Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Математика және информатика»



Pdf көрінісі
бет27/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

7.7. «Математика және информатика» білім саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Оқушы:
-
қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болу үшін математикалық тілді, заңдар мен 
заңдылықтарды, терминдер мен ұғымдарды қолдана алады;
-
оқуда және күнделікті өмірде туындайтын жағдаяттар бойынша сындарлы шешім қа-
былдау, оларды дәлелдеу үшін математикалық ақпарат (формулалар, диаграммалар, 
кестелер, сызбалар, графиктер) түрлерін сауатты түрде қолдана алады;
-
ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде шынайы нысандар мен үдеріс-
тер дің моделін жасау үшін ақпаратты өңдеп, талдайды және қолдана алады;
-
ауызша және жазбаша жұмыстарда, оның ішінде берілген мәнмәтінде зерттеу жұмысы-
ның нәтижелерін дәлелдеу үшін АКТ мен математикалық тілді қолданады;
-
берілген жағдаятта шешім қабылдау мақсатында қажетті математикалық деректерді 
жүйелейді, математикалық үдерістерді (өлшеу, есептеу, кестелерді, диаграммаларды, 
графиктерді және т. б. құру және оқу) таңдайды;
-
әртүрлі мәнмәтіндегі практикалық мәселелерді шешу мақсатында мөлшерлік қаты нас-
тар мен кеңістіктік формаларды ұсына алады, белгілі шама арқылы белгісіз шаманы 
анықтап, топтастыра алады.
7.7.1.
 Бастауыш мектеп
7.7.1.1. «Математика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
қарапайым математиканың негізгі ұғымдарын; 1 000 000 шегіндегі сандардың жікте-
луін; натурал сандарға және бөлшек сандарға (жай бөлшектер, аралас сандар, ондық 
бөлшектер) арифметикалық амалдарды (қосу, алу, көбейту, бөлу); шамалардың өлшем 
бірліктерін (ұзындық, масса, сыйымдылық/көлем, уақыт, аудан, жылдамдық, құн); өлшем 
бірліктерінің арасындағы байланысты; қарапайым математиканың негізгі формулаларын 
(шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрі, шаршы мен төртбұрыштың ауданы, түзу 
сызықты қозғалыс, қалдықпен бөлу); есептерді шешу тәсілдерін; жазық фигуралардың 
түрлерін және олардың элементтерін; статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу 
әдістерін; есепті математикалық модельдеу әдістерін біледі;
-
математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; арифмети-
калық амалдардың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты; бір математикалық 
есептегі шамалар арасындағы байланысты; жазықтықтағы геометриялық құрылымдар 
мен өлшемдердің қағидаларын; статистикалық деректерді графикалық түрде ұсынудың 
мыңыздылығын түсінеді;
-
практикалық есептерді шешу үшін математикалық білімін; математикалық есептерді 
шешу алгоритмдерін; математикалық терминологияны тиісті контекстерде; натурал 
сандарға есептеу амалдарын; геометриялық есептерді шығаруда жазық фигуралардың 
қасиеттерін; есептерді шешу үшін математикалық модельдерді; көп таңбалы сандар-
ды есептеу үшін микрокалькуляторды; геометриялық құрылымдар үшін сызғышты, 


| 34
транспортирді және циркульді; комбинаторлық есептерді шығару үшін мүмкіндіктерді 
іріктеу әдісін; логикалық есептерді шешу әдістерін қолдана алады (кестелер, схемалар, 
диаграммалар, графиктер, дәлелді пайымдаулар, дәлелдер, гипотезалар ұсыну және 
оларды негіздеу);
-
заңдылықтарды талдайды және реттілік тәртібін құрады; статистикалық деректерді ұсы-
нудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып оларды талдайды; есептерді, теңдеулерді, 
теңсіздіктерді, қос теңсіздікті шешу жолдарын; геометриялық фигуралардың өзара орна-
ласуын; мәтіндік есептердің шарттарын; графиктерден, кестелерден, диаграммалардан 
және схемалардан алынған деректерді; тұжырымдардың дәлелдерін талдайды;
-
есептеулердің дұрыстығын; есептеу әдістерінің ұтымдылығын; оқиғалар мен берілген 
тапсырма аясында құбылыстардың ықтималдылығын; ықтимал шешімдердің санын 
бағалайды;
-
теңдеулер мен математикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрады; статистикалық 
деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытынды шығарады; себептер 
мен салдарды түсіндіру арқылы дәлелді пайымдау жасайды; құрылымдауға арналған 
есептерді шешу жолдарын ұсынады.
7.7.1.2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша күтілетін оқу нәти-
желері
Бастауыш мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
«ақпарат», «нысан», «файл», «папка», «ярлык», «модель», «компьютерлік желі», «ин-
тернет» ұғымдарының мағынасын; операциялық жүйе нысандарының мақсатын; ақпа-
ратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі бөліктерін; енгізу 
және шығару құрылғыларын; қолданбалы құрылғылардың, сервистік бағдарламалар 
мен операциялық жүйенің мақсатын, компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік 
ережелерін біледі;
-
компьютердің негізгі бөліктерінің, енгізу және шығару құрылғыларының, опера ция-
лық жүйе интерфейсінің элементтерінің мақсатын; компьютерлік техниканың адам 
денсаулығына әсерін; ақпарат пен құрылғыларды зиянды бағдарламалардан қорғаудың 
маңыздылығын; ақпаратта авторларға сілтеме жасау қажеттілігін түсінеді;
-
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технология 
құралдарын; әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс істеуге, модельдер жасауға арналған 
қолданбалы бағдарламаларды; қойылған міндеттерді шешу үшін интернет қызметтерін; 
компьютерде жұмыс істеу қағидаларын қолданады;
-
қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін; желідегі этикалық және құқықтық норма-
ларды бұзудың салдарын; қойылған талаптарға сәйкес іріктелген әртүрлі дереккөздерден 
алынған ақпаратты талдайды;
-
график, кесте, диаграмма түрінде ұсынылған деректерді; модельдің қойылған крите-
рийлерге сәйкестігін; есептерді шешу үшін қолданбалы бағдарламалар мен желілік 
қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін бағалайды;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, практикалық мәсе-
лелерді шешу үшін нысандар мен жағдайлардың модельдерін жасай алады.
7.7.2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет