді, сонымен қатар тараптарға құрмет көрсете отырып, ымыраға келтіру,
қақтығыстарды шеше білу білігін қамтиды. Сондай-ақ осы құзыреттілік шеңберінде
әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілерді және олардың болашақ
ұрпақ үшін салдарын ескере отырып, біртұтас тәсілдеме негізінде күрделі шешімдер
қабылдай білу маңызды.
-
Жаһандық құзыреттілік адамның мәдениетаралық және жаһандық ортада қарым-қаты-
нас жасай алу қабілетін, сондай-ақ жаһандық мәселелерді түсіну және бағалау, тұрақты
даму мен ұжым игілігіне ықпал ететін шешімдерді табу білігін танытады. Сонымен бірге
бұл құзыреттілікке әртүрлі елдер мен мәдениет өкілдерімен оңтайлы қарым-қатынас
жасау, олардың мәдени дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен нанымдарын түсіну және құр-
меттеу, келісімге қол жеткізу және қақтығысты шешу үшін мәдениетаралық дағдыларды
пайдалану білігі де жатады. Жаһандық құзыреттілік жаһандық және мәдениетаралық
ортада әрекет ету қабілетін, әлемнің әртүрлі өңірлері арасындағы өзара байланыс пен
тәуелділікті түсіну дағдысын, сондай-ақ тұрақты дамушы және әділ әлемдік қоғамдастық
құру үшін әрекет ету білігін білдіреді.
Бұл өзекті құзіреттер Зияткерлік мектептер түлектеріне өз бойларында жалпыадамзаттық
және этномәдени құндылықтарды сіңіруге, кез келген өмірлік жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: