Білім беру бағдарламасының көшбасшысы Б. Г. Бостанов " " 20 ж. "Білім берудегі цифрлық технологиялар"


 Білім беру саласындағы бұлттық технологиялар. Мысал келтір



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата07.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#491032
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
ЦКТ жауаптары

67 Білім беру саласындағы бұлттық технологиялар. Мысал келтір
Білім беру процесінде қолданылатын бұлттық технологиялардың дүниежүзілік ең
көп тараған түрі – Microsoft корпорациясы ұсынған Live@edu. Live@edu –
пайдаланушылардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуіне арналған құралдар
жиынтығы. Мұнда пайдаланушылар хабар, аудио, видео қо ңырауларды жылдам
қабылдай алады және қашықтан жұмыс ты бірлесіп өңдейді. Live@edu Windows
және Mac операциялық жүйелерінде браузерлер немесе мобильді телефон арқылы
ресурс сервистеріне қосыла алады.
Сонымен қатар Google компаниясы ұсынған Google Apps Education Edition бұлттық
қызмет түрі оқытудың оңтайлы өтілуінің барлық мүмкіндіктерін қарастырған және
оқу барысын қолжетімді бірлескен ортаны құру ресурстары ретінде ұсынылған.
Қазіргі уақытта Яндекс, IBM және т.б. ірі компаниялар ұсынған бұлттық қызмет
түрлері қолданыста жүр. Өзінің вебсайттары арқылы білім алушылар мен
оқытушылар (мұғалім) арасындағы онлайн қарым-қатынасты, қашықтан бірлесіп
жұмыс жасау тиімділігін арттыруға арналған қызмет түрлерін ұсынады.
Мысалы: Smart-білім беру тұжырымдамасы көптеген дереккөздердің болуын
көздейтін икемділік, мультимедиялардың көптүрлілігі (аудио, бейне, графика),
тыңдаушының деңгейі мен қажеттілігіне қарай тез әрі қарапайым түрде бейімделу
қабілеттілігі. Сонымен қатар мекеме оқу үдерісінің икемділігін оңай қамтамасыз ете
алған жағдайда Smart-білім беру оңай басқарылатын және ықпалдастырылған болуы
керек, яғни сыртқы дереккөздерден үнемі қоректеніп отырады.
68
68 Google Диск деректер қоймасы


Google Drive — Google компаниясына тиесілі, пайдаланушыға өзінің әртүрлі 
ақпараттары мен құжаттарын «бұлтта», яғни интернет желісінде сақтап коюға және 
Ғаламтордың басқа пайдаланушыларымен бөлісуге мүмкіндік беретін бұлттық 
ақпараттар қоры. Активтенуінен кейін Google Құжаттың орнына ауыстырылады. 
Сервис қолданушыларға 2012 жылдың 24 сәуірінде ұсынылды.
Сақтау қоры Google Дискте ақпараттарды сақтау үшін тегін 15 Гб ұсынылады. Егер 
бөлінген кеңістік жеткіліксіз болса, онда 100 ГБ-тан 30 ТБ-қа дейін ақылы қосымша 
жадты иеленуге болады. 2013 жылдың 13 мамырында Google Gmail-дің Google Диск
және Google+ Photos дисктік кеңістіктерінің лимиттерінің біріктірілуі туралы 
жариялады.
Қолданылатын файл форматтары Google Диск viewer файлдарды төмендегі 
форматтарда қарауға мүмкіндік береді:
- Графикалық файлдар (.JPEG, .PNG, .GIF, .TIFF, .BMP)
- Видео файлдар (WebM, .MPEG4, .MOV, .AVI, .MPEGPS, .WMV, .FLV)
- Мәтіндік файлдар (.TXT)
- Файлы разметки/кода (CSS, HTML, PHP, C, CPP, H, HPP, JS, JAVA )
- Microsoft Word (.DOC және .DOCX)
- Microsoft Excel (.XLS және .XLSX)
- Microsoft PowerPoint (.PPT және .PPTX)
- Adobe Portable Document Format (.PDF)
- Apple Pages (.PAGES)
- Adobe Illustrator (.AI)
- Adobe Photoshop (.PSD)
- Autodesk AutoCad (.DXF)
- Scalable Vector Graphics (.SVG)
- PostScript (.EPS, .PS)
- Қаріптер (.TTF, .OTF)
- XPS (.XPS)
- Мұрағат (.ZIP және .RAR)
69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет