Білім беру бағдарламасы тобының білім алушылары үшін «автоматтандырылған учаскені мен цехтерді жобалау»



бет7/17
Дата02.10.2023
өлшемі281.5 Kb.
#479509
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Дж Автомат жүйе

Дәріс № 6.
Жабдықтардың есебі. Керекті жабдықтың есебі.
Дәріс жоспары:
6.1 Керекті жабдықтың есебі.
6.2 Технологиялық май суыту жабдықтың есебі.

6.1 Керекті жабдықтың есебі.


Керекті жабдықтың есебі үшін екі әдіс бар. Біріншісі ірі көрсеткіштер арқылы алынады. Бұндай есеп жобалау тапсырмаларда беріледі. Бұнда керекті жабдық, алынған жабдықтың өнімділігіне анықталады - сағатты немесе удельді. Пештердің өнімділігі операцияларға байланысты болғандықтан жобалау тапсырмалады керекті жабдықтарды санау алдында бұйымның операцияларға бөлінетін программалары құралады. Содан кейін пештердің қарыздары есептеледі, яғни біркелкі бұйымның тобының программа бойынша пештің жұмыс істеу уақыты. Жабдықтардың керекті саны ірі көрсеткіші арқылы былау есептеледі. Мысалы жылына 340000 кг бұйымды шынықтыру үшін 50 кг / сағ өнімділігі бар пеш таңдап алынған. Сонда пештің керектігі 340000: 50= 6800 сағ. Егер осы сағатты 3910 бөлсек (жыл бойы екі сменалы жұмыстағы фонд уақыты), онда 6800 : 3910 = 1, 74 пеш санын алып шығамыз.
Сонымен есептелген жабыдықтардың саны 1, 74 болады. Бүтін санға дейін алады да алынған пештері болып шығады, яғни 2 пеш. Пештің тиеу
коэффициенті 1,74*100/2 = 87% болады.
Екінші әдіс дәлірек болады олар бұйымның программасының уақыт нормасы бойынша есептеледі. Бұл әдіс нормалданңған уақыт болйынша есеп теп аталады, ол үшін техникалық проекте тиелетін ведомость құрайды, яғни әр таңдап алынған жабдық түрі бойынша ведомость толтырады. Кейбір проект бұйымдар технологиялық процестің іріктеп ведомостын құрайды, бірақ технологиялық картасыз.
Нәтижесінде екінші әдіс бойынша қарыздылығы дәл саналады. Ары қарай есеп бірінші есеп бойынша кете береді.
Пештердің тиелу коэффициенті есептелгеннен кейін 90-95% құру керек, ал егер ол кіші сан болып шыққан жағдайда (мысалы, 30-40% ), онда басқа пешті таңдау керек оның өнімділігі аз болу қажет немесе осы бұйымдардың өндеуін басқа өте тиелмеген пешке ауыстыру керек.
Төменделген тиелу коэффициенті жұмысты жақсартқан жағдайда немесе оның тиімділіг технологиялық керектігі болған жағдайда қолданылады. Мысалы бұл жасауату пештерінде болады, немесе шынықтыру бактарында.
Егер тиелу коэффициенті 95% жоғары болса, бірнеше типті бір типті паештер үшін, онда қорлы пешті алу қажет бұнда тиелу коэффициенті төмендейді.
Мысалы итергіш пештің қарыздылығы 24500 сағ. Онда оның уақыт фонына бөлгенде 3 сменалы жағдайда аламыз 24500 : 6180= 3, 95 пеш. Егер 4
пеш деп алсақ, онда тиелу коэффициенті 3,95*10/4 = 98% болады, егер қорлы
пешпен бірге 5 деп алсақ онда 3.95*100/4= 79% болады, бұл тиімді.
Үздіксіз - ағымды жағдайда жабдықтардың саны мына формуламен есептеледі:
Ср = Тш / t
Мұнда ТШ- берілген операциядағы бір уақыт, мин.
t - бұйымдардың шығу тактысы, мин.
Автоматты сызығынан шығу такты х = 60ҒД / Q сондықтан CrTшQr/

Мұнда Qr- бұйымдардың жылдық шығу көлемі.
ҒД - жабдықтың расты уақыт фонды.
Тазалау, жөндеуге арналған керекті жабдықтың саны жылдық программа және жабдықтың өнімділігімен анықталады.
Көлік көтергі жабдықтың санын оның түріне, өндірістің көлеміне және негізгі жабдықтардың цехта орналасуына байланысты есептейді.
Өнімнің сапасын бақылайтын жабдықтардың санын (Бринелл, Роквелл, Виккерс, магниттік және ультрадыбыстығы дефектоскоптан және т.б ) жылдық программаның бақылау - нормасына және жабдықтардың өнімділігіне байланысты есептейді.

6.2 Технологиялық май суыту жабдықтың есебі.


Май суыту жабдығының өнімін (ккал / сағ) мына формула бойынша. есептейді
Q=cA(tн-tk)
Мұнда с - болаттың жылусиымдылығы ккал / (кг.град);
А - суытытын металдын орта саны, кг / сағ;
tн- суытатын металдың температурасы С0;
tк - суыған металдың температурасы С.
Майдың санын (кг / сағ ), металды суыту үшін мына формула бойынша есептейді:
P=Q/Cm(t-t)

мұнда См- майдың жылу сиымдылығы (0,45 ккал / кг.град);


t1 - майдың - температурасы, май суытқышқа баратын (50С0)
t2 - майдың температурасы, майсуытқыштан шығатын (39 С 0)
майдың көлемі (л/ час) у= — = — мұнда р майдың тығыздығы.
р 0,9
Жабдықтың өнімділігі (м / сағ ) у1= V/ 1000
Негізгі қосымша, көмекші жабдықтарды есептегеннен кейін және техника - экономикалық негізін құрағаннан кейін отынның шығымын есептеу қажет. Бұл жылу баланс негізінде есептеледі. Жылу балансын отынның келу және шығу статияларын анықтау үшін жасайды.
Бұйымдардың операцияаралық тасымалдау ағымдық сызықтарын құру арқылы жақсарады, олар тұтас автоматтандырылған және неше түрлі конвейер арқылы жүргізіледі. Бірақ кейбір жағдайларда ірі габаритті бұйымдарды тасымалдаған жағдайда осындай сызықтарды құру қиын. Бұл жағдайда неше түрлі көлік көтергі жабдықтарды қолданады: мостық кран, элетротельфері бар монорельстар, бұралатын және жылжитын крандар, автокаралар, арбалар.

Бақылау сұрақтары


Тиелу коэффициенті қандай формуламен анықталады?
Жабдықтың жұмыс істеу фондының уақыты қалай анықталады?
Жабдықтардың есебі қай ретпен жүргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет