Математика. Негізгі мектеп. 8-сынып
|
8.3A бөлім: Квадраттық функция |
Ұсынылатын сағат саны: 20
|
Осыған дейін меңгерілген білім
«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.
|
Мәнмәтін
Функциялардың графиктерін салу және түсіндіру дағдылары оқушыларға болашақта алгебра бөлімдерін, соның ішінде «Квадрат теңсіздіктер» бөлімін оқып үйренуге қажет және физика формулаларын түсінуге негіз болады;
|
| |
Пәндік лексика мен терминология
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
|
квадраттық функцияның анықтамасы мен қасиеттерін біледі;
әр түрлі әдістермен берілген квадраттық функциялардың графиктерін салады;
функциялар графиктеріне түрлендірулер жүргізеді;
бөлшек-сызықтық функциялардың графиктерін салады;
қолданбалы есептерді шығарады.
|
Оқушылар:
- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;
-коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;
- бөлшекті-сызықтық функцияның асимптоталарын табуды түсіндіреді;
- у = kf(х), у = f(х) + а,
у = f(х-а) функцияларының графиктерін алу үшін y = f(x) функциясының графигін түрлендіру ретін сипаттайды.
|
- квадраттық функция;
- парабола;
- парабола төбесі, парабола тармақтары;
- симметрия осі;
- функцияның нөлдері;
- гипербола;
- асимптота;
- параллель көшіру;
- графикті симметриялы бейнелеу;
- х осімен сығу;
- х осімен созу;
- оңға жылжыту, солға жылжыту.
|
- парабола тармақтары ... бағытталған;
- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;
- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >);
- берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту;
- у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады;
- у = kf(х) функциясының графигі 0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады.
|
Қысқаша шолу
Оқушылар квадраттық және бөлшекті-сызықтық функциялардың графиктерін салуды және олардың қасиеттерін сипаттауды үйренеді; квадраттық функцияның графиктерінің оның коэффициенттеріне байланысты орналасуын пайымдайды; функциялардың графиктерін түрлендіреді.
|