72 Learningapps мүмкіндіктері
Педагогикалық іс-тәжірибемде қолданыс тапқан, оқушылар арасында апробациядан
өткен интерактивті оқытудың бір түрі – LearningApps.org
LearningApps.org деген не? Ол:
интерактивті оқыту;
интерактивті модульдердің көмегімен оқыту және оқыту процесін қолдау;
модульдерді жылдам құру және өзгерту;
тапсырмалар базасын жинақтап, қолжетімді ету;
онлайнда оқу, жаппай тегін қолдану.
Оқытушы LearningApps.org платформасында жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп,
аккаунт құрады. Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады.
Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті жасырын
статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығу», «Жаңа жаттығу», «Менің
сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу»
қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді
іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент,
кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ т.б. модульдерді ұсынады. Модуль
құрылымы: жаттығу атауы, жаттығу сипаттамасы, тапсырма түрі, мәтін, сурет,
аудио, видео, элемент қосу, кері байланыс, фон, көмектен тұрады
.
73
73. Learningapps веб сервисінде дидактикалық тапсырмалар
құру
Learningapps- бұл әртүрлі пәндер бойынша интерактивті оқу әдістемелік
қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру
процесін қолдау үшін арналған сервис деп есептеймін.
Learningapps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік
береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд,
уақытша таспа және т.б.
Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді
игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және
жұптық, жаңа материалдарды игерту, уй жұмысын тексеру кезеңдерінде көптеп
қолдануға болады деп есептеймін.Тапсырмаларды орындау барысында олардың
қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды орындауда
білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра алады. Бір бірінен
көмек сұрайды және көмектеседі.Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен
белсенділігін арттыруда Learningapps сервисі шын мәнінде қалыптастырушы
бағалау құралы болып табылады.Келешекте оқушылардың білімін арттыру
мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын жетілдіру мен сервистің
басқа мүмкіндіктерін пайдалану үшін өз білімімді де жетілдіруді көздеймін.
74
Достарыңызбен бөлісу: |