Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет40/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Негізгі мектеп
7.11.2.1 «Дене шынықтыру» пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелері
Негізгі мектепті аяқтағаннан кейін оқушы:
-
қозғалыс әрекеттерін орындаудағы қиындықтар мен тәуекелдерді; дене жаттығула-
рындағы арнайы қозғалыс әрекеттерін; жаттығуларды біріктіру қағидаларын; әртүрлі 
тапсырмаларда орындалатын рөлдерді; адам денсаулығының компоненттері; адамның 
бұлшықет жүйесінің рөлін біледі;
-
жарақаттанудың себептерін және олардың алдын алу жолдарын; бой қыздыру жаттығула-
ры мен қалпына келтіру әдістерінің ағзаға әсерін; командалық жұмыстағы көшбасшылық 
дағдылардың ерекшеліктерін; әділ ойындағы адамгершілік құндылықтарды көрсететін 
мінез-құлықты; адамның бұлшықет жүйесінің маңыздылығын; салауатты өмір салтының 
денсаулыққа әсерін түсінеді;
-
өз бетімен жұмыс орындаған кезде арнайы қимыл әрекеттер жасайды; физикалық қа-
сиеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар кешенін қолданады; қимыл әрекеттерді 
орындау кезінде сақтандырады және өз қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; командалық 
жұмыс барысында көшбасшылық дағдыларын қолданады; физикалық денсаулықты 
нығайтуға арналған жаттығулар жасайды; дененің функционалдық жүйесіне әсер ететін 
жаттығулар жасайды;
-
арнайы қимыл әрекеттерді орындау жолдарын; қимыл әрекеттерді орындау және 
әртүрлі жабдықтарды пайдалану кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді; командалық 


| 64
жұмыс барысындағы жеке көшбасшылық дағдыларын; әділ ойындағы адамгершілік 
құндылықтарды; физикалық және психологиялық денсаулықты нығайту шараларын; 
дене белсенділігінің дененің функционалдық жүйесіне әсерін; әртүрлі жаттығулар ба-
рысындағы бұлшықеттердің жұмысын талдайды;
-
жаттығулар жиынтығын олардың орындалу реттілігін ескере отырып бағалайды; ар-
найы қимыл әрекеттердің орындалуын; физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған 
жаттығулар кешенінің орындалуын; белгілі бір қимыл әрекет барысында бой қыздыру 
жаттығулары мен қалпына келтіру техникаларының ерекшеліктерін; қиындықтар мен 
тәуекелдерді жеңу және оларға жауап қайтару дағдыларын; командалық жұмыс бары-
сында көшбасшылық дағдыларды; әділ ойындағы адамгершілік құндылықтарды; дене 
жаттығуларының дене сауықтырудағы пайдасын; аурулардың алдын алу, денсаулықты 
сақтау және нығайту жөніндегі шараларды бағалайды;
-
арнайы қимыл әрекеттердің кешенін; оларды орындау реттілігін ескере отырып, жаттығу-
лардың жиынтығын; физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар кешенін; 
белгілі бір қызмет түрінде бой қыздыру мен ағзаны қалпына келтіру әдістеріне арналған 
жаттығулар кешенін; әртүрлі тактикалар мен ойын стратегияларының әдістерін; физика-
лық денсаулықты нығайтуға арналған жаттығулар кешенін; қозғалыстарды үйлестіруге 
және бұлшықеттерді нығайтуға арналған жаттығу кешендерін құрастырады; өзінің өмірін 
мысалға ала отырып, салауатты өмір салтының денсаулыққа әсерін баяндайды.
7.11.3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет