Білім беру бағдарламасының (ларының) білім алушыларына арналған gpzja 6308Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет68/82
Дата18.11.2023
өлшемі2.5 Mb.
#483594
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
umkd

Диахроникалық әдіс құрылымдық-диахрондық зерттеу үшін тән, ол 
табиғаты бойынша уақыттағы әртүрлі процестерді құру ерекшеліктерін анықтау 
міндеті шешілетін зерттеу іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылады. Оның 
спецификасы синхронды тәсілмен салыстыру арқылы анықталады. «Диахрония» 
(әртүрлі уақыттық) және «синхрония» (бір уақыттық) терминдерін тіл біліміне 
швейцар лингвисті Ф.де Соссюр енгізді, ол шындықтың белгілі бір саласында 
тарихи құбылыстардың даму бірізділігін (диахрония) және осы құбылыстардың 
белгілі бір уақыт ішіндегі күйін (синхрония) сипаттайды. 
Әлеуметтік-психологиялық әдіс. Тарихи зерттеулерде психологиялық 
әдістер маңзды рөл атқарады: бірінші жағынан,өз объектісімен эмоционалды 
қатынастарға енген зерттеу субъектісі (тарихшы), екінші жағынан – тарихтың іс-
әрекет етуші субъектілері өздерінің сезімдері, эмоцияларымен бірге 
экономикалық, әлеуметтік, саяси, діни және басқа қатынастарға түсіп, белгілі 
психологиялық заңдарға бағынады. Сондықтан тарихи процестің психологиялық 
аспектілерін қарастыратын және тарихи түсіндіру үшін, психологиялық әдістерді 
қолданатын тарихи жазбдағы біртұтас бағыттың пайда болуы табиғи заңды болып 
саналады. 
Бұл бағыт психотарих деп аталады, ол ХХ ғасырдың бірінші жартысында 
австриялық дәрігер, психотерапевт және неврапатолог З.Фрейдтің еңбектерінің 
жарыққа шығуымен байланысты болды. Осы уақыттан бастап, психобиография 
жанры тарихи зерттеулерде танымал болды. Тарихи процестің психологиялық 
заңдылықтарын іздеу, тарихты «психологияландыруға» ұмтылыс антика кезінен 
бастап белгілі. Мысалы, бірқатар зерттеушілер Плутархтың «Жизнеописания» 
еңбегін және библиялық тарихтарды лидерлерді психологиялық зерттеудегі 
алғашқы ұмтылыс деп санайды. 
Тарихи-педагогикалық 
зерттеулердің 
тарихи-педагогикалық 
процесі 
педагогикалық деректер мен құбылыстардың механикалық суммасы ретінде емес, 
тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, білім беру және басқа 
жүйелерде белгілі орын алатын, тарихи функционалды өзара байланыс пен өзара 
тәуелділікте болатын жүйе ретінде зерттеледі. Зерттелетін жүйе оның жеке 
компоненттері мен қасиеттері тұрғысынан емес, өзіндік базистік аспектілері, 
белгілері, сипаттамасы бар біртұтас феномен ретінде талданады, сонымен қатар 
жүйелердің жалпы иерархиясындағы орны мен рөлі бойынша, өзгеше 
функционалды қайталанбайтын ерекше жүйе ретінде талданады. Тарихи-
педагогикалық жүйелердің жүзеге асуы мен дамуы педагогикалық тарихи 


шындықтың негізгі құрамды компоненттерін енгізеді және жинақтайды. Тарихи-
педагогикалық зерттеулерді жүргізуде, жүйелердің ортақ бірлігінен жүйені – 
педагогикалық құбылысты анықтау маңызды мәнге ие болады. Ол үшін 
анықталатын жүйе мен базалық компоненттерге тән жүйелі құрылымды белгілер 
мен ерекшеліктерді анықтау қажет. Тарихи-педагогикалық жүйелер мен 
құбылыстарды жүйелі-құрылымдық талдауды зерттелетін жүйені жоғары 
деңгейлі жүйелермен өзара әрекетін анықтайтын, функционалды талдаумен 
үйлестіру қажет. Тарихи-педагогикалық жүйелерді жүйелі-құрылымдық талдау 
тиімді және нәтижелі болып саналады, себебі абстрактіліден нақтылыға өрлеуді 
қамтамасыз етеді, нәтижесінде нақты-теориялық білім – ғылыми-педагогикалық 
білімнің жоғары деңгейін береді. 
Ғылыми танымның ешбір әдісі жалғыз, абсолютті бола алмайды. Зерттеу 
міндеттерін жетістікпен шешу үшін, әртүрлі, мәні бойынша адекватты әдістер 
жүйесін қолдану қажет. Осылайша, тарихи-педагогикалық зерттеулерді 
ұйымдастыруды және жүргізуде олардың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы 
қолданатын әдістердің көп жақтылығы және кешенділігімен, олардың зерттелетін 
тақырыпқа, оның пәніне, зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігімен 
негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет