Білім беру бағдарламасы nis-programme «Математика»


А бөлім: Квадрат теңсіздіктер



бет44/51
Дата24.02.2022
өлшемі3.75 Mb.
#455714
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
8-synyp-oku-zhospary-matematika-nd2b1sd29ba-2-iyun-2017 (1)

8.4А бөлім: Квадрат теңсіздіктер


  • Ұсынылатын сағат саны: 24

  • Осыған дейін меңгерілген білім

  • Теңдеулер жүйесі және оның шешімі ұғымын білу; квадрат теңдеулерді шешу, квадраттық функциялардың графигін салу дағдылары, соның ішінде бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдану; есептерді шешу дағдылары.

  • Мәнмәтін

  • Квадрат, рационал теңсіздіктерді, олардың жүйелері және жиынтығын шеше алу логарифмдік, көрсеткіштік, иррационалдық және басқа теңсіздіктерді шешу үшін негіз болып табылады; және де функцияларды таңба тұрақтылыққа зерттеген кезде қажет.

  • Бөлім бойынша оқу мақсаты

  • Оқытудың тілдік мақсаты

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • Оқушылар:

  • квадрат және рационал теңсіздіктердің анықтамаларын біледі;

  • квадрат теңсіздікті, модуль таңбасы бар өрнектегі теңсіздікті, рационал теңсіздікті шешеді, соның ішінде интервалдар әдісімен;

  • екі теңсіздіктен тұратын жүйелерді және жиынтықтарды шешеді;

  • квадрат түбірлері бар өрнектердің анықталу облысын табады.

  • Оқушылар:

  • бір айнымалысы бар теңсіздіктерді ауызша және жазбаша сипаттайды;

  • айнымалының мүмкін мәндер жиынын табуда теңсіздіктерді (теңсіздіктер жүйесін) құруды түсіндіреді;

  • модуль таңбасы бар өрнектегі теңсіздіктерді шешуде жүйе мен жиынтықты құруды дәйектейді.

  • квадрат теңсіздік;

  • рационал теңсіздік;

  • бөлшек-рационал теңсіздік;

  • теңсіздікті шешу;

  • теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешу;

  • теңсіздіктер жиынтығы, теңсіздіктер жиынтығын шешу;

  • функцияның нөлдері, таңба тұрақтылық аралықтары;

  • теңсіздіктер шешімдерінің қиылысуы және бірігуі;

  • интервалдар әдісі.

  • ... үшін функция мәндері теріс емес;

  • ... үшін функция мәндері оң;

  • теңсіздіктер жүйесінің шешімі ... болады;

  • теңсіздіктер жиынтығының шешімі ... болады;

  • ... әрбір санды интервалда функцияның таңбасын анықтаймыз;

  • параболаны сұлба түрінде бейнелеп ... аламыз;

  • таңбалардың алмасу қасиетін қолданып ... анықтаймыз.

  • Қысқаша шолу

  • Оқушылар квадрат, рационал және бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу әдістерін оқып біледі, әртүрлі теңсіздіктердің жүйелерінің және жиынтықтарының шешімдерін қарастырады, модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу дағдыларын жетілдіреді.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет