Сабақты бекіту сұрақтары. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма беру - 152-жаттығу.
Мұғалімдердің сабақ үлгілерін талдай отырып, олардың негізінен оқыту әдістері классификациясын білім көзіне қарай және оқушылардың танымдық қызметі сипатына қарай қолданатынын байқадық. Кейде олар осы екі классификациядан да алынған әдістері тобын қарастырады, сонда мұғалім нақты сабақта оқыту әдісі ретінде ішінара-ізденіс әдіс, әңгіме, әңгімелесу, жаттығу, репродуктивтік әдіс деп ажыратады, ал соның ішінде әңгіменің өзі ішінара-ізденіс, ал жаттығу репродуктивтік болатынын түсінбейді. Оқыту әдістерін білім көзіне қарай ажыратып және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты турасында түсініктемесін қосып жазғанда, дидактикалық тұрғыда сауаттырақ болар еді.
Мұғалім үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Ал оқыту әдістерін тиімді таңдау барлық көзделген шарттарды (мақсат, мазмұн, оқушының жас және жеке ерекшелігі, мұғалімнің жеке тұлғасы) және оқыту әдістерінің мықты және әлсіз тұстарын, яғни оқыту міндеттері мен оларды қалай шешу жолдарын қарастырады 32,92б.
Бақылау және эксперимент топтары арасында білім сапасы тестілеу арқылы салыстырылды. Нәтижесінде экспериментальды топ бақылау тобына қарағанда тест тапсырмаларын тез және сапалы орындады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей болды.
Эксперимент топтың оқушылары белсенді және бастамашыл болып, оқу материалын меңгеруде жоғары деңгейді көрсетті. Бақылау және эксперимент топтарындағы оқушылардың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі білім деңгейін көрнекі диаграмма түрінде ұсынамыз.
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, экспериментальды топ оқушыларының білім пайызы бақылау топтарына қарағанда жоғары (сурет 5).
Эксперименттің соңғы бақылау кезеңінде анықтау экспериментінің кезінде қорытынды бақылау кесіктері жүргізілді, оның нәтижесі бойынша білімді меңгеру коэффициенті шығарылды (кесте7 ).
Кесте 8 - Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау экспериментінің көрсеткіші
Деңгей
|
Эксперименттің басында
|
Эксперименттің аяғында
|
Эксперим.топ
|
Бақылау тобы
|
Эксперим.топ
|
Бақылау тобы
|
Жоғары
|
13%
|
6%
|
38%
|
7%
|
Орташа
|
35,7%
|
43,4,0
|
51%
|
44,5%
|
Төмен
|
51,3%
|
50,6
|
11%
|
48,5%
|
Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
-
Интерактивті негізде құрылған сабақтар ең алдымен, оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын туғызды. Өйткені әдеттегі сабақтардың үйреншікті жұмыс тәртібін өзгертіп, әр оқушыға енжар тыңдарман ролінде емес, белсенді қатысушы ролінде болуға мүмкіндік берді.
Қорытынды
Интерактивтік оқыту қатысушылардың күтілетін проблемаларды шешуде мотивациясын арттырады, одан әрі қарайғы ізденіс белсенділігіне эмоциональды түрткі болады, оларды нақты әрекетке жетелейді. Интерактивтік оқытуда оқушылардың әрқайсысы жетістікке жететіні, топтық жұмыстың жалпы нәтижесіне өз үлестерін қосатындығы ешкімді бей-жай қалдырмайды, оқыту үрдісі мағыналы және қызықты бола түседі.
Сонымен қатар, интерактивтік оқыту проблемалық стуацияларды өзінше көріп, одан шығу жолдарын жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады: өз ұстанымын, өзінің өмірлік құндылықтарын негіздеу – өзгелердің көзқарасын тыңдай білу, ынтымақтаса білу, серіктестік қарым-қатынасқа түсу секілді қасиеттерін дамытады.
Интерактивтік оқыту барысында педагог ақпарат көзінің бірі ретінде көмекші қызметін атқарады; оның қызметінде басты назарда индивид ретіндегі жеке оқушы емес, бірін бірі ынталандырып, белсендендіріп отыратын, өзара әрекеттесуші оқушылар тобы болуы қажет.
Осылайша, мұғалімнің проблемалық-ізденушілік әдістерін меңгеруі – бұл оқушылардың шығармашылық-ізденушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың ең дұрыс жолы, демек, бұл - интерактивтік оқыту.
Бүгінде мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың репродуктивті әдістерінен продуктивті әдістеріне көшу өте маңызды, онда оқушы оқылған құбылысты түсінгендігін көрсетіп қана қоймай, тапсырмалардың себеп-салдарлы байланысын аша отырып, шешімін табады, оқылған материалды тәжірибемен, өмірмен байланыстырады.
Осы орайда оқушылардың дербес шығармашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мұғалім «кез-келген бала жетістікке ұмтылады» деген ұстанымда тек бағыттаушы әсерлермен шектелуі қажет.
Сабақтарда жетістік ситуацияларын құру үшін келесі ережелерді ұстанған жөн:
Барлық оқушылар материалды меңгеруге, біліктілік пен дағдыны игеруге қабілетті;
Оқушылар мұғалімнің өздеріне сенетінін білуі тиіс;
Мұғалім танымдық белсенділікті көтермелеуі қажет; білімді ешқашанда дайын күйінде ұсынбай, оқытуда проблемалық-ізденіс ықпалын қолданады; механикалық түрде еске сақтау емес, түсініп алуға көңіл бөледі.
Педагогикалық қызметтің басты жетістіктерінің бірі сабақта жетістік ситуациясын құру деп есептеледі, ол шығармашылық қабілеттерді белсендендіруге мүмкіндік береді және оқушылардың оқу нәтижесін арттыруға ықпал етеді.
Зерттеу жұмысымызда:
- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талданды;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану маңызы анықталды;
- «интерактивті әдіс» ұғымы ғылыми негізделді, оның сабақтағы рөлін анықталды;
- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздері жасалды.
- бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру жолдарының тәжірибесін талданды.
Эксперимент барысында мұғалімдермен сауалнама-тест жүргізіп,
интерактивті оқыту әдістері туралы түсініктерін, білімін, біліктілігін анықтадық. Озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыстық және өз тарапымыздан сабақ үлгілерін талқыладық. Оқушылардың оқу үлгерімін, екі топта нақты бір тақырыпты өту әдіс-тәсілдері мен оқушылардың білім деңгейін салыстырмалы талдадық.
Интерактивтік тақтаны қолдану барысында әдеттегі сабақ тиімділігі және сабақ қарқыны арта түседі, бейне әрекет, ақпаратты шұғыл алу мүмкіндігі ашылады. Интерактивтік тақта көмегімен оқыту дәстүрлі оқыту әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді, десек те, сабақты нәтижелі өткізудің негізі бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың, оның ішінде интерактивтік технологияларды қолдану арқылы өткізілген сабақтың анық жоспары мен құрылымы болуы, нақты мақсаттар мен нәтижелерге жетуі тиіс. Осының барлығы оқушылардың материалды жақсы меңгеруіне және оны өзінің осыған дейін білетіндерімен сәйкестендіруге көмектеседі. Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектеусіз. Ең бастысы оны қойылған оқу мақсаттарына жету үшін бағыттай білу маңызды.
Жүргізілген зерттеу жұмысымызды түйіндей отырып, мынандай ұсыныстар айтуға болады:
Бастауыш сыныпта денсаулық сақтай отырып білім беру үрдісін практикалық тұрғыда жетілдіру қажет.
2. Зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жетекші нұсқау ретінде ұсынуға болады.
Интерактивтік әдістерді және АКТ-ды қолдана отырып, қазақ тілі сабағын жүйелі өткізу оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерін ойдағыдай шешеді деген түйін жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бастауыш сынып оқушыларын оқытуда интерактивті әдістерді тиімді қолдану жолдары ғылыми-теориялық және педагогикалық тұрғыдан айқындалып, негізделді. Берілген ұсыныстар бастауыш сыныптардың оқу үрдісінде тәжірибеден өткізіліп қолдау тапты. Орындалған жұмыстың ғылыми-теориялық деңгейі алынған нәтижелермен дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |