Білім беру бағдарламасы «Өмір қауіпсіздік негіздері»


Табиғи сипаттағы қауіп



бет9/18
Дата07.03.2024
өлшемі84.31 Kb.
#494685
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
«Өмір қауіпсіздік негіздері»

15

Табиғи сипаттағы қауіп

3

4

 8




15

Техногендік сипаттағы қауіп

 2



8



10

Қоршаған орта және адам денсаулығы



 3




3

Экстремалды жағдай және қауіпсіздік


 6



6


12

Азаматтық қорғаныс






9

9

Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты

3

3

3

3

2


14

Медициналық білім негіздері

2

2

1

1

1

2

9

БАРЛЫҒЫ

15

15

15

15

15

12

87


ОҚУ УАҚЫТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША БӨЛУ ҮЛГІСІ
5-СЫНЫП

Бөлім атаулары және тақырыптары

Сағат саны

1. Қауіпсіздік және адамды қорғау

5

1.1 Тұрғын үйдегі су-газ-электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану

1

1.2 Тұрмыстағы өрттердің сипаттамасы және жіктелуі

1

1.3 Көшеде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1

1.4 Экстремизм және терроризм: негізгі ұғымдары

1

1.5 Қоғамға қарсы іс-әрекет. Қоғамға қарсы іс-әрекет үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі

1

2. Табиғи сипаттағы қауіп

3

2.1 Біз және табиғат

1

2.2 Табиғи апаттар және адам үшін болуы ықтимал салдары

1

2.3 Климаттық-географиялық жағдайлардың ауысуы

1

3. Техногендік сипаттағы қауіп

2

3.1 Химиялық ластану және оның салдары

1

3.2 Ядролық энергетика объектілерінің қауіптілігі

1

4. Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты

3

4.1 Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері

1

4.2 Қимыл белсенділігі – денсаулық кепілі

1

4.3 Тамақтану гигиенасы

1

5. Медициналық білім негіздері

2

5.1 Дәрілік заттармен және тұрмыстық химия құралдарымен улану кезінде алғашқы медициналық көмек

1

5.2 Таңу және қайта таңу туралы түсінік

1

БАРЛЫҒЫ

15

ОҚУ УАҚЫТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША БӨЛУ ҮЛГІСІ
1-бөлім. Қауіпсіздік және адамды қорғау
Тұрғын үйдегі су-газ-электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану. Жылу, су, газды авариялық жабуға арналған крандардың орналасуы. Электр беруді ажырату жүйесі. Пайдалану ережелері. Үй-жайды су басу кезіндегі ережелер және оны жою бойынша шаралар. Крандарды қарапайым жөндеу, су жүретін шлангілерді, бекітпе ауыстыру. Жанып кеткен шамды ауыстыру.
Тұрмыстағы өрттердің сипаттамасы және жіктелуі
Өрт неліктен шығады? Жанудың сыртқы белгілері бойынша өрттердің жіктелуі. Ішкі өрттер – ашық және жасырын. Құрылыс типі бойынша жану түрлері. Өрт сөндіру құралдарының орналасу орындары.
Көшеде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қауіптілігі жоғары аймақтар (вокзалдар, стадиондар, базарлар, саябақтар, кинозалдар). Өзіңді сенімді сезіну үшін. Серуендегі, адамдар көп жиналатын жерлердегі жеке қауіпсіздік ережелері. Өзін-өзі қорғау тәсілдері мен ережелері.
Экстремизм және терроризм: негізгі ұғымдары
Экстремизм және терроризм түрлері. Қазіргі заманғы терроризмнің мәні. Олардың пайда болу салдары (ықтималдығы).
Қоғамға қарсы іс-әрекет. Қоғамға қарсы іс-әрекет үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі
Әлеуметтік сипаттағы қауіпті жағдайлар. Мұқият болуды қалай үйрену керек. Теріс қылықтар және қылмыс. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері.
2-бөлім. Табиғи сипаттағы қауіп
Біз және табиғат
Адамның табиғатқа әсері. Табиғаттағы қауіпті жағдайлардың сипаттамасы. Пайда болу себептері. Адамның табиғаттағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері.
Табиғи апаттар және адам үшін болуы ықтимал салдары
Табиғи апаттар табиғат күштерінің неғұрлым қауіпті көріністері ретінде. Табиғи апаттар және олардың адамға әсер ету тәсілдері бойынша қысқаша сипаттамасы. Табиғи апаттардың болу қаупі туындаған кезінде халықты хабардар ету тәсілдері. Халықтың белгіленген іс-әрекет ережелері.
Климаттық-географиялық жағдайлардың ауысуы
Климаттық-географиялық жағдайлардың мәжбүрлі өзгеруі. Жерсіну кезеңінде адамға әсер ететін факторлар. Жерсіну ережелері.
3-бөлім. Техногендік сипаттағы қауіп
Химиялық ластану және оның салдары
Ластау көздері. Топырақтың, судың, ауаның ластануы. Химиялық ластанудың адам денсаулығына әсері. Ластанудан тазалау тәсілдері.
Ядролық энергетика объектілерінің қауіптілігі
Радиациялық қауіпті объектілер түрлері. Объектілердің қоршаған ортаға әсері. Радиоактивтік сәулеленудің адамға әсері. Қорғану тәсілдері.
4-бөлім. Денсаулық негіздері және салауатты өмір салты
Зиянды әдеттер және олардың адам денсаулығына әсері
Зиянды әдеттердің пайда болу себептері. Темекі шегу және оның ағзаға әсері. Маскүнемдік кезіндегі денсаулықтың бұзылуы. Нашақорлық, уытқұмарлық. Алдын алу шаралары.
Қимыл белсенділігі – денсаулық кепілі
Қимыл белсенділігі деген не? Қимыл біліктерін дамыту және олардың сапасы. Дене қасиеттерін қалыптасуына әртүрлі спорт түрлерінің әсері.
Тамақтану гигиенасы
Тиімді және теңдестірілген тамақтану. Тамақтану нормалары. Балалардың тамақтануындағы дәрумендердің рөлі. Су ішу режімін сақтау. Тамақтану режімін құру.
5-бөлім. Медициналық білім негіздері
Байламдардың созылуы, буын шығуы кезінде алғашқы медициналық көмек Белгілері мен симптомдары. Көмек көрсетуге арналған материалдар. Алғашқы көмек (практикалық жұмыс).
Дәрілік заттармен және тұрмыстық химия құралдарымен улану кезінде алғашқы медициналық көмек
Улану, улану себептері. Уланудың алдын алу. Белгілері мен симптомдары. Сұйық химикаттар теріге тигенде, ауыз арқылы уланғанда, иістенгенде көрсетілетін алғашқы көмек.
Таңу және қайта таңу туралы түсінік
Жалпы түсінік. Таңғыш түрлері. Таңу материалы. Дәкелік таңғыштарды қоюдың алгоритмі. Таңғыштарды қоюдың жалпы ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет