Қысқаша шолу
Оқушылар статистикалық ақпараттардың алғашқы өңдеуімен айналысады: оның кесте, гистограмма түрінде берілуі. Сандық қатардың өзгеріс өлшемін қарастырады: құлаш, дисперсия, стандартты ауытқу.
| |
Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері
| | | |
8.4.4.1
таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы береді;
|
Оқушылармен вариациялық қатар ұғымын, абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді табу, сандық қатардың арифметикалық ортасы, таңдама нәтижелерін жиіліктердің кестесі, жиілік полигоны түрінде беруін қайталаңыз.
Оқушыларға келесі түрдегі тапсырма ұсыныңыз: «Жетінші сынып оқушылары арасында олардың отбасы неше адамнан түратыны туралы ішінара сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде келесі таңдама алынды: 4, 4, 5, 5, 6, 6, 4, 3, 7, 7, 2, 3, 6, 3 ,4, 2, 7, 4, 5, 4, 3, 3, 2, 4, 5.
Бұл жердегі әрбір сан әр оқушыға сәйкес отбасындағы адам санын білдіреді. Берілген таңдаманы жиіліктер кестесі түрінде ұсыныңыз».
Оқушыларға отбасындағы адамдар санының ортасын табуды және жиілік полигонын салуды ұсыныңыз. Одан әрі оқушыларға келесі есепті ұсыныңыз.
Оқушы портфелінің салмағы қанша болатынын анықтау үшін бірінші сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі сан қатары (портфель массасы кг- мен берілген) алынды:
2,1; 2,45; 1,9; 2,6; 3,1; 1,95; 3,4; 4,3; 1,15; 2,7; 2,2; 3,2; 2,4; 2,2; 1,8; 1,5; 2,4; 2,25; 2,6; 1,75.
Оқушылармен вариациялық қатар және жиіліктер полигоны қалай көрсетуге болатынын талдаңыз. Деректердің осындай көрсетілімі көрнекі бола ма?
Мұндай кесте сипаттамалық статистиканың мақсаттарына сәйкес келмейді, статистикалық деретерді ыңғайлы оқылатын түрде көрсете алмайды.
Сондықтан оқушыларға деректерді топтастырып және жиіліктердің интервалдар кестесін толтыруды ұсыныңыз.
Мәннің интервалдық шекке түсуіне назар аударыңыз.
Екі рет есептемес үшін мән қандай да бір интервалға қойылады (мысалы, сол жақ).
Осыған дейін дискретті шамаларды қарастырғаныңыз жөнінде қорытынды жасаңыз. Дискретті шама – ол саналатын мәндер жиыны, яғни оны алдын ала санауға болады. Осы жылы біз үзіліссіз шамаларды оқып білеміз. Үзіліссіз шама – ол қандай да бір (а;b) немесе [a;b] аралығын үзіліссіз толтыратын мүмкін мәндер.
Оқушыларға зерттеліп отырған портфельдердің орташа салмағын табуды ұсыныңыз. Әрі қарай оқушыларға үзіліссіз шамалардың арифметикалық ортасын есептеу тәсілдерін ұсыныңыз.
Әртүрлі тәсілдермен есептелген портфельдің орташа мәнін салыстырыңыз.
| |
Мордкович А.Г., Семенов В.П. События, Вероятности. Статическая обработка данных. Дополнительные параграфы к курсу алгебры 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Мнемозима, 2009.
Ткачева М.Ф., Федорова Н.Е. Элементы статистики и вероятность. Учебное пособие для 7–9 классов общеобразовательных учреждений. – М.: Просвещение, 2007.
Бродский Я.С. Статистика. Вероятность. Комбинаторика. – М.: ООО «Издательство Оникс»; ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008.
Макарычев Ю. Н.Алгебра : элементы статистики и теории вероятностей : учеб. пособие для учащихся 7—9 кл. общеоб–разоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк; под ред. С. А. Теляковского.— 3–е изд.— М. : Просвещение, 2005.
http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/data/representingdata2rev5.shtml
http://5klass.net/algebra–9–klass/Osnovy–statistiki/020–Poligon–raspredelenija–dannykh.html
http://x–uni.com/matematika/7klass/uchebniki/sobitiya–veroyatnosti–statisticheskaya–obrabotka–dannih–aalgebra–7–9–klass–mordkovich–a–g–semenov–p–v–2008
http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98704116
|
8.4.4.2
жиіліктердің интервалдық кестесіндегі деректерді жиіліктер гистограммасы арқылы береді;
|
Жиіліктердің интервалық кестесіндегі деректер жиіліктердің гистограммасы түрінде беріледі. Көлденең ось бойында мәндер интералы орналасады, ал әрбір интервал үстінен тіктөртбұрыш тұрғызылады, оның ауданы берілген интервалға түсуінің салыстырмалы жиілігіне тең. Назар аударыңыз: биіктігі емес, ауданы. Дегенмен, егер интервалдар тең болса, онда барлық тіктөртбұрыштардың биіктігі сәйкес жиіліктерден тек ғана тұрақты көбейткішімен – интервал ұзындығымен ерекшеленеді.
Оқушыларға тапсырма ұсыныңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |