Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі


-семинар. «Модельдеу - ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдісі»



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
umkd

10-семинар. «Модельдеу - ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдісі». 
Модельдеу әдісі 
Бұл әдістің мәні схемалардың, чертеждердің, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде 
матрицалардың, символдардың математикалық формулалардың т.с.с. көмегімен 
зерттеліп отырған процестер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып 
табылады. 
 Модельдеу. Аналогия бойынша ой қорытындылары кеңірек түсіндіріледі, бұл бір 
объекті туралы ақпаратты ауыстыру модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды – 
объектілерді модель бойынша зерттеу әдістері. 
Модель (латын тілінен аударғанда – шама, үлгі, норма) – логикада және ғылым 
әдіснамасында – шынайылықтың белгілі фрагментінің аналогы, адамзат мәдениетінің 
ой пікірі, және т.б. – модельдің түпнұсқасы. Ол түпнұсқа туралы ақпаратты сақтау және 
кеңейту үшін қызмет етеді. Модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық болуы керек: дене 
сипаттамасы, функциялар; зерттелетін объектінің және оның математикалық 
сипаттамасының қалпы; құрылымы және т.б. Осы ұқсастық модельді түпнұсқаға 
ауыстыруды зерттеу нәтижесінде ақпаратты ауыстыруға мүмкндік береді. 
Модельдеудің формалары әртүрлі және қолданылған модельдер мен модельдеу 
ауқымын қолдануға байланысты болады. Материалды модельдер жаратылыстану заңдарына 
бағынатын табиғи объектілер болып табылады. Нақты объектіні физикалық модельдеу 
кезінде, оны зерттеу бірқатар модельді зерттеумен ауыстырылады. Идеалды модельдеуде 
модельдер сызба, график, чертеж, формула, көбейту жүйесі, табиғи және жасанды тілдің 
ұсыныстары және т.б. ретінде болады. Қазіргі кезде математикалық (компьютерлік) 
модельдеу кең тараған. Теориялық деңгей әдістері: 
Аналогияның жалпы сипаттамасы. Индукция сияқты, аналогия білімді 
ауыстырумен байланысты, бірақ индукциямен салыстырғанда, ондағы білім бір 
объектіден өзіне ұқсас объектіге аударылады. Индукция кезінде объектілердің 
ортақ белгілерінің басқа объектілерге ауысуы жүзеге асырылғанмен, бұнда білімді 
жалпылау жүзеге асады. Сондықтан индукцияны жекеден жалпыға қарай ой 
қорытындысын жасау ретінде анықтайды, ал аналогия жеке объектіден басқа жеке 
объектіге қарай ой қорытынды жасау ретінде қарастырылады. Осылайша
аналогияға екі объектінің бір белгілері бойынша, олардың ұқсастығын басқа 
белгілері бойынша тұжырым жасау негізінде ой қорытындысы ретінде анықтама 
беруге болады. 


Сондықтан, аналогияны іздеу белгілері мен қатынастары бойынша, екі 
объектінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру үшін, оларды 
салыстырудан басталады. Содан кейін, ұқсас белгілер мен қатынастар арасында 
бір-бірімен салыстырылатын маңызды және мәнді белгілер анықталады. Егер 
қарастырылатын объектілер мәнді белгілері бойынша ұқсас болса, онда олар 
алғашқы белгілері мен қатынастары бойынша да ұқсас деп айтуымыз дұрыс болар 
еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет