1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Пән оқытушысы:Касенова Кыздаркуль Бахрадиновна, аға оқытушы,PhD, katua 67@mail.ru, конференцияның ID номері8799510007
7p@Ao( )
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
«Былғары және теріден бұйымдарды жобалау» курсы 6В07207 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» ББ бойынша оқитын студенттерге арналған. Пәнді оқу барысында студенттерге былғары мен терінің сипаттамасы, шикізат түрлері, шикізаттың қасиеті, сапасы және оны бағалау, шикізат базасы, тері қүрылымы туралы мәліметтер қарастырылған. Былғары үлбір жасаудағы дайындың процестері, илеу жөне оның әдістері, әрлеудің түрлері, қолданылатын жабдықтар, шайынды су қүрамы мен оны тазарту жолдары туралы білім беріледі
Оқыту мақсаты: студенттерге былғары және теріден бұйымдарды жобалау туралы білім беру.
Оқыту нәтижелері:
Былғары және тері саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдамаларды, нақты ұғымдар анықтамасын біледі, терминдердің мағынасын түсінеді;
Былғары және теріден бұйымдарды жобалау бойынша қалыптасқан теориялық білімдері мен икем-дағдыларын оқу практикалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдана алады, зерттеулерді жүзеге асырады;
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ақпаратты игереді, талдайды, пайдалана алады. Маңызды ақпаратты жаңғырту, түсіндіру, есте сақтау қабілеті мен өз бетінше түсіндіру қабілетін меңгереді.
Ғылыми материалдарды дайындау, дизайн саласындағы нәтижелерді өңдеуді жүзеге асырылады, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру, кәсіби іс-әрекетінде қолданатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу әдістерін меңгереді.
Академиялық жазуға қатысты теориялық білімдер жүйесін қалыптастырып, өнеркәсіп бұйымдарын дайындау барысында дизайнерлік міндеттерді шешуге тұжырымдамалық, шығармашылық тәсілге негізделген жобалық идеяны әзірлеу, өз ұсыныстарын негіздеу, проблемалық мәселелердің шешімін жылдам табу, баға беруге және өзбетінше ізденіс жұмыстарын істей алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |