Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 6В01501- биология Пәннің коды, атауы: : BioKh 3216-Биохимия Оқу түрі: күндізгі Семестр: 6


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ



бет5/5
Дата21.09.2023
өлшемі280 Kb.
#478194
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
1Силлабус биохимия

9. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

7.1. Студенттердің білімін бақылау мен бағалау балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүзеге асырылады:



Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



9.2. Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жалпы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын, шығармашылық белсенділігін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау пән оқытушымен жүргізіледі.
9.3. ОСӨЖ(СӨЖ) тапсырмалары және оларды орындауға қойылатын талаптары мен бағалау критерийлері «Platonus» жүйесіне енгізілген.
9.4. Оқытушы бір семестр бойы барлық білім алушылар үшін семестр бойы оқылатын пәндерден екі міндетті межелік бақылауды келесі мерзімдерде өткізеді: бірінші межелік бақылауды – 7 (жетінші) аптада және екінші межелік бақылауды – 15 (он бесінші) аптада.
9.5. Бағалау тәртібі: әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды практикалық, зертхана, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б. сабақтарында бағалап, орта арифметикалық қосындысын 3, 5, 6, 10, 12, 14 апталарда «Platonus» жүйесіне енгізіп отырады.
Жұмыстарды тапсыру кестесі

Апталар/
Тапсырмалар

1

2

3

4

5

6

7



8


9

10

11

12

13

14

15



Лекциядағы жұмыс

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Семинар (практикалық) сабақтағы белсенділігі

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

ОСӨЖ тапсырмалары

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Жеке тапсырма (СӨЖ)





100


100

100











100


100




100




100

Ағымдық бақылау (АБ)







100




100

100




АБ1 ≤100





100




100




100




АБ2 ≤100

Межелік бақылау
(МБ)



















100

МБ1≤ 100




















100

МБ2≤ 100

Балдық бағалау, max







10




20







30







40




50







60




Балдық бағалау,mix







4




8







12







16




20







25






Ескерту: Ағымдық бақылаудың келтірілген әрбір түрі бойынша максималды баға кестеде көрсетілген апталарда қойылады.
Межелік бақылау: 7-ші және 15 аптада өтетін тест(ауызша, жазбаша)
Қорытынды емтихан: емтихан сессиясы кезеңінде
Ағымдық бақылаудың орташа пайызы (АБО1,2) – 30 %
Межелік бақылау (МБ1,2) – 30%
Қорытынды емтихан (Е) – 40%
Жалпы: 100%
Қорытынды баға төменде көрсетілген формуламен есептелінеді:


Қорытынды баға (ҚБ) = (АБО1+МБ1+АБО2+МБ2)/4*0,6 + (Е*0,4)
Бұл жерде:

АБ

Ағымдық бақылау

АБО 1 -

3,5,6 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ1 -

1-7 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (бірінші межелік бақылау) нәтижесі

АБО 2 -

10,12,14 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ2 –



8-15 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (екінші межелік бақылау) нәтижесі

Е -

Емтихан бағасы

ҚБ -

Қорытынды баға



Ескерту: Сессияға оқу ақысын толық төлеген, сабаққа 75% -дан жоғары қатысқан, ағымдық және межелік бақылаулардан кемінде 25 балл жинаған студенттер жіберіледі.


Назар аударыңыздар: Барлық тапсырма түрлерін орындау және тапсыру барысында, сонымен бірге межелік бақылау мен емтихан тапсырған кезде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет. Межелік бақылау мен емтихан кезінде барлық ақпараттық, есептегіш құралдарды пайдалануға немесе басқа студентпен сөйлесуге, көшіруге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Акт толтырылған студенттер академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін факультет декандары шара қолданады. Егерде студент емтихан барысында академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзған жағдайда оқудан шығару мәселесі қаралады.
Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте емтихан сессиясы барысында факультет деканының рұқсатымен студент емтиханды жеке кесте бойынша тапсырады.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан университеттен оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.
Курстан курсқа көшу GРА (Grade Point Average) балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі: 1 курстан 1,5; 2 курстан – 1,8; 3 курстан – 2,00; 4 курстан-2,33.
10. БІЛІМ АЛУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10.1 Сабақты жібермеу және кешікпеу керек, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
10.2 Сабақ кезінде әңгімелеспеу, ұялы телефонды және басқа да коммуникация құралдарын пайдаланбау керек.
10.3 Сабаққа іскер киіммен келу керек.
10.4 Мәдениетті болу керек, басқалардың көзқарасын сыйлау қажет және қарсылығыңыз болса оны әдепті түрде айту керек.
10.5 Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
10.6 Аралық және қорытынды бақылау кезінде көшіру, басқа студент үшін емтихан тапсыру қатаң айыпталады.
Ескерту: Дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып, белсенділік көрсету сіздің міндетіңіз және ол қорытынды бағаның негізгі құраушы болып табылады. Сабаққа қатыспау сіздің үлгеріміңізге және қорытынды бағаға әсер етуі мүмкін. Тек сабаққа қатысып отыру баллдың көбеюіне өзінен-өзі әсер ете алмайды, сондықтан сабақта үнемі сіздің белсенділігіңіз қажет. Оқулықтың көрсетілген бөлімдерін және қосымша материалдарды тек қана семинар сабақтарына дайындалғанда ғана емес, сонымен қатар тиесілі дәріс сабағының алдында да қарап, танысу қажет. Бұндай дайындық сіздің жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді және сіздің белсенділік танытуыңызға әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет