Білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты: Ақболат А. Н. Педагогикалық тәжірибе жетекшісі: П.ғ. д., профессор, Шуакаев М. К



бет4/5
Дата01.12.2023
өлшемі1.02 Mb.
#485130
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Айша

Магистрант-практикант: Ақболат Айшабибі Нұрланқызы

Абай атындағы ҚазҰПУ


Математика,физика және информатика
институтының «Математика,физика және информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасы, «5В01501-Математик»
білім беру бағдарламасы, 3 курс студенті
Маркез Ботакөзге
Мінездеме
Педагогикалық тәжірибеден өту барысында мен практикант-магистрант Ақболат Айшабибі Нұрланқызы Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатика» институты, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы, МОК-213 білім беру бағдарламасының студенттеріне сабақ жүргіздім.
МОК-213 білім беру бағдарламасының студенттері университет шараларына қатысып, өздерінің тек сабақтан ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенді екенін көрсете білді. Топтық оқу үлгерімі жоғары деңгейде екенін ескерсек, студенттер алдағы уақытта оқуларын жалғастыру мақсатында білімдерін шыңдау үстінде. Топ өте белсенді, командалық ұйымдастыру жұмыстарына бейім. Педагогикалық практикада сабақ беру барысында ерекше көзге түскен студент –Маркез Ботакөз.
Маркез Ботакөз оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға қабілетті, өнерге жақын студент. Сонымен қатар Ботакөз оқушыларға олимпиадалық есептерді білім беру орталығында үйретіп, репетитор қызметін атқарады. Топтағы басқа студенттер бос уақыттарында кітапханаға барып, олимпиадалық есепті бірге талқылап, уақыттарын да тиімді өткізеді. Топтағы әрбір студент аталған мамандықтарын өздері таңдап, жеке қалауларымен түскен. Математика білім беру бағдарламасы қазіргі уақытта ғана емес, келешекте де маңыздылыққа ие болатынына барлық топ студенттері сенімділік танытады, сондықтан болашақта үлкен белестерге жетуге деген ұмтылыстары жоғары.
Топ студенттері алғыр, күрделі деңгейдегі есептерге шығаруға бейім, оқуға ынталы,өте талантты деп айта аламын. Берілген тапсырмаларды уақытылы орындауға тарысады. Болашақта студенттер арасынан білімді де білікті, өз ісін жетік меңгерген мамандар шығады деп сенемін.

Магистрант-практикант: Ақболат А.Н

Абай атындағы ҚазҰПУ


Математика, физика және информатика
институтының «Математика, физика және
информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасы, «7М01501-Математика»
білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты:
Ақболат Айшабибі Нұрланқызының
Абай атындағы ҚазҰПУ
Математика, физика және информатика
институтының «Математика, физика және
информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасында педагогикалық
іс-тәжірибесінен өтуі бойынша

ЕСЕБІ
Мен, Ақболат Айшабибі Нұрланқызы, 16.10.23 ж. - 11.11.23 ж. аралығында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Математика, физика және информатика институтының «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.
Тәжірибенің бастапқы күндері жетекші п.ғ.д., профессор, Шуақаев М. К. ағаймен және сабақ өткізетін оқытушы Ардабаева А. К. апаймен кездесіп, педагогикалық іс-тәжірибенің мақсат міндеттерін айқындадым. Келесі күні кәсіби даярлау бөлімі ұжымымен, оқытушылар құрамымен, сабақ кестесімен және пәндер тізімімен, оқытушылардың пән силлабустарымен, сабақ беретін топ студенттерімен таныстым.
Бірінші аптада оқытушылардың дәріс және семинар сабақтарына қатыстым. Келесі аптысында алдыңғы апта дәріс негізінде 3 курс студенттеріне «Математиканы оқыту практикумы» пәнінен семинар сабағын өткіздім. Сабақ оффлайн жүргізілді, сондай-ақ ММОК-221 топ магистранттарының өткізген сабақтарына қатыстым.
Қазан айының 22-ші жұлдызына дейін мен жоғарғы оқу орындарына сабақ беру әдіс-тәсілдерін зерттеп, ақпарат жинап, дәріс пен семинардың сабақ жоспарын құрып, және оларды жүзеге асыру жолдарын ізденіп, кәсіби даярлау бөлімінің құжаттарымен танысып, студенттермен тіл табысу ерекшеліктерін меңгердім.

3 – курс студенттерінің қатысуымен қазан айының 26-шы жұлдызында «Математиканы оқыту практикумы» пәні бойынша оффлайн форматта «Алгебралық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында семинар сабақ өттім.

Педагогикалық тәжірибе жетекшісінің қолы: ________

Магистранттың қолы: ________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі»


кафедрасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет