35 |
көпбұрыштардың жіктелуін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттері мен
белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиғаның ықтималдығын классикалық, ста тис-
тика лық және геометриялық анықтамаларды; статистикалық деректерді жинау және
өңдеу әдістерін; есептің математикалық моделі дегеніміз не
екенін білетін болады;
-
математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үш-
мүшенің түбірі мен коэффициенттері арасындағы байланысты; әртүрлі қолданбалы
есептерді шешу үшін математикалық модельдерді қолданудың маңыздылығын; акси-
ома, теорема, салдар, кері теорема сияқты математикалық терминдердің мағынасын;
жазықтықтағы геометриялық фигураларды салу және өлшеу қағидаларын; іріктеменің
және жалпы жиынның сандық сипаттамаларының мәнін; сандық және сапалық талдау
жүргізуде статистикалық деректерді графикалық түрде ұсынудың рөлін түсінеді;
-
практикалық есептерді шешу үшін математикалық білімді; математикалық есептерді
шешу алгоритмдерін; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу және
шешімін зерттеуге арналған функциялардың графиктері мен қасиеттерін; тиісті кон текс-
тер дегі математикалық терминологияны; нақты сандарға есептеу амалдарын; ауызша
және жазбаша түрде дәл және шамамен есептеуді; геометриялық есептерді шығаруда
жазық фигуралардың қасиеттерін; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін матема-
тикалық модельдерді; математикалық есептерді шығаруда графикалық калькулятор,
компьютер және программалық жасақтаманы; нақты тәуелділіктерді сипаттау және
талдау үшін графикалық сызбаларды; есептерді шешуде дәлелді пайымдаулар, дәлелдер,
гипотезалар және олардың негіздемелерін қолдана алады;
-
заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрады;
оларды көрсетудің әртүрлі нысандарын пайдалана отырып статистикалық мәліметтерді;
рационал және иррационал өрнектерге орындалатын түрлендірулерді талдайды; тең деу-
лер, теңсіздіктер және қос теңсіздіктердің шешімдерін; геометриялық фигуралардың
өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдерді құруға ар-
налған мәтіндік есептердің шарттарын; графиктер, кестелер, диаграммалар және әртүрлі
сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін; тұжырымдардың,
теңсіздіктердің, теоремалардың
дәлелдемелерін талдайды;
-
әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, есептердің нәтижелерін есеп контексінде, сон-
дай-ақ ықтималдықты; әртүрлі жағдайларда нақты оқиғалар мен құбылыстардың ықти-
малдығын; іріктеу әдісі арқылы ықтимал нұсқалардың санын; берілген параметрлердің
мәндеріне қарай функция графигінің орнын; шамалардың жуық мәндерін және олардың
стандартты түрде жазылуын; тәжірибелер саны өскен сайын оқиғаның абсолютті және
салыстырмалы жиілігін; қарастырылатын үдерістер мен құбылыстардың нақты қасиет-
терімен байланысты шектеулерді ескере отырып, есептерді шешу нәтижелерін; жиілік
және басқа оқу пәндерінен алынған есептер арқылы ықтималдықты бағалайды;
-
математикалық есептерді шешу алгоритмдерін құрады; статистикалық деректерді өңдеу
және талдау нәтижелері бойынша қорытындылар шығарады; аксиомалар, теоремалар,
салдар арқылы дәлелді пайымдау жасайды; геометриялық түрлендірулерді қолданып,
құрылымдауға арналған есептерді шешу жолдарын шығарады.
7.7.2.2.
«Информатика» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
жүйені талдау үшін компьютер жұмысының негізгі қағидаларын; жүйелік және қолдан-
балы программалық жасақтаманың мақсаты мен негізгі функцияларын; дерекқорларды
басқару жүйелерімен жұмыс істеу негіздерін; программалық жасақтаманы әзірлеудің
өмірлік циклінің модельдерін; веб-бағдарламалау негіздерін, веб-сайттарды құрудың
дерекқор теориясын; мобильді қосымшаларды әзірлеуге арналған бағдарламаларды;
| 36
желілік хаттамаларды және интернеттің қағидаларын; деректер мен компьютерлік жүйе-
нің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
қауіпсіздік шараларын біледі;
-
қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлін, адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпарат-
тық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын;
реляциялық дерекқорды ұйымдастыру қағидаттарын; желілік технологиялардың негізгі
жұмыс қағидаттарын; дыбыстық және бейне ақпаратты өңдеу қағидаттарын; ақпараттық
технологияларды дамытудың негізгі үрдістерін түсінеді;
-
ақпараттық нысандарды құру және өз жұмысының нәтижелерін ресімдеу үшін ақпа-
раттық-коммуникациялық технологияларды, процедуралық және нысанды-бағытталған
программалау тілдерінде бағдарламалау дағдыларын; дерекқорларда сұрау салу қағида-
ларын; құжаттарды өңдеуге және сақтауға арналған бұлттық технологияларды; веб-сайт-
тар мен мобильді қосымшаларды әзірлеудегі бағдарламалау элементтерін; желідегі
жеке қауіпсіздік және желілік этикет ережелерін; дыбыс пен бейнені өңдеуге арналған
программалық жасақтаманы; әртүрлі білім салаларында (математика, физика және т. б.)
алынған білімін қолданады;
-
ақпаратты іздеуге арналған бірнеше критерийлер мен қатынас операторларын қолдана
отырып, сұрауларды; модельдеу, алгоритмдеу және программалау арқылы оны шешудің
тиісті әдістері мен тәсілдерін анықтауға арналған есепті; өңдеу нәтижелерін және ком-
пьютерлік есептеулердің қойылған тапсырмаға сәйкестігін; ең тиімдісін анықтау үшін
есепті әртүрлі тәсілдермен
шешу жолдарын талдайды;
-
жобаны модельдеу және әзірлеу кезінде өз жұмысының нәтижелерін қойылған мақсат-
тарға сәйкес бағалайды (нақтылық, өлшемділік, қолжетімділік, шынайылық, сәйкестік);
қолданылатын программалық жасақтаманың, соның ішінде бағдарламалау құралдары-
ның артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды;
-
пішіндер мен басқару элементтері арқылы дерекқорларды; пайдаланушы мәселелерін
шешу үшін веб-сайттарды; мультимедиялық өнімдерді; программалау саласындағы
білімдерін
тереңдете отырып, шағын бағдарламаларды әзірлейді.
7.7.3.
Достарыңызбен бөлісу: