Қорытынды жасаңыз. Трапецияның орта сызығы оның табандарына қатысты қалай орналасқанын анықтаңыз.
Қорытынды жасаңыз. Оқушылардан барлық топтың қорытындысын салыстыруды сұраңыз. Сонда біз трапецияның орта сызығы табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең деп болжауымызға болады.
Енді бұл пайымды теорема түрінде дәлелдеп көрейік.
Берілген теореманы оқушылар өз бетімен дәлелдеу үшін оларға 3 адамнан тұратын топтарға бірігіп, дәлелдеуді орындауды ұсыныңыз. (Шарты: АВСD – трапеция, МН- орта сызық). Оқушылардың әрбір тобына көмек беріңіз:
Топ №1. АD табанымен К нүктесінде қиылысқанға дейін ВН түзуін жүргізіңіз. МН-ді АВК үшбұрышының орта сызығы деп қарастырыңыз.
Топ №2. МН кесіндісін Т нүктесінде қиятын АС диагоналын жүргізіңіз. МН-ты МТ мен ТН кесінділерінің қосындысы деп қарастырыңыз.
Топ №3. CF || BA жүргізіңіз және ABCF параллелограмы мен DCF қарастырыңыз.
Топ №4. ЕО || BA жүргізіңіз, НЕО, ЕВС, ОАD және AМНО параллелограмы мен ЕНВ және ОНD үшбұрыштарының теңдігін қарастырыңыз.
Жұмыстары аяқталған соң оқушылар өздерінің дәлелдеулерін көрсетеді.
| |
Погорелов А. В.
Геометрия: Учебник для 7-9 кл. общеобразоват. учреждений/
2-е изд. - М.: Просвещение, 2001. - 224 с:
Геометрия. 7—9 классы : учеб. для общеобразоват. учреждений / [Л. С. Атанасян, В. Ф. Бутузов, С. Б. Кадомцев
и др.]. — 20-е изд. — М. : Просвещение, 2010.— 384 с.
|
Шартты белгілер:
Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс;
Т = топтық жұмыс;
Ө = өздік жұмыс;
Ж = жұптық жұмыс;
М = мұғалімнің көрсетуімен.
Достарыңызбен бөлісу: |