Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы ертасова Гүлдана Ерболатқызы



Дата30.06.2016
өлшемі124 Kb.
#168214
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ертасова Гүлдана Ерболатқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар, ұстаздар

оларға қалай білім берсе, Қазақстан сол деңгейде болады »

Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі күні білім беру үдерісіндегі басты мақсатымыз - инновациялық технологияларды енгізу. Білім беру үдерісінде нновациялық технологияларды қолдану арқылы біз, осы заманға лайықты білімділік, біліктілік, практикалық дағдыны меңгерген, қоғамда өзіндік орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Елбасымыз биылғы Жолдауында «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы, - деген болатын. [1] Олай болса, біз осы елбасымыз айқындаған мақсатқа жету үшін білім берудегі сапамызды жақсарту жұмыстарына кірісуіміз керек.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. [2] Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы – жаңа ииновациялық технологияларды қолдану.

Жалпы «технология» грек сөзі, «өнер, шеберлік» дегенге келеді. Қазіргі таңда технология ұғымы үш түрлі мағынада қолданылуда:



  • оқытуды ұйымдастыру формаларын немесе әдістемені көптеген мәліметтерде – технология ;

  • нақты педагогикалық жүйені – технология ;

  • қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы және жүйесі – технология ;

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. [3]

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды оқу үдерісінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір оқытушының міндеті болып табылады.[4]

Қазіргі жаһандануға байланысты еліміздің білім беру жүйесіндегі басты мәселенің бірі – инновацияландыру, ал оқыту процесінде технологияларды пайдалану.

Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы атты баяндамам арқылы оқытушылар үшін технологияның тиімді жақтарын, студенттеріміздің теориялық білімін қалыптастыру және практикалық мақсатта іске асыру жолдарын іздестіру ,

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту үрдісін тиімді

ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық технологиялар шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына өз үлесін қосады.

Оқытушылар үшін білім сапасын арттырудағы инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жақтары:

• колледжде оқытушы мен студенттің бірлесе жұмыс жасауына жағдай туғызады;

• студенттердің білім алуын, дамуын мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

• білім мен білігіне сай келетін бағытты таңдап алуға мүмкіндік береді;

• өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

• колледж студенттерінің танымдық прцестерін арттыру;

Мен өзімнің зерттеуімді «Терминдер және сөз мәдениеті » тақырыбында I курс студенттеріне (Тас қалаушы мамандығы) жүргіздім. Ең алдымен топта берілген тапсырманы түсіну үшін ауыз біршілік, ынтымақтастық болу керектігі түсінікті, себебі: студенттер бір – бірімен ортақ келісімге, пікірге келу қажет. Тақырыпқа байланысты мынадай сұрақтар беріледі:



  1. Тұйық етістіктің түрі арқылы жасалған терминдерге мысал келтіріңіз?

Жауабы: заделка – бітеу, вертикальная планировка – тік тегістеу

  1. Зат есім арқылы жасалған мамандыққа қатысты терминге мысал келтіріңіз?

Жауабы: қазаншұңқыр – котлован, опалубка - қалып

Сұраққа жауап кезінде студенттердің бірлесе әрекет жасауы үшін мына әдісті қолдандым:



Қабілеттілік ұстанымы әдісі – топтап жұмыс жасау барысында студенттерді белсенді әрекетке жұмылдыру арқылы олардың қарым – қатынасын, түсіну деңгейін арттыруға әсерін зерделеу. [5]
Сен «білуге міндеттісің»

дегеннің орнына, Баланың қиялын

«Сенің қолыңнан ұштай отырып,

келеді!»ұстанымы; сұрақ қоя білуге

рету!
«Қателеспейтін адам болмайды»

Қағидасына үйрету!


Қабілеттілік ұстанымы әдісі сызбасы
Нәтижесінде жұмысты ұйымдастыру арқылы студенттердің бойындағы сенімсіздіктерін жойып, кейбір қарым – қатынастағы шиеленістікті жойып, олардың арасында түсіністік және өзара серіктестік қарым – қатынастарын орнатты, қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосты.

Шығармашылық әдісі – студенттер өз бетінше атқаратын шығармашылық әрекетін, белсенділігін дамыту мәселесі, оларды жан – жақты ойлай білу дағдысына үйрету.[6]

Бұл әдіс бойынша студенттердің бойында шығармашылық үлгідегі жұмыстарды орындау барысында өзіндік болжау, топшылау, түрлі құбылыстарды салыстыра білу, шешім қабылдау, ой қорытындысын жасау, өзіндік жаңалық аша білу қабілеті қалыптасады



«Өз мамандығым мақтанышым» (әңгіме) әдісі - тіл байлығының дамуына, қиялдауына, психологиялық қабілеттерінің дамуына жол ашады. Студенттер берілген тақырып бойынша қажетті сөздерді пайдалана отырып, әңгіме жазады.


Мамандығың қандай?

Мамандығым арқылы

не істей алам?

Мамандығыңыздың

сізге берері?

Мамандығыңыз

туралы сезіміңіз ?












Қазақ тілі пәні бойынша, «Сөз тіркесінің зерттелуі, атқаратын қызметі, мәні» атты тақырыпқа концептуалды кесте жасаудың үлгісі ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз. Айталық, бір студент былайша кесте жасауына болады:



Концептуалды кесте – қатып қалған ережеге емес, әр студенттің шама-шарқынша жұмыс жасауына арналған тапсырма. Бұл тапсырма нақты тілдік фактілерді жинақтауға, іріктеуге және студенттердің тереңірек ойлануына, емін-еркін жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады. Сондықтан бір тақырыпқа байланысты бірнеше кесте жасала береді.
Концептуалды кесте . Орындаған: Қарасай Г.

Тақырыбы: Сөз тіркесінің зерттелуі, атқаратын қызметі, мәні


Зерттеуші ғалымдар

Еңбектері

Шешімін тапқан мәселелер

Тұжырымдары

М.Балақаев

Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1992

Сөз тіркесінің байланысу жолдары, түрлері.

Сөз тіркестері қиыса, матаса, меңгеріле, қабыса, жанаса байланысады. Есімді және етістікті болып екіге бөлінеді. т.б.

Т.Сайрамбаев

Күрделі сөз тіркестерінің кейбір түрлері. Алматы, 1981

Сөз тіркесінің құрамы, күрделі сөз тіркестерінің ерекшеліктері

Сөз тіркесі құрамына қарай дара және кұрделі болады. Күрделі сөз тіркестері бағыныңқы не басыңқы сыңарлардың бірінің немесе екі сыңардың да күрделі сөздерден, түйдекті тіркестерден құралуы арқылы жасалады.

Ә.Аблақов

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. Алматы.,1986


Сабақты етістіктердің меңгеруі, салт етістіктердің меңгеруі қимыл-әрекеттерді білдіретін етістіктер арқылы құралған сөз тіркестері, ойлау етістіктері арқылы құралған сөз тіркестері т.б.

Сабақты етістіктердің меңгеруі табыс септігімен тікелей байланысты. Табыс жалғауымен байланысатын сабақты етістіктер мағыналық жағынан әр қилы болады. Олар объектілік қатынастағы сөз тіркестерін құрайды.

Салт етістіктер көбінесе, адамның көңіл – күйін, заттың қимылдық қалпын, қозғалыс -әрекетін білдіретін етістіктер. Бұлар барыс, шығыс, жатыс, кейде көмекетес жалғаулы сөздерді жетегіне алып, меңгеріле байланысады.



Р.Әмір

Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998

Сөз тіркестерінің типтік ерекшеліктері

Зат есімді сөз тіркестері қабысу, матасу, меңгеру арқылы құралады. Сын есім – зат есім, сан есім –зат есім, есімдік – зат есім, есімше – зат есім, үстеу –зат есім типті сөз тіркестерінің стильдік ерекшеліктері, өзіне тән жұмсалымдық қасиетте болады.

Н.Ильясова

Сөз тіркесі синтаксисі. Алматы, 2009

Сөз тіркесінің функционалдық-семантикалық ерекшеліктері

Қиысу матасу формасында сөз тіркесінің құрылымы басыңқы – бағыныңқы, ал, меңгеру, қабысу, жанасу формасының құрылымы бағыныңқы – басыңқы болады. Қиысу мен матасу сабақтаса байланысады, меңгеру, сабақтаса да, салаласа да байланысады, қабысу, жанасу салаласа байланысады. Сабақтаса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің мағыналық әрі грамматикалық құрылымына тәуелді. Ал салаласа байланысатын сөз тіркестері сөйлемнің семантикасына байланысты қолданылады.


Екінші студент мынадай формада жасауы мүмкін:

Тақырыбы: Сөз тіркесінің зерттелуі, атқаратын қызметі, мәні


Атаулық тіркестер

Алматы қаласы, Іле өзені, Балдырған журналы, темір пеш, ағаш қасық, тау ешкісі, ат қора

Снтаксистік тіркестер

Ағаш жапырағы, Абай портреті, Сәбит шығармалары, ер адам, ұл бала, алма ағаш

Ұқсастығы

Барлық тіркестер жартылай матасу және қабысу формалары арқылы байланысып, қатыстық мәнді білдіреді, номинативті қызмет атқарады Барлық тіркестердің құрамындағы екі сөз бір үғымның мәнін анықтайтын лексика-семантикалық топқа жатады.

Айырмашылығы

Атаулық тіркестерде синтаксистік қатынас жоқ, синтаксистік тіркестерде атрибуттық қатынас бар

Жартылай матасу формасындағы синтаксистік тіркестердің ерекшелігі

Синтаксистік тіркестер ағаш жапырағы – ағаштың жапырағы, Абай портреті - Абайдың портреті, Сәбит шығармалары - Сәбиттің шығармалары түрінде синтагмалық байланысқа түсіп, меншіктілік мәнді білдіруге қабілетті.

Жартылай матасу формасындағы атаулық тіркестердің ерекшелігі

атаулық тіркестердің құрамындағы сөздер жалпы есім мен жалқы есімдердің байланысынан тұрады. Сондықтан синтагмалық байланысқа түспейді.

Қабысу формасындағы синтаксистік тіркестердің ерекшелігі



Синтаксистік тіркестерде сөздердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағыныңқы сыңар басыңқы сыңардың ерекшелігін анықтайды. Ол басыңқы сыңардағы затты басқа заттардан даралап көрсетеді, яғни даралау мәнін білдіреді. (алма ағаш) басыңқы сыңардағы заттың анатомия-физиологиялық ерекшелігін анықтайды. (еркек адам, әйел адам, ұл бала, қыз бала) Кәсіп, дәрежесін анықтайды ( мұғалім қыз, сержант жігіт)

Қабысу формасындағы атаулық тіркестердің ерекшелігі

Заттың неден қандай заттан жасалғанын және заттың кімге, неге, қайда арналғанын білдіретін синтаксистік конструкцияның ықшамдалуынан жасалады. Мысалы, темірден жасалған пеш, ағаштан жасалған қасық немесе ат қамауға арнап соғылған қора, тауда өмір сүретін ешкі т.б .сияқты снтаксистік құрылым ықшамдалып, темір пеш, ат қора, тау ешкі түрінде лексикалану процесіне ұшырап, атаулық тіркестерге айналған.

Атаулық тіркестердің атқаратын қызметі

Атаулық тіркестер әрқашан номинативті қызмет атқарады

Синтаксистік тіркестердің атқаратын қызметі

Егер сөйлем құрамында ілік септігі түсіріліп, синтаксистік тіркес ІІ изафет түрінде қолданылса, сондай-ақ, даралау мәнді білдіретін, жыныстық, кәсіптік ерекшелікті білдіретін синтаксистік тіркестер сөйлемде бір ұғымның мәнін анықтап, бір ғана сұраққа жауап беріп, номинативті қызмет атқарады. Егер ілік септігі ашық қолданылса, коммуникативтік қызмет атқаруға қатысады.

Дереккөз

Н.Ә.Ильясованың «»Сөз тіркесі синтаксисі» атты оқу құралы. Алматы 2009 ж


Үшінші студент былайша жасауы мүмкін:

Тақырыбы: Сөз тіркесінің зерттелуі, атқаратын қызметі, мәні


Сөз тіркесінің зерттелу кезеңі

1950- 70 жж

1980- 2000

2000 жылдан бүгінгі күнгі дейін

Көтерілген мәселелер

Сөз тіркестерін күрделі сөздерден, тұрақты тіркестерден айыру, есім сөздер мен көмекші етістіктен және үстеу мен көмекші етістіктерден; есім, етістік, үстеулердің септеулік шылаулармен байланысынан құралған түйдекті тіркестер мен сөз тіркестерінің ұқсастығы, айырмашылы

Сөз тіркесінің атқаратын қызметі, сөз тіркесінің лексикалану процесі, сөз тіркесіне тән басты белгілер, өзіне ұқсас басқа құбылыстардан айырмашылығы, шектеулі тіркестер

Атаулық тіркестердің қалыптасуы мен даму үрдісі, меңгеру формасы аясының кеңеюі мен тарылуы, Матаса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалануы, атаулық тіркестердің сөзжасамдық сипаты, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалануы, сөз тіркестерінің грамматикалық лексика – грамматикалық, семантика – грамматикалық жақтан байланысуы, синтагмалық ерекшеліктері, синтаксемасы, валенттілігі т.б.

Анықтамасы

Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы. (Балақаев М.1954 ж)

Толық мағыналы екі я бірнеше сөздердің бір – біріне тұлғалық, әрі мағыналық жағынан бір-біріне бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз. (Аманжолов С. 1968 ж)



Сөз тіркесі мағыналық жақтан да грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. (К.Аханов 1996 ж)

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі (немесе одан да көп) сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. ( Р.Әмір 1998)



Сөз тіркесі сыңарлардың мағынасы толықтырып тұратын қатынас арқылы қалыптасатын лексика-грамматикалық бірлік.

( Ж.Әуелбекова. 2006)

Сөз тіркесі сөйлем ішіндегі толық лексикалық мағынасы бар кем дегендегі екі сөздің синтаксистік жақтан байланысқан түрі.

( Н.Ильясова. 2009 ж)



Тақырыптың ашылу көрсет

кіштері


Тізбекті тіркес, салаласқан тізбек, сабақтасқан тізбек.

Түйдекті тіркестер. Күрделі етістіктер тобы, есім мен көмекші етістіктер тобы, қосарлы есімдер тобы, күрделі есімдер тобы, тұрақты тіркестер тобы, идиомалық түйдектер, фразалық түйдектер. Аналитикалық, синтетикалық тәсіл, қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу формалары



Меңгеріле байланысқан есімді және етістікті сөз тіркестері, сөз тіркестерінің атқаратын қызметі, сөз тіркестерін жасайтын ұйытқы сөздер, екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі жалаң сөз тіркестері, жалаң сөз тіркесі негізінде қалыптасатын күрделі сөз тіркестері мен аралас сөз тіркестері

Сөз тіркестеріне тән мағыналық тұтастық, меңгеріле байланысқан модаль сөзді,тұрақты тіркесті сөз тіркестері, лексикаланған тіркестердің фразалық мағынасы, синтагамалық байланыстағы сөз тіркестерінің коммуникативтік семантикасы, салаласа, сабақтаса байланысудың ерекшеліктері, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің семантикалық дәрежесі, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің стилистикалық қызметі, атауыштық мәндегі синтагксистік синтагма, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагма

Зерттеушілер

М.Балақаев, С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев т.б.

К.Аханов, Т.Сайрамбаев, А.Аблақов, Р.Әмір, Б.Рысбай т.б.

Н.Ильясова, Д.Байғұтова, М.Сәрсембаева, Ж.Әуелбекова, Ж.Сүйінжанова т.б.

Өздеріңіз байқап отырғандай, кестені толтыру үшін, студенттерге еркіндік беріледі. Сондықтан әр студент өз мүмкіндігіне қарай әр түрлі мазмұндағы жұмыстар орындайды. Аудиторияға келгенде орындалған тапсырмалар бойынша жұптасып немесе топтасып отырып, бір-бірінің жұмысымен танысып, мәліметтерді толықтырады, түрлендіреді. Бір-біріне ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын анықтап, тақырыптың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.



Нәтижесінде студенттер белгілі бір мәселені шешуді, жинақталған мәліметтерді қолдануды үйренеді. Тақырыпқа қатысты мәліметтерді талдайды, өз ойларын нақты фактілер арқылы дәлелдей алады, топ ішінде жинақталған мәлімет бойынша өз білімін әрі қарай дамытады, барлық білімді жинақтап, білім қорын толықтырады. Студент өзінің құрбыларының жинақтаған материалдарымен жұмыс жасау арқылы жаңа білімге, шеберлікке, қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Қорытындылай келе, заманға лайық, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, білім берудегі сапаны арттыру үшін оқыту процесінде инновациялық технологияларды қолданудың маңызы зор. Инновациялық технологияларды білім беру үрдісімізге енгізу арқылы тиімді басқару жүйесін, оқытушы өзіндік әдістемелік жүйесін құруға, ал оқушылар шығармашылық белсенділігі мен қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, осы Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ене отырып, Мәңгілік- Ел идеясын жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет