|
Т
Квадрат теңдеуді шешудің барлық әдіс-тәсілдерін меңгерту қажет екеніне назар аударыңыз.
|
http://www.themathpage.com/Alg/complete-the-square.htm#proof
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev2.shtml
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev3.shtml
Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. М.:Интеллект-Центр, 2013, 101-бет
https://www.youtube.com/watch?v=_8kCIRbOpsQ
|
8.2.2.4
Виет теоремасын қолданады;
|
Оқушыларға жұптасып төмендегі кестені толтыруды ұсыныңыз:
Тапсырманы орындаған соң, оқушылар квадрат теңдеудің коэффициенттері мен түбірлері арасындағы байланысты ереже түрінде құрастырулары қажет.
Оқушыларға:
... ;
... ;
.. ;.
... ;
... .
өрнектерінің мәндерін Виет теоремасына сүйене отырып табуды ұсыныңыз, мұндағы және түріндегі квадрат теңдеудің түбірлері.
Виет теоремасына кері теореманы бекіту мақсатында оқушыларға төмендегі тапсырманы ұсыныңыз:
Түбірлері және болатын квадрат теңдеуді құрастырыңыз:
|
Ж
Дәл осылайша келтірілмеген квадрат теңдеулерді де қарастыруға болады.
|
http://www.youtube.com/watch?v=DWNqFr-zXYA
Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. М.: Интеллект-Центр, 2013, 110-111-бет
https://www.youtube.com/watch?v=6BNdfJIXYsY
|
|
8.2.1.1
квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын біледі;
|
Квадрат үшмүшенің түбірлері анықтамасын қолдануға оқушыларға жеке-жеке «Шифр-үлестірмені» ұсынуға болады.
Мысалы:
Ұсынылған айнымалының мәндері ішінен әрбір үшмүшенің түбірі болатын мәнді таңдап алу қажет. Код әріптерін үшмүшелер номеріне сәйкес жазыңыз. Қолайлы болу үшін нәтижені кестеге жазыңыз, сонда математикадан тұңғыш қазақ профессорының тегі шығады.
Жауабы: ЕРМЕКОВ Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970).
| |
Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват.
учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Неш-
ков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,
2010. — 384 с. : ил.
https://www.youtube.com/watch?v=_Ymm-RO-E1Y
|
|
Оқушыларға келесі тапсырманы орындауға ұсыныңыз.
Екімүшенің квадратын бөліп алыңыз және бос орындарды толтырыңыз:
Содан кейін жауапты дайын үлгімен тексеруге болады.
|
Ө
Коэффициенті үшмүшені жіктеу жағдайына оқушылардың назарын аудару қажет.
|
Лебединцева Е.А., Беленкова Е.Ю. Алгебра 8 класс. Задания для обучения и развития учащихся. Учебное пособие. М.: Интеллект-Центр, 2013. 108-бет.
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/quadequationshirev2.shtml
|
8.2.1.3
квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей біледі;
|
Үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дағдыларын бастапқы бекіту ретінде оқушыларға келесі кестені толтыруды ұсыныңыз.
Содан кейін жұпта дайын үлгі бойынша өзара тексеру жүргізуге болады.
|
Ө
Көбейткіштерге жіктеу тура орындалатын мысалдарды ғана емес, сонымен қатар ол қандай да бір есепті шешудің бір бөлігі болатын тапсырмаларды қарастыруға болады. Мысалы, алымы мен бөлімі үшмүше болатын алгебралық бөлшектерді қысқарту кезінде.
|
Ю.М. Колягин, Ю.В. Сидоров,М.В. Ткачева, Н.Е. Федорова, М.И. Шабунин. Алгебра 8 класс. Рабочая тетрадь
Пособие для учащихся общеобразовательных учреждений. 6-е издание. М.:Просвещение. 2010 г.
|
| |
Оқушылармен төмендегідей теңдеулерді шешу мысалдарын қарастырыңыз:
х4 + 5х2 = 126;
(х2 - 1)2 –18(х2 - 1) + 45 = 0;
х2 + 3|х|–4 =0;
(х2 + 3х - 20)(x2 + 3х + 2) = 240;
(х + 1)(х + 2)(х + 3)(х + 4) = 840.
Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға «Тапсырмалар қобдишасы» деген дидактикалық ойынды ұсыныңыз. Әрбір оқушы «қобдишадан» теңдеуі бар үлестірмені алып, оның шешімін алдында меңгерілген алгоритм бойынша орындайды.
Тапсырмасы бар үлестірмелерді оқушылардың өздеріне құрастыруды ұсынуыңызға болады.
| |
https://www.youtube.com/watch?v=z3pzQ98FSqo
|
|
Оқушыларды 3 адамнан тұратын топтарға біріктіріп, өмірмен байланысты есепті шешуді ұсыныңыз.
Мысалы:
«Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см кесіп алды. Егер Ермеков пәтеріндегі балалар бөлмесінің ауданы 17,36 м2болса, осы бөлмеге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?»
Оқушылар есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруы, теңдеуді шешуі және жауабын есептің шартына сәйкес жазуы қажет.
Әрбір топ өз шешімдерін басқа топтарға көрсетеді.
Шығармашылық тапсырма ретінде оқушыларға квадрат теңдеуге келтірілетін өмірмен байланысты өз есептерін құрастыруды ұсыныңыз.
|
Т
Математикалық модель құрастыру кезеңіне назар аударыңыз. Кестені немесе ауызша сипаттауды қолданыңыз:
«Айталық, х м ... болсын».
|
А.Г. Мордкович, Н.П.Николаев Алгебра. 8 класс: учебник для учащихся общеобразовательных учреждений/–4-е изд., перераб. — М.:Мнемозина, 2008, 240-бет
|
8.2.2.6
бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді;
|
Оқушылармен бөлшек-рационал теңдеулерді шешу алгоритмін қарастырыңыз.
Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру үшін әрбір теңдеуге Қазақстандағы облыс аты сәйкес келетіндей тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Оқушылар теңдеулерді шешіп, облыстар атауын мәтіндегі көрсетілген түбірдің орнына қойып, өз елі туралы ақпарат алады.
Мысалы:
«Ауданы ең үлкен ( ) облыс»;
Ауданы ең кіші ( ) облыс;
Тұрғын саны ең көп облыс;
Тұрғын саны ең аз( ) облыс;
Қазақстандағы ең биік нүкте - Хан-Тәңірі шыңы орналасқан ( ) облыс;
Қазақстанда ең төмен температура тіркелген ( ) облыс(-570 С)».
Достарыңызбен бөлісу: |