келген жеріне инфографиялық слайдтарды қосыңыз.
Дайын кескіндерді қосуға
немесе аннотацияларды, графикаларды, тақырыптарды
және жазуларды тікелей
бейне редакторының кенепте қосуға болады.
Көріністер арасындағы тегіс ауысулар
Бейнелер, мәтін ұялары және фотосуреттер арасындағы тегіс ауысулар. Жарық
экран бейнеңізге біркелкі еніп немесе өшетіндей өту әсерлерін теңшей аласыз.
81
81. iSpring Suite 9-дағы тест мәліметтерін өңдеу
ISpring Suite-де тесттер мен сауалнамалар құру үшін QuizMaker кеңейтімі жауап
береді. Онда сіз тез тест жасай аласыз, оған бейнелер мен аудио файлдарды,
формулаларды енгізе аласыз. Сіз әр сұраққа кері байланыс орната аласыз, қолданушыға
неге дұрыс жауап бермегенін түсіндіре аласыз немесе дұрыс жауапқа қосымша ақпарат
бере аласыз.
QuizMaker-де сұрақтардың 14 түрі бар. Бұл жауаптардың бір, бірнеше нұсқасын таңдау,
"дұрыс-қате" сияқты сұрақ, сәйкестік сұрақтары, Дұрыс реттілікті анықтау, бос орындарды
толтыру немесе ашылмалы тізімнен дұрыс жауапты таңдау. Сіз тестте объектілерді сүйреу,
аймақты таңдау, сөздерді сүйреу тапсырмасын ұсына аласыз. Сондай-ақ, эссе жазу,
сұраққа сандық немесе қысқаша жауап енгізу, жауап беру үшін ликер шкаласын қолдану
туралы тапсырма жасай аласыз. Сұрақтар бағаланатын да, сауалнамалық та болуы мүмкін.
Тесттегі сұрақтар саны шектелмейді. PowerPoint слайдтарын бір-бірлеп қосу арқылы тест
сұрақтарын жасауға болады. Сіз Excell файлынан барлық сұрақтар тізімін жүктей аласыз.
Егер тест үлкен болса, бұл жұмысты тездетеді. iSpring QuizMaker сізге сұрақтардың
тармақталуын реттеуге мүмкіндік береді: пайдаланушы жауаптарға байланысты әр түрлі
сұрақтар ретін жасайды.
Дайын тестті SCORM, Tin Can, AICC, CMI-5 стандарттарын қолдайтын қож-ға жүктеуге
болады.
82
Достарыңызбен бөлісу: