Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет25/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Негізгі мектеп
7.6.2.1. «Қазақ тілі» (Т1) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
монологтік және диалогтік сөйлеу ерекшеліктерін; әртүрлі типтегі, стильдегі және жанр-
дағы мәтіндердің ерекшеліктерін; оқу стратегияларын (таныстыру, іздеу, зерттеу); ор-
фографиялық және грамматикалық нормаларды, пунктуациялық ережелерді біледі;
-
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы қарым-қатынас 
мәтіндерін; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі, оның ішінде цифрлық мәтіндердің 
негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратын (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді;
-
сөйлеу әрекетінің мақсатына және мақсатты аудиторияға байланысты әртүрлі тілдік 
құралдарды; коммуникация міндеттеріне байланысты ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды; өз мәлімдемелерін дайындау барысында грамматикалық, стилистика-
лық нормаларды; оқу әрекетіне байланысты ақпарат алу мақсатында әртүрлі оқу страте-
гияларын, оның ішінде цифрлық оқу стратегияларын; орфографиялық, грамматикалық, 
пунктуациялық нормаларды; жазу мақсатына сәйкес тілдік құралдарды қолдана алады; 
ойларын әртүрлі формада қисынды әрі дәлелді түрде жеткізеді;
-
сөйлеу тәртібі мен бағалаудың ашық және жасырын түрлерін; әртүрлі жанрлар мен 
стильдер мәтіндерінің жасырын мағынасын; көрнекі және мультимедиялық мәтіндерді; 
әртүрлі дереккөздерден алынған қажетті ақпаратты синтездеу арқылы; әртүрлі стильдер 
мен жанрлар мәтіндерінің, оның ішінде цифрлық мәтіндердің жанрлық, құрылымдық, 
тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін талдайды;
-
өз пікірін білдіру арқылы сөйлеушінің сөйлеу тақырыбына көзқарасын бағалайды; 
дәлелдемелердің өзектілігі, сенімділігі, қайшылығы, дұрыстығы және орындылығы 
тұрғысынан әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты; факті мен пікірді ажыратады;
-
тыңдалған және оқылған ақпаратты синтездеу арқылы әртүрлі типте, жанрда және 
стильде мәтіндер құрастырады; мақсат пен мақсатты аудиторияға қарай ақпараттық-ком-
муникациялық технологиялардың көмегімен мәтіндер жазады; деректерді синтездеу 
және қорытындылау арқылы ақпаратты әртүрлі формада ұсынады; қатаң құрылымды 
қолданып, белгілі бір мәселе бойынша академиялық эссе жазады.
7.6.2.2. «Орыс тілі» (Т1) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
монологтік және диалогтік сөйлеу ерекшеліктерін; әртүрлі типтегі, стильдегі және жанр-
да ғы мәтіндердің ерекшеліктерін; оқу стратегияларын (таныстыру, іздеу, зерттеу); орфо-
гра фия лық және грамматикалық нормаларды, пунктуациялық ережелерді біледі;


27 |
-
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы қарым-қа-
тынас мәтіндерін; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі, оның ішінде цифрлық 
мәтіндердің негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратын (мәтіндік, сандық, графикалық) 
түсінеді;
-
сөйлеу әрекетінің мақсатына және мақсатты аудиторияға байланысты әртүрлі тілдік 
құралдарды; коммуникация міндеттеріне байланысты ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды; өз мәлімдемелерін дайындау барысында грамматикалық, стилистика-
лық нормаларды; оқу әрекетіне байланысты ақпарат алу мақсатында әртүрлі оқу страте-
гияларын, оның ішінде цифрлық оқу стратегияларын; орфографиялық, грамматикалық, 
пунктуациялық нормаларды; жазу мақсатына сәйкес тілдік құралдарды қолдана алады; 
ойларын әртүрлі формада қисынды әрі дәлелді түрде жеткізеді;
-
сөйлеу тәртібі мен бағалаудың ашық және жасырын түрлерін; әртүрлі жанрлар мен 
стильдер мәтіндерінің жасырын мағынасын; көрнекі және мультимедиялық мәтіндерді; 
әртүрлі дереккөздерден алынған қажетті ақпаратты синтездеу арқылы; әртүрлі стильдер 
мен жанрлар мәтіндерінің, оның ішінде цифрлық мәтіндердің жанрлық, құрылымдық, 
тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін талдайды;
-
өз пікірін білдіру арқылы сөйлеушінің сөйлеу тақырыбына көзқарасын бағалайды; 
дәлелдемелердің өзектілігі, сенімділігі, қайшылығы, дұрыстығы және орындылығы 
тұрғысынан әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты; факті мен пікірді ажыратады;
-
тыңдалған және оқылған ақпаратты синтездеу арқылы әртүрлі типте, жанрда және 
стильде мәтіндер құрастырады; мақсат пен мақсатты аудиторияға қарай ақпараттық-ком-
муникациялық технологиялардың көмегімен мәтіндер жазады; деректерді синтездеу 
және қорытындылау арқылы ақпаратты әртүрлі формада ұсынады; қатаң құрылымды 
қолданып, белгілі бір мәселе бойынша академиялық эссе жазады.
7.6.2.3. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
негізгі әдеби терминдерді, әдеби ұғымдарды, көркемдеу және бейнелеу құралдарын, 
бейнелі иллюстрацияларды, түрлі жанрдағы көркем шығармалардың, әдеби шығармалар-
дың мазмұнын біледі; ақындық, прозалық және драмалық шығармалардың үзінділерін 
жатқа біледі; шығармалардан дәйексөздер келтіреді;
-
әлемдік мәдениеттегі, адам өміріндегі ұлттық көркем мұраның мәнін, қазақ және әлем 
әдебиетінің негізгі проблемаларын, әдеби шығарманың жазу дәуірімен және қазіргі 
заманмен байланысын, құндылықтар көрінісін, жанрын, әдеби шығарманың тақырыбы 
мен идеясын, проблемаларын, автордың көзқарасын, шығарманың түйінді ойын түсінеді;
-
әдеби шығармаларды ішінара және толық баяндайды, көркем шығарма бойынша жоспар 
құрады, әдеби шығарманың үзінділері негізінде спектакль дайындайды, аудио-, бейнема-
териалдар әзірлейді, әдеби шығарманың әлемін әртүрлі нысандарда (кесте, инфографика, 
диаграмма және т. б.) ұсынады, шығармаларды талдап, талқылайды, пікірталастарға 
қатысып, көпшілік алдында сөйлейді, шығармашылық жазу жазады, көркем шығарманың 
үзінділерін, қалыптасқан тіл байлығы мен тіліміздің теңдессіз сөздік қорын әдеби эссе 
мен сыни мақалалар жазу барысында қолдана алады;
-
шығарманың қаншалықты заманауи, жаңашыл және тарихи болып табылатынын, құн-
дылықтарын, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көтерілген проблеманы, кейіпкер-
лердің іс-әрекеті мен олардың мінез-құлқын, автордың ұстанымын, жазушының стилін 
бағалайды;
-
әртүрлі әдеби жанрларда шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығарманың көр-
кемдеу және бейнелеу құралдары мен эпизодтарын қолданып, рөлдерді көркем түрде 
сомдай алады; әртүрлі дереккөздерді орынды қолданып, кейіпкерлердің сезімдері мен 
олардың көңіл-күйін жеткізеді; сыни мақала, әдеби мақала, эссе жазады.


| 28
7.6.2.4. «Орыс әдебиеті» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
негізгі әдеби терминдерді, әдеби ұғымдарды, көркемдеу және бейнелеу құралдарын, 
бейнелі иллюстрацияларды, түрлі жанрдағы көркем шығармалардың, әдеби шығармалар-
дың мазмұнын біледі; ақындық, прозалық және драмалық шығармалардың үзінділерін 
жатқа біледі; шығармалардан дәйексөздер келтіреді;
-
әлемдік мәдениеттегі, адам өміріндегі ұлттық көркем мұраның мәнін, орыс және әлем 
әдебиетінің негізгі проблемаларын, әдеби шығарманың жазу дәуірімен және қазіргі 
заманмен байланысын, құндылықтар көрінісін, жанрын, әдеби шығарманың тақырыбы 
мен идеясын, проблемаларын, автордың көзқарасын, шығарманың түйінді ойын түсінеді;
-
әдеби шығармаларды ішінара және толық баяндайды, көркем шығарма бойынша жоспар 
құрады, әдеби шығарманың үзінділері негізінде спектакль дайындайды, аудио-, бейнема-
териалдар әзірлейді, әдеби шығарманың әлемін әртүрлі нысандарда (кесте, инфографика, 
диаграмма және т. б.) ұсынады, шығармаларды талдап, талқылайды, пікірталастарға 
қатысып, көпшілік алдында сөйлейді, шығармашылық жазу жазады, көркем шығарманың 
үзінділерін, қалыптасқан тіл байлығы мен тіліміздің теңдессіз сөздік қорын әдеби эссе 
мен сыни мақала жазу барысында қолданады;
-
шығарманың қаншалықты заманауи, жаңашыл және тарихи болып табылатынын, құн-
дылықтарын, шығарманың тақырыбы мен идеясын, көтерілген проблеманы, кейіпкер-
лердің іс-әрекеті мен олардың мінез-құлқын, автордың ұстанымын, жазушының стилін 
бағалайды;
-
әртүрлі әдеби жанрларда шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығарманың көр-
кемдеу және бейнелеу құралдары мен эпизодтарын қолданып, рөлдерді көркем түрде 
сомдай алады; әртүрлі дереккөздерді орынды қолданып, кейіпкерлердің сезімдері мен 
олардың көңіл-күйін жеткізеді; сыни мақала, әдеби мақала, эссе жазады.
7.6.2.5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
қазақ тілінің негізгі грамматикалық, лексикалық, синтаксистік ұғымдарын, сөздердің 
тура және ауыспалы мағынасын, сөздердің синонимдік, антонимдік және омонимдік 
қатарларын, түрлі жанрдағы көркем шығармалардың мазмұнын біледі;
-
тұрмыстық, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек, қоғамдық-саяси тақырыптағы 
мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді, әртүрлі стильдер мен жанрлардың ерекшеліктерін 
ажыратады, мәтіннің негізгі идеясын, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көр-
кемдік құралдардың мағынасын, тұтас, тұтас емес және аралас мәтіндердегі ақпаратты 
түсінеді;
-
қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарын, әдеби талдау әдістерін, орфографиялық, 
стилистикалық және пунктуациялық нормаларды ауызша және жазбаша мәлімдемелерде 
қолданады;
-
әртүрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы мәтіндердің типтік стилистикалық және жанр-
лық ерекшеліктерін талдайды; мәтінде баяндалған ақпараттың өзектілігі мен қойылған 
проблеманы; автордың көзқарасы мен оның оқырманға әсерін; өнер туындыларындағы 
кейіпкерлердің бейнесін; тұтас және тұтас емес мәтіндердегі ақпаратты салыстырады;
-
мәтіндердегі ақпараттың өзектілігі мен дұрыстығын, тақырыпты, мазмұн құрылымын, 
мәтіндердің идеясы мен мақсатын, прозалық және ақындық шығармалардағы авторлық 
ойды және көтерілген проблеманың оқырманға әсерін бағалайды;
-
түрлі тілдік құралдарды қолданып, естіген немесе оқыған материал негізінде әртүрлі 
типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндер жасайды, шытырман оқиғалы әңгіме жаза-
ды, мақсатты аудиторияны ескере отырып, тілдік құралдарды және мультимедиялық 
компоненттер мен визуалды материалдарды қолданып монолог дайындайды.


29 |
7.6.2.6. «Орыс тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік, қоғамдық-саяси салалардың жалпы ғылыми және тар-
салалық лексикасын; идиоматикалық қалыптасқан сөздерді, грамматикалық нысандарды 
(аяқталуы, жұрнақтары, сөйлем құрастыру схемалары); сөз тіркестері мен сөйлемдерді 
құру қағидаларын біледі;
-
тыңдалған хабарламаның ақпараты мен субмәтінін (мәтіннің жасырын мәні) егжей-тег-
жейлі түсінеді, сөйлеушінің эмоциялық-мәнерлі ерекшеліктерін және коммуникативті 
ниетін анықтайды; оқылған мәтіндердің, оның ішінде электронды және мультимодальды 
мәтіндердің жасырын мағынасын түсінеді, автордың ұстанымын анықтайды;
-
әртүрлі ресурстардан қажетті ақпаратты алып, мақсаты мен міндеттеріне қарай оқу 
түрлерін (стратегияларын) қолданады; аудиторияның назарын аудару және онымен 
өзара әрекеттесу үшін цифрлық медиа, жазбаша мәтіндерді, оның ішінде чаттарда, блог-
тарда және форумдарда түсініктемелер жасау және жариялау үшін жасанды интеллект 
технологияларын/мүмкіндіктерін; бастапқы материалды басқа сөзбен жазу тәсілдерін; 
зерттелген жазбаша тілдегі емле және пунктуация ережелерін пайдаланады;
-
көркем шығармалардың мазмұнын талдайды, негізгі ойды, кейіпкерлердің бейнелерін, 
олардың сезімдерін, эмоциялары мен көңіл-күйін ашу барысында композицияның, 
бейнелеу құралдары мен көркем детальдардың рөлін анықтайды; шығарма мақсатын, 
мақсатты аудиторияны, автордың ұстанымын, мәтіндердің жанрлық және стилистикалық 
ерекшеліктерін; бір тақырыппен немесе проблемамен біріктірілген екі немесе одан да көп 
дереккөздерден алынған мәліметтерді; құрылымдық, ғылыми және публицистикалық 
стильдер мәтіндерінің лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін (мақала, шолу, 
көпшілік алдында сөйлеу, аннотация) талдайды;
-
коммуникативтік міндеттерге қол жеткізудің тиімділігі тұрғысынан оқыған және тыңдаған 
мәтіндерді\ауызша мәлімдемелерді; мәтіндердің мазмұнын түсіндіру тәсілдерін\құрал-
дарын сыни тұрғыдан бағалайды;
-
көпшілік алдында сөйлеу үшін жан-жақты монологтік сөз әзірлейді; әртүрлі көзқа-
растарды синтездеу және мәселенің шешімін ұсыну арқылы диалог\полемика құрады, 
оның ішінде интернет кеңістігінде; диалог жүргізу стратегиясын анықтайтын бірлескен 
талқылауға арналған ережелер\полемика әзірлейді; мақсат пен мақсатты аудиторияға 
қарай ғылыми және публицистикалық стильдердің электронды\қолжазба мәтіндерін 
(мақала, шолу, аңдатпа) әзірлейді; пікірталас және дәлелді эссе жазады; материалды 
қысқаша мазмұндайды; үзінді мәтіндер жазады; кейіпкерлердің сезімдерін, эмоциялары 
мен көңіл күйін ашатын шығармашылық жұмыстар жасайды.
7.6.2.7. «Ағылшын тілі» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті бітіргеннен кейін оқушы:
-
функционалдық маңызды мағыналарды: түрлі формаларды, кестелер мен сызбаларды, 
әртүрлі ауызекі жанрлардағы сөздер, сөйлемдер және мәтіндерге тән типтік белгілерді 
толтыруға арналған егжей-тегжейлі және нақты ақпараттарды біледі;
-
әртүрлі жанрдағы шынайы мәтіндердің негізгі ойларын, әңгімелерді, мәтіндердің 
терминдері мен негізгі бірліктерінің мағынасын, таныс және бейтаныс жалпы және 
оқу тақырыптарындағы көркем және көркем емес мәтіндердің негізгі идеяларын 
түсінеді;
-
мәселелерді топтарда шығармашылықпен бірлесіп шешу үшін әртүрлі оқу стратегия-
ларын, айтылым және тыңдалым дағдыларын; жеке оқу мақсаттарын қоюда кері бай-
ланысты; өз ойларын, идеяларын, тәжірибелері мен сезімдерін білдіру үшін қиялын; 
қоршаған әлемге деген пікірлер алуандығы мен түрлі көзқарастарды зерттеу мен талдауда 
ауызекі және жазбаша тілді қолданады;


| 30
-
өз көзқарасын негіздейтін дәлелдер келтірілген мәтіндерді талдап, салыстырады, жалпы 
және оқу тақырыптары бойынша әртүрлі жанрлар мен стильде жазылған шағын мәтін-
дердегі сәйкессіздіктерді ажыратып, салыстырады, факті мен пікірді ажыратады;
-
басқа оқушылардың пікірлерін бағалап, оларға сындарлы жауап береді; бірқатар таныс 
жалпы және оқу тақырыптары мен кез келген бейтаныс тақырыптар бойынша мәтіндердің 
мазмұнына сыни баға береді; оқиғалар, пікірлер және мәселелерді дәлелді бағалайды; жаз-
баша дәлелдер келтіреді; бұрын ұсынылған ауызша қарым-қатынас стратегиясын қолдана 
отырып, шынайы болмысқа эмоциялық және бағалаушылық қатынасын білдіре алады;
-
қандай да бір мәселе бойынша пікір білдіретін жазбаша дискурсты мәтіндер, іскерлік 
хаттар мен басқа да құжаттар, әртүрлі таныс жалпы және оқу тақырыптары бойынша 
эсселер жазады; жазбаша мәтінге қысқаша шолу жоспарлайды, жасайды; әртүрлі жанр-
лар мен стильдердегі мәтіндерді өңдеп, оқиды.
7.6.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет