Білім беру жүйесін модернизациялау бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңа буын оқулықтарындағы проблемалары мен шешімдері досжанова Динара Сайрам ауданы,№94 жалпы орта мектебі



Дата16.06.2016
өлшемі66 Kb.
#139891
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНІҢ ЖАҢА БУЫН ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ШЕШІМДЕРІ

Досжанова Динара

Сайрам ауданы,№94 жалпы орта мектебі
Білім беру, оқыту жүйесінде мектеп қабырғасындағы оқушыға бірден-бір жол көрсететін, жетелейтін ғылым негіздерін үйрететін қасиеттерімен оқулық мәні ерекше екені белгілі.

Қазақ тілі оқулықтарының басқа пән оқулықтарына қарағанда, ең алдымен, сапалық деңгейі көш ілгері болуы керек. Себебі, кеңестік заманда басқа пән оқулықтары аударма ретіндегі дүниелер болып, еліміздің ғалым мамандары ол пәндерден оқулық жазуға жаңа тартылып жатса, қазақ тілі оқулықтарын жазуда жағдай басқаша. Өз ғалымдарымыздың қазақ тілінің барлық сыныптағы оқу құралдарын ертеден жазып келе жатқаны белгілі. Бұл қазақ тілі оқулықтарында еш болмауы керек деген ұшқары пікір емес.

Бүгінгі күнге дейінгі оқулықтардың көп жақсылықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі әңгіме жаңа кезеңнің жаңа оқулықтары туралы болып отыр.

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі ретінде оқулықтағы кейбір өзім байқап, қиналып жүрген мәселелер туралы айтқым келеді. Мектеп оқулықтарының авторы, белгілі ғалым Сейілбек Исаевтың «Оқулық қалай жазылады?» деген мақаласында оқулық авторлары үшін көп сұрақтың сыры айтылған. Оқулықтарда тақырыпты беріп, олардың мәнін түсіндіруде ұстанатын негізгі принцип - «оның ғылыми дәлелдігі, ақиқатқа негізделуі» деп есептейді ғалым. Әрине, оқулық жазуға қойылатын негізгі талаптар мен оны құрастырудың өзіндік принциптері бар. Соның бірі – оқулықта берілетін материалдың ғылыми дәлдігі. Алайда, осы принциптің оқулық авторлары тарапынан «іске аса бермейтінін» де тәжірибелі ғалым ескертіп өтеді. Енді осы принципке бір-екі мысал келтіре кетсек артық болмас еді. Ең алдымен, қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстар жүйесі жайында. Әсіресе, олардың санын әр оқулықтарда әр түрлі көрсетілуі мектеп мұғалімдеріне көп қиындық туғызуда.

Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде түрлі ғылыми пікірлердің, әр ғылыми көзқарасы болатыны белгілі. Мысал ретінде дауысты, дауыссыз санының түрліше көрсетіліп жүргенінін айтуға болады. Ғылыми тұжырымның барлық уақытта бірдей болып шығуы мүмкін емес нәрсе. Осындай мәселелердің мектеп оқушысына да әсерін тигізетіні қиналтады. Мектеп мұғалімі бекітілген оқулықпен жұмыс жүргізсе де, қосымша әдебиеттерді пайдаланбай отыра алмайды. Сол уақытта осындай мәселелерде қандай еңбекті негіз етіп алуға қиналады. Себебі, ол еңбектерде дыбыстар саны түрліше берілген. Қиындық, әсіресе, мектеп бітіруші сыныптарға түседі.

Жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалатын мектеп бітіруші қай оқулықтағы тұжырымды ұстанатын, оқуға түсерде тапсыратын тестілік тапсырмаларын дайындайтын республикалық оқу мамандары да осыны ескеріп, мектеп оқулығы негізінде ғана жасап қоймайды. Оның жыл сайынғы қабылдау науқанында айтылып, байқалып келе жатқаны белгілі. Ал қабылдау қррытындысында бір ғана ұпайдың үлкен мән бар екенін дәлелдеп жату артық болар. Тура осындай қиындықты «Ықпалдың түрлері» тақырыбына да қатысты айтуға болады. Бәріміз білеміз, бір оқу құралында ықпалдың үш түрі көрсетіледі (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы), біреуінде екі түрі көрсетіледі (ілгерінді, кейінді).

Ал мектеп оқушысы осы екуінің қайсысын ұстанады, қайсысына сүйенеді? Тестік тапсырманың қандай әдебиетке сүйенгенін тағы білмейді. (Салыстырыңыз: Қазақ тілі. Н.Оралбаева, Ғ.Мадина, А.Әбілқаев және Қазақ тілі. С.Исаев. талапкерге арналған). Осындай қиындықтарды болдырмау үшін тест орталығы немесе министірлік тапсырмаларды дайындауда пайдаланған әдебиеттер тізімін оқу жылы аяқталмай тұрып жариялап отырса дұрыс болар еді.

Мұндай қиындықты бұйрық райға қатысты да айтуға болады. Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың ІІ жағына қатысты ғалымдар арасындағы екіұдай пікірдің орын алып келе жатқаны рас. Мектеп оқушылары үшін олар бір пікірге келіп отыруға тиіс емес екені түсінікті. 6-сыныпқа арналған оқулық авторы С.Исаев оқулықта «Етістіктің түбірінде бұйрықтық мағына жоқ»-деген тұжырымды береді. Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, оқушының біразы етістіктің түбірін бұйрық рай деп көрсетіп жатады. Себебі, мұғалім осылай деп үйретеді. Ал мұғалім қосымша әдебиеттерден қарастырады.

Жоғарғы сыныптарда қазақ тілінің пән ретінде оқытыла бастағанына көп бола қойған жоқ.. Жаңа бастаған нәрсенің қиындығы да көп болатындығы түсінікті. Қазіргі уақытта қазақ мектептері әр түрлі баспадан шыққан оқу құралдарын пайдаланып келеді. Алғашқы кезеңде оқу құралдарына бірінші басылым болғандықтан, оқулықтардың кемшіліктері болуы заңды деп қарадық. Ол жағына түсіністікпен қарауымыз керек. Әңгіме келесі басылымдарына мұғалім қауымы өз ұсыныстарымыз бен пікірлерімізді айта кету жөн. Осы бағыттағы ғалымдардың көзқарастары мен өз тәжірибелерімізге сүйене отырып, ойымды білдіргім келеді.

Жалпы алғанда, бүгінгі күнге дейінгі оқулықтар қандай мазмұнда жазылып келеді? Бұл сұраққа Ахмет Байтұрсынұлының мына пікіріне жүгініп барып жауап беру орынды болар еді: «Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс»

Біздің ойымызша, барлық буындағы оқулықтарда сөздің тұлға жағы мен оқу материалы «ереже жаттату» түрінде үйретіліп келеді. Сөздің мағына, қисын жағын таныту мардымсыз. 10, 11 – сыныпқа арналған оқу материалдарын анықтауда осы пікірді мықтап ескеру керек. Ереже жаттатуды азайтып, оқушыны сөздің қисынын келістіруге бағыттауымыз дұрыс болатын сияқты. Осы жерде белгілі ғалым Р.Сыздықованың мына пікірі алдағы уақытта үнемі есте болса деймін: «Тіл сабағын оқытуда принципті бетбұрыс жасау керек. Ол жаңа бағыт, басты нысана етіп тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алуы тиіс»

Тілдің «дұрыс, әсем қолданысы» бұған дейінгі оқу бағдарламалары мен оқу құралдарында тіл ұстарту, тіл мәдениеті (1-2 сағат көлемінде) сабақтарында қолға алынатын. Тәжірибе көрсеткендей жаңа бағытымыз үшін өте мардымсыз нәрсе, берері шамалы.

Қазіргі уақытта қоғамымызда тіл мәселесі, дәлірек айтқанда, тіл тағдыры өткір қойылып отырғаны жасырын емес. Ал тілдің тағдырын қолданыс шешеді. Сондықтан тілдің «дұрыс, әсем қолданысын» үйретуді бағдарламалар мен оқулық материалы етіп алу тиімді болар еді.

Осы жерде оқушыны тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі өз тәжірибеме тоқталсам. Оқушыны сөйлеу мәдениеті мен жазба мәдениетіне тәрбиелеудің бірі – көркем шығарманы пайдалану. Көркем шығарманы пайдалану барысында төмендегі мәселелерге назар аударуды ұсынамын:



  1. жазушының шешендігі; 2) пейзаж; 3) мәтін түзу; 4) портреттік мінездеме; 5) сөз таңдау; 6) синонимдерді таңдау; 7) монолог; 8) диалог; 9) сөйлем құрылысының ерекшелігі.

Мысалы: көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдердің қолданысы туралы. Мұндағы мақсат – шығармадағы фразеологизмдерді тергізу ғана емес, олардың қолданысын, қолданыстағы көрінісін түсіндіру. Фразеологизмдердің қолданысы шығармада қандай мақсатты өтеп тұр, солар арқылы жазушының нені, қалай суреттеп тұрғанын үйретемін. Осындай үлгіні оқушы шығарма, ой толғау т.б. жазба жұмыстарында еркін пайдаланады. Бұл жұмысыма негіз етіп Рәбиға Сыздықованың «Сөз құдіреті» еңбегін пайдаландым. Тіл білімінде мұндай зерттеу көркем шығарманың тілі лингвистикалық талдау деп аталатыны белгілі.

Тілдің «дұрыс, әсем қолданысын» үйрету мақсат болғандықтан, осындай жұмыстардың берері мол деп есептеймін.

Оқушыны сөз мәдениетіне тәрбиелеуде алдағы уақыттағы оқулықтарда осындай лингвостилистикалық талдау материалдары да орын алса деген ұсыныс айтар едім.
Тіл сабағының мазмұнына ұсыныстар

Орта мектеп оқушыларының білім деңгейінде олқы соғып келе жатқан ең негізгі тұсы - жазба жұмысын орындауы, жазбаша мәдениетінің төмендігі. Сөздің мағына, қисын жағын таныту баса жүргізілмейтіндіктен, оқушы ауызша берілетін жауап, тапсырма түрлерін жазбаша орындауда қатты қиналады. «Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда кететін сәнін» жазбаша жеткізу одан да қиын нәрсе. Қазақ мектептері осы мәселені ең алдымен оқулықтарда қарастырмай келеді. Еркін тақырыптарға шығарма жазу сияқты жұмыстарды орындауда қиналады. Жаңа кезеңнің оқулықтарына қойылатын талаптардың бірі – осы тұрғыдан болса. Бүгінгі оқушы ертеңгі өмірінде жазбаша қарым-қатынас жасамай тұрмайды. Сондықтан бұл мәселелерді шешу үшін оқулық мазмұнына мынадай ұсыныстар білдіргім келеді.



  1. Оқушыны белгілі бір тақырып көлемінде ой жүйесін құруға үйрету.

  2. Қазақ тілі сабақтарында лингвостилистикалық талдау жүргізуді қолға алу.

  3. Жазбаша мәдениетке баулу.

Оқушыларды бұған дейін аталып, жүргізіліп келе жатқан тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл мәдениеті деген 1-2 сағат көлеміндегі материалдармен жазбаша мәдениетке жеткізу мүмкін емес. Осы айтылғандардан оқушының жазбаша мәдениеті деген ұғым туады. Жаңа кезеңде қолға алынып жатқан қазақ тілі оқулықтарында (әсіресе, жоғары сыныптарда) басым бағыты осындай мазмұнда болғанын жөн санаймын.

Қорыта келгенде, мынадай ұсыныстар айтамын:



  1. Тіл сабағын оқытудың ендігі бағыты етіп тілдің «дұрыс, әсем қолданысын үйретуді» алу;

  2. 5-9 сыныптарда оқулықтың мазмұнында сөздің мағына, қисын жағын үйретуге назар аудару;

  3. Оқулықтың біреу ғана емес, білім алатын оқулықты таңдай алуға мүмкіндігі болуы үшін балама оқу құралдары да болуы керек;

  4. Қазақ мектептері үшін қазақ тілінен электронды оқулықтар қорын дайындауды кешіктірмеген жөн;

  5. 10, 11 – сыныптарда қазақ тілі оқулығының мазмұнында оқушыны жазбаша мәдениетке үйретуді қамту;

  6. Оқушылардың жас ерекшелігіне орай көркем шығармаға лингвостилистикалық талдау жүргізуді қазақ тілі оқулықтарын енгізу;

  7. Жаңа кезең оқулықтарында қазіргі уақытта көптеп қорғалып жатқан диссертациялардағы жаңалықтар оқушы деңгейі мен өмір талабына сай беріліп жатқаны да артық болмас еді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. С. Исаев. Қазақ тілі жайында ойлар. А., 1997, 190 – 208 – беттер.

  2. А. Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., «Ана тілі», 1992 жыл.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №5, 1998, 103 – бет.

  4. Р. Сыздық. Сөз құдіреті. А., «Санат», 1997.

ӨТІНІШ ПАРАҒЫ



Аты—жөні

Камбарова Айнур Файзуллаевна

Оқу немесе жұмыс орны

«Қайнар» мектеп – гимназия» мемлекеттік мекемесі

Қызметі, ғылыми дәрежесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Секция атауы

Гуманитарлық ғылымдар және оқыту әдістемесі

Баяндама тақырыбы

Жаңа кезең оқулықтарына ұсыныстар

Байланыс телефондар

8 (72542) 42-3-95

Электрондық пошта адресі (Е-mail)




Қатысу формасы: тікелей / сырттай

Сырттай

Басылған материалдарды жіберу мүмкін болатын адресі (пошталық индексті көрсетумен)

160533

З.Таспанбетова көшесі, №11 үй, Асықата кенті, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы



Баяндаманы ұсыну формасы: Ауызша хабарлама / қабырғалық баяндама

Ауызша хабарлама

Баяндамаға қажетті техникалық көрнекілік құралдар




Конференцияға келіп қатысу мүмкіндігі ИӘ/ЖОҚ

Жоқ

Қонақ үй қажеттігі ИӘ/ЖОҚ

Жоқ

Қолы мен күні

02.04.2012 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет