Білім беру грантын беру ережесі Жалпы ережелер



жүктеу 195.67 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі195.67 Kb.


Білім беру грантын беру ережесі

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Осы Білім беру грантын беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және білім беру гранттарын беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білім беру гранты – кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

3) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия).

 

 

2. Білім беру грантын беру тәртібі



 

3. Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді.

4. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.

ҚР Үкіметінің  2008 жылғы 28 мамырдағы  № 509  қаулысымен 5 тармақ өзгертілді  

5. Білім беру гранттары талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.

5-1.Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн тапсырады.

Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.

Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23 – 31 шілде кезеңінде қабылданады.

5-2. Осы Ереженің 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген білім беру грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.

5-3. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды күәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.

5-4. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.

5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 45 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде – 3 балл.

5-6. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.

6. Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде:

1) “Алтын белгі” белгісімен марапатталған адамдардың;

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

6-1. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.

7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ гоптағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі.

Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады.

8. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота

белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы

мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының

70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі.

 8-1. Бiлiм беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос білім беру гранттарын Комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

8-2. Тиісті куәлiк иелерiнiң тiзiмдерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Иегер білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады. Осы мамандық бойынша босаған білім беру грантын Комиссия азаматтарға осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

8-3. Бiлiм беру грантын беру туралы куәлiкті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей бередi.

2-1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос

білім беру гранттарын беру тәртібі
8-4. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.

Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), содан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

8-5. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

қысқы және жазғы емтихан сессияларының қорытындылары бойынша жоғары оқу орындары 10 қаңтар мен 10 шілдеге дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ұсынады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде бос білім беру гранттарының тізбесін жасайды және 15 қаңтар мен 15 шілдеге дейін олар бойынша ашық конкурс жариялайды. Конкурс туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады;

білім беру грантын тағайындауға үміткер ақылы негізде оқитын жоғары оқу орны білім беру саласындағы уәкілетті органға білім алушының мынадай құжаттарын ұсынады: өтініш және барлық оқу кезеңі ішіндегі үлгерімінің орташа балы көрсетілген жоғары оқу орнының басшысы растаған оның оқу карточкасының немесе транскриптінің үзіндісі. Құжаттар 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін ұсынылады;

білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурсқа ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және конкурсқа қатысатын студенттердің үлгірім көрсеткіштерінің жиынтық ведомосын дайындайды. Комиссия конкурсқа қатысатын студенттердің үлгерім көрсеткіштерінің жиынтық ведомосын қарайды және білім беру гранттарын береді;

конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі шығарылады. Комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру гранттарын беру туралы бұйрығы шығарылады.

8-6. Бiлiм беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейiн қалған бос білім беру гранттарын Комиссия оқыту нысанына қарамастан, үлгерімнің жоғары орташа балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының iшiнде осы Ереженің 8-4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.

 

3. Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және



өз бетімен жұмысқа тұру құқығын беру тәртібі

 

9. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен білім беру грантының иегерлері ауылдық жерге (бұдан әрі – ауыл) жұмысқа жіберіледі.



10. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен білім беру гранты иегерлері үшін білім беру қызметтерін ұсынуға арналған шарт жасасқан кезде олардың оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылда орналасқан білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдарда жұмысты өтеуі міндетті шарт болып табылады.

11. Педагогикалык және медициналық мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде ЖОО бітірушілерді (бұдан әрі – жас мамандар) жұмысқа жіберу мақсатында оларды дербес бөлу жүзеге асырылады.

Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) облыстың жергілікті атқарушы органы жыл сайын (15 сәуірден кешіктірмей) білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға (бұдан әрі – уәкілетті органдар) ауылда орналасқан білім беру ұйымдарында және медицина ұйымдарында кадрларға қажеттілік туралы өтінім береді;

2) уәкілетті органдар жыл сайын (1 мамырдан кешіктірмей) тікелей ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен білім беру грантының иегерлері оқитын ЖОО-ға ауылда орналасқан білім беру және медицина ұйымдары үшін кадрларға қажеттілікке өтінімдер жібереді;

3) ЖОО-да жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – бөлу жөніндегі комиссиясы) құрылады.

Бөлу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті органдар бекітеді.

12. ЖОО-дағы оқуды бір мезгілде бітірген ерлі-зайыптыларға бір ауылда орналасқан ұйымдарда жұмыс беріледі. Егер ерлі-зайыптылардың бірі оқуын бұрын бітірсе, онда оған жұмыс жалпы негіздерде беріледі. Мұндай жағдайда жұбайының (зайыбының) жұмыс орнын, оның ішінде зайыбының (жұбайының) жұмыс орны бойынша да таңдау құқығы бар.

Алған мамандығына сәйкес жұбайының зайыбының жұмыс орны бойынша бос орын болмаған жағдайда, оған басқа жақын орналасқан ауылдан таңдау не өз бетімен жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

13. ЖОО жыл сайын (10 тамыздан кешіктірмей) уәкілетті органдарға ауылда орналасқан білім беру ұйымдарына және медицина ұйымдарына жұмысқа жас мамандарды бөлу туралы ақпаратты ұсынады.

14. Дербес бөлу жөніндегі комиссияға дәлелді себептерсіз келмеген жас мамандар оның қатысуынсыз бөлінеді.

15. Ауылға жұмысқа жіберілген жас мамандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік кепілдіктер алады.

16. Жұмысқа өз бетімен орналасу құқығы жас мамандардың мынадай санаттарына беріледі:

1) І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, отбасының тұрақты тұрғылықты жері бойынша олардың денсаулық жағдайы ескеріле отырып немесе олардың келісімімен бөлу жөніндегі комиссия ұсынған орындардың біріне;

2) отбасында еңбекке жарамды басқа да отбасы мүшелері болмаған кезде І және ІІ топтағы мүтедек ата-анасы барларға;

3) офицер және басшы құрамдағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ мерзімнен тыс қызметтің сержанттары мен старшиналарының әйелдеріне (ерлеріне) мамандығы бойынша сол жерде жұмыс болған кезде олардың ерлерінің (әйелдерінің) тұрақты қызмет өткеру орны бойынша жұмыс беріледі;

4) әйелдер жүкті болған жағдайда немесе үш жасқа дейінгі (екі және одан да көп баласы барлар) баласы болған кезде.

17. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар (1 тамыздан кешіктірмей) жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.

Жергілікті атқарушы орган жас маман келгеннен кейін уәкілетті органдарға жұмыс орны және берілетін әлеуметтік көмек түрі туралы мәліметтерді ұсына отырып, бөлуге сай келгені туралы растау жібереді.

 


Утверждены постановлением Правительства РК от от 23 января 2008 года № 58 (с учетом внесенных изменений от 19 февраля 2009 года № 194).

Правила

присуждения образовательного гранта
1. Общие положения

 

1. Настоящие Правила о присуждения образовательного гранта (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и определяют порядок присуждения образовательных грантов.



2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

1) образовательный грант - целевая сумма денег, предоставляемая обучающемуся на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан, для оплаты профессионального образования;

2) уполномоченный орган в области образования - центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования;

3) республиканская конкурсная комиссия - комиссия создаваемая уполномоченным органом в области образования для проведения конкурса по присуждению образовательных грантов (далее - Комиссия).



2. Порядок присуждения образовательного гранта
3. Конкурс по присуждению образовательных грантов проводится Комиссией, создаваемой уполномоченным органом в области образования.

4. Комиссия формируется из числа сотрудников уполномоченного органа в области образования, других заинтересованных государственных органов и ведомств, руководителей высших учебных заведений (далее - вуз).

Количество членов Комиссии должно составлять нечетное число. Заседания Комиссии считаются правомочными при наличии не менее двух третей ее состава.

5. Образовательные гранты присуждаются на конкурсной основе по конкретным специальностям, языковым отделениям и формам обучения в соответствии с баллами сертификатов по результатам единого национального или комплексного тестирования согласно очередности специальностей, заявленных абитуриентами, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.



В конкурсе на получение образовательного гранта учитываются баллы по казахскому или русскому языку (язык обучения), истории Казахстана, математике и предмету по выбору.

5-1. Для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов гражданин подает в приемную комиссию высшего учебного заведения заявление на бланке установленного образца, документ об образовании (подлинник), сертификат единого национального или комплексного тестирования, две фотокарточки размером 3x4, медицинскую справку по форме 086-У, а также копию документа, удостоверяющего личность.

В заявлении гражданин для участия в конкурсе на получение образовательного гранта указывает выбранную им специальность и высшее учебное заведение.

При совпадении предмета по выбору гражданин может указать четыре специальности.

Заявления для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов принимаются с 23 по 31 июля.

5-2. Граждане, имеющие преимущественное право на получение образовательного гранта, указанные в пунктах 6 и 6-1 настоящих Правил, подают в приемную комиссию высшего учебного заведения документ, подтверждающий данное право.

5-3. Документы, представляемые на иностранном языке, должны иметь нотариально засвидетельствованный перевод на казахский или русский язык.

Документы об образовании, выданные зарубежными организациями образования, должны быть нострифицированы в установленном законодательством порядке.

5-4. Граждане, имеющие инвалидность первой и второй групп, дети-инвалиды, а также инвалиды с детства представляют в приемную комиссию высшего учебного заведения заключение медико-социальной экспертизы (МСЭ) об отсутствии противопоказаний для обучения по выбранной специальности.

5-5. Для участия в конкурсе необходимо набрать не менее 45 баллов, в том числе не менее 7 баллов по профильному предмету (не менее 10 по каждому творческому экзамену), а по остальным предметам – не менее 3 баллов.

5-6. Абитуриенты, выбравшие творческие специальности, участвуют в конкурсе на получение образовательного гранта по одной специальности и указывают только то высшее учебное заведение, в котором они сдавали творческие экзамены.

6. При проведении конкурса на получение образовательных грантов преимущественное право имеют:

1) лица, награжденные знаком «Алтын белгі»;

2) победители международных олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени), республиканских и международных конкурсов исполнителей и спортивных соревнований (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет, перечень которых определяется уполномоченным органом в области образования, а также победители республиканских олимпиад и научных соревнований по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) текущего года при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады, конкурса или спортивного соревнования.

6-1. В случае одинаковых показателей баллов при проведении конкурса на получение образовательных грантов преимущественное право имеют дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, инвалиды I и II групп, лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам войны и инвалидам войны, инвалиды с детства, дети-инвалиды, которым согласно заключению медико-социальной экспертизы не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, и лица, имеющие документы об образовании (аттестаты, свидетельства, дипломы) с отличием.

В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права образовательные гранты присуждаются лицам, имеющим высокие средние баллы аттестата, свидетельства или диплома.

В случае одинаковых показателей баллов и при отсутствии преимущественного права, а также одинаковых средних баллов аттестата, свидетельства или диплома учитываются баллы, набранные по профильному предмету.

7. Конкурс для лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан, инвалидов I и II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов, детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны и инвалидам войны проводится по установленным квотам от общего объема, утвержденного государственного образовательного заказа среди указанных категории.

Установленные квоты приема для граждан, участвующих в конкурсе на получение образовательного гранта распространяются на все заявленные специальности.

8. Конкурс на специальности, по которым установлена квота для граждан из числа аульной (сельской) молодежи, проводится следующим образом: 70 процентов грантов от общего их количества по этим специальностям и языку обучения присуждаются в порядке общего конкурса, а на остальные 30 процентов грантов проводится конкурс только гражданам из числа аульной (сельской) молодежи.

8-1. Вакантные образовательные гранты, оставшиеся после конкурсного присуждения образовательных грантов, присуждаются Комиссией на конкурсной основе внутри направления подготовки на специальности с высокими проходными баллами независимо от формы обучения в порядке, предусмотренном в пунктах 5, 6, 6-1 настоящих Правил.

8-2. Списки обладателей соответствующих свидетельств публикуются в средствах массовой информации.

В случае отказа обладателя от образовательного гранта свидетельство о присуждении образовательного гранта аннулируется приказом уполномоченного органа в области образования. Высвободившийся образовательный грант по данной специальности присуждается Комиссией гражданам на конкурсной основе в порядке, предусмотренном в пунктах 5, 6, 6-1 настоящих Правил.

8-3. Свидетельства о присуждении образовательного гранта вместе с документами, сданными гражданами для участия в конкурсе, выдаются приемными комиссиями не позднее 15 августа.


2-1. Порядок присуждения вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего образования
8-4. Вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего образования, в разрезе специальностей обучения присуждаются на конкурсной основе обучающимся на платной основе по данной специальности. Конкурс проводится по результатам промежуточной аттестации с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.

В случае одинаковых показателей среднего балла успеваемости при проведении конкурса на получение вакантных образовательных грантов преимущественным правом обладают обучающиеся, имеющие оценки только А, А- («отлично»), затем оценки от А, А- («отлично») до В+, В, В- («хорошо») за весь период обучения.

8-5. Процедура присуждения вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего образования, осуществляется в следующем порядке:

по итогам зимней и летней экзаменационных сессий высшие учебные заведения до 10 января и 10 июля представляют в уполномоченный орган в области образования свидетельства о присуждении образовательных грантов;

уполномоченный орган в области образования формирует перечень вакантных образовательных грантов в разрезе специальностей, форм и сроков обучения с учетом года поступления и до 15 января и 15 июля объявляет открытый конкурс по ним. Информация о конкурсе размещается на сайте Министерства образования и науки Республики Казахстан;

высшее учебное заведение, в котором на платной основе обучается претендент на присуждение образовательного гранта, представляет в уполномоченный орган в области образования следующие документы обучающегося: заявление и выписку из его учебной карточки или транскрипта, заверенную руководителем высшего учебного заведения, с указанием среднего балла успеваемости за весь период обучения. Документы представляются до 25 января и 25 июля;

уполномоченный орган в области образования проверяет соответствие документов, представленных на конкурс, установленным требованиям, и готовит сводные ведомости показателей успеваемости студентов, участвующих в конкурсе. Комиссия рассматривает сводные ведомости показателей успеваемости студентов, участвующих в конкурсе, и присуждает образовательные гранты;

по результатам конкурсного отбора выносится решение Комиссии. На основании решения Комиссии издается приказ уполномоченного органа в области образования о присуждении образовательных грантов.

8-6. Вакантные образовательные гранты, оставшиеся после конкурсного присуждения образовательных грантов, присуждаются Комиссией на конкурсной основе внутри направления подготовки на специальности с высокими средними баллами успеваемости независимо от формы обучения в порядке, предусмотренном в пункте 8-4 настоящих Правил.

3. Порядок направления специалиста на работу в сельскую местность и предоставление права самостоятельного трудоустройства

 

9. Обладатели образовательного гранта, поступившие по специальностям, определяющим социально-экономическое развитие села, в пределах квоты, предоставляемой гражданам из числа аульной (сельской) молодежи, направляются на работу в сельскую местность (далее - село).



10. Обязательным условием для обладателей образовательного гранта, поступивших в пределах квоты, предоставляемой гражданам из числа аульной (сельской) молодежи, по педагогическим и медицинским специальностям при заключении договора на предоставление образовательных услуг является отработка ими в организациях образования и медицинских организациях, расположенных в селе, не менее трех лет после окончания вуза.

11. В целях направления на работу выпускников вуза в пределах квоты, предоставляемой гражданам из числа аульной (сельской) молодежи, по педагогическим и медицинским специальностям (далее - молодые специалисты) осуществляется их персональное распределение.

Распределение и направление на работу молодых специалистов осуществляется в следующем порядке:

1) местный исполнительный орган области ежегодно (не позднее 15 апреля) представляет в уполномоченные органы в области образования и здравоохранения (далее - уполномоченные органы) заявки о потребности в кадрах в организациях образования и медицинских организациях, расположенных в селе;

2) уполномоченные органы ежегодно (не позднее 1 мая) направляют в вузы, непосредственно в которых обучаются обладатели образовательного гранта, поступившие в пределах квоты, предоставляемой гражданам из числа аульной (сельской) молодежи, заявки на потребность в кадрах для организаций образования и медицинских организаций, расположенных в селе;

3) в вузах создается комиссия по персональному распределению молодых специалистов (далее - комиссия по распределению) на работу.

Положение о комиссии по распределению утверждается уполномоченными органами.

12. Супругам, завершившим обучение в вузах одновременно, работа предоставляется в организациях, расположенных в одном селе. Если один из супругов завершает обучение ранее, то ему предоставляется работа на общих основаниях. В этом случае супруг (супруга) имеет право выбора места работы, в том числе и по месту работы супруга (супруги).

В случае отсутствия вакансии по месту работы супруга (супруги) в соответствии с полученной специальностью ему (ей) предоставляется возможность выбора другого близрасположенного села либо самостоятельного трудоустройства.

13. Вуз ежегодно (не позднее 10 августа) представляет в уполномоченные органы информацию о распределении молодых специалистов на работу в организации образования и медицинские организации, расположенные в селе.

14. Молодые специалисты, не явившиеся без уважительной причины в комиссию по персональному распределению, распределяются без его присутствия.

15. Молодые специалисты, направленные на работу в село в соответствии с действующим законодательством получают социальные гарантии.

16. Право самостоятельного трудоустройства на работу предоставляется следующим категориям молодых специалистов:

1) имеющим инвалидность I и II группы, с учетом состояния их здоровья по месту постоянного жительства семьи или с их согласия в одно из мест предложенных комиссией по распределению;

2) имеющие родителей инвалидов I и II группы при отсутствии в семье других трудоспособных членов семьи;

3) женам (мужьям) военнослужащих офицерского и начальствующего состава, а также сержантов и старшин сверхсрочной службы предоставляется работа по месту постоянного прохождения службы их мужьями (женами) при наличии там работы по специальности;

4) женщинам в случае беременности или при наличии ребенка в возрасте до трех лет (имеющих двух и более детей).

17. Молодые специалисты, завершившие обучение в текущем году (не позднее 1 августа) прибывают на место работы по направлению.

18. Местный исполнительный орган после прибытия молодого специалиста высылает в уполномоченные органы подтверждение о прибытии, согласно распределению с представлением сведений о месте работы и виде предоставляемой социальной помощи.

 




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет