8.3.3.11
үшбұрыштың ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады ( , және Герон формуласы);
|
Үшбұрыш ауданы туралы теореманы оқып үйрену алдында дайын сызбалар бойынша есептерді ауызша шешуді қарастырыңыз.
АВСD параллелограммның 8 см және 12 см болатын іргелес екі қабырғасы 30 бұрыш жасайды. АВС және АВD үшбұрыштарының аудандарын табыңдар.
Практикалық жұмыс жүргізіңіз.
Кез кезген параллелограммның картон моделін таратыңыз. Параллелограмды қиып, тең шамалас екі үшбұрыш құрастыруын сұраңыз.
Үшбұрыш ауданы туралы қорытынды жасатыңыз. Алынған формулаларды жаздырыңыз (екі формула).
Пифагор теоремасын пайдаланып, Герон формуласының дәлелдеуін көрсетіңіз.
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.
Мысалы, теңқабырғалы және теңбүйірлі үшбұрыштар аудандарының формулаларын есеп ретінде өз бетімен қорытуды ұсыныңыз.
1)Катеттері а және b болатын тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтаңдар.
2)Қабырғасы а болатын теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын анықтаңдар.
3) с гипотенузасы бойынша теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың ауданын анықтаңдар.
4) Q ауданы бойынша теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасын анықтаңдар.
5) h биіктігі бойынша теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын анықтаңдар.
6) Егер тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 73 см, ал ауданы 1320 см2-ге тең болса, онда катеттерін табыңдар.
7) Дәлелдеңіз:
|
Табандары мен биіктіктері тең үшбұрыштардың аудандары да тең.
| |
Биіктіктері тең үшбұрыштардың аудандарының қатынасы олардың сәйкес табандарының қатынасына тең.
=
|
| |