Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы



Дата09.06.2016
өлшемі85.5 Kb.
#123918
Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы

«Техникалық және кәсіби білім беруде Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағдарламасының іске асырылуы: сапалы көрсеткіштер» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқулар

Жоба әдісі бойынша сабақты модельдеу

Қатысушы: педагогика пәнінің оқытушысы Жанғазақова Жанар Мұхтарғазықызы

Оқу орны - Астана қаласының Гуманитарлық колледжі

Қызметі – оқу әдістемелік ісі - жөніндегі кабинетінің әдіскері

Астана 2009

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................3

Негізгі бөлім..................................................................................................4-7

Жоба әдісін қолданудың маңызы...................................................................4-7

Қорытынды......................................................................................................8

Әдебиеттер........................................................................................................9

Қосымша «Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысын жоспарлау»............10-14

Кіріспе

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күші тек білімге ғана тән. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын құру қажеттігі туып отыр.

Елбасының халыққа Жолдауында: ... «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - дейді. Бұл ұлағатты сөздер қазіргі таңда жеке адамның дамуына үлкен мән беру дегені. Ел болашағы – тәжірибелі, дамыған тұлғаның қолында.

Білім берудің мазмұндық жағынан жаңарту үрдісі төмендегідей бағыттарды көздейді:



  • Білім беру мазмұның қоғамның қазіргі әлеуметтік–экономикалық сұранысына сәйкестендіру;

  • Білім беру мазмұнын ізгілендіру;

  • Оқушының өз бетімен білім алуына, оны тәжірибеде қолдана білуіне бағытталған, негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету;

  • Білім беру мазмұнын оқушының өз бетімен ізденуіне, өзіндік көзқарасының қалыптасуына бағдарлау.

Мемлекет болашағы көбіне оның білім жүйесімен анықталады. Білімділік, құзыреттілік және кәсібилік қоғам дамуының негізгі факторы. Ағарту ісі әрқашан қоғам өмірінің және оның өкілінің қызметін анықтайды. Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат – оқытушыға тек сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыру болу керек. Осы қажеттіліктерге байланысты жоба әдісі бойынша сабақты модельдеу үлгісі ұсынылады.
Жоба әдісін қолданудың маңызы

Жоба әдісі дегеніміз белгілі бір проблеманы оқушылардың өздігінен немесе ұжыммен біріге отырып шешуге бағыттайтын, міндетті түрде жұмыс нәтижесін ортаға жария етуге мүмкіндік беретін оқу-танымдық тәсілдер жүйесі.

«Алға ұмтылған»- жоба (проект) сөзінің нақты аудармасы. Өткен жүзжылдықтың басында АҚШ-да «еркін тәрбиелеу» идеясынан пайда болған жоба әдісі өзінің бойына философия мен білім берудегі ізгіліктілік бағытының идеясын сіңірді. Дж.Дьюи мен оның оқушысы В.Х.Килпатрик оқушының мақсатты іс-әрекеті арқылы оқытуды белсенді негізде құруды ұсынды), негізгі «тезисі» барлығы өмірден, барлығы өмір үшін. Жоба-жеке ұжымдық жұмыстың бір түрі. Оқушылардың танымдық біліктерінің жеке практикалық біліктерінің қалыптасуына, танымдық ізденімпаздығын арттыратын оқытудың тиімді түрі- жобалар. Бұл әдіс шет ел педагогикасында кең тараған. Сонымен қатар біздің елдеде жоба әдісін қарастыратын бірнеше педагогтар бар Б.Игенбаева, У. Жексенбаева және «Мектепке дейінгі баланың іс-әрекетінде жобалау әдісін қолдану» мәселесін С.Н. Жиенбаева.



Жобалаудың әдісі жаңа әлемдік педагогикада принциптік болмайды. Еркін тәрбиеден ойдың тууы, осы шақта ол интегралдық компанент жүйенің білімі болады.

Әдістің негізі мынада: қатысушының дүниетанымдық қызығушылығы, өздігінен білімін ақпараттық айнада алмасуға тақырыпқа байланысты сұрақтар қоюға, сын арқылы ойды дамытуында жатыр. Бұл әдіске жекелей жұптық, немесе топ арқылы оқушының өздігінен ізденуіне, белгілі бір аралықта анықтайды. Соған байланысты әдістің соның негізінде жатқан жобаны орындау, зерттеу шығармашылықты, ақпараттық, кенеттен қауым ойын жобаларын ажыратады. Енді Романовская М.Б. жобаның ерекшеліктерін былайша қарастырады:



Қарапайым әрекеттік жоба. Мысалы, түрлі күйдегі су құйылған ыдыстарды сипаттау. Өз түсінігіңді салыстыр, сипатта. Осылайша судың күйлерін сезу, оның бір күйдегі екінші күйге ауысып бақылаудың өзі кішігірім зерттеу жұмысы.

Жоба бақылау. Бұл көбінесе табиғатты бақылау арқылы жүргізіледі. Жыл мезгілдерін салыстыру. Үй жануарлары, құстар, өсімдіктер, адам әрекетін түрлі жыл мезгілдерінде бақылау. Жобаның негізі бақылау күнделігі.

Жоба әңгіме. Баланың түрлі тақырыпқа байланысты әңгімесі. Бұл әңгімелер бала қиялы мен шығармашылығын, пәндерді оқып білуден туындаған нәтижелер. Фильмдер көру арқылы да бала салыстыруға, басқаларға ауызша әңгіме рецензия түрінде жеткізе білсе, ал баланың өз бетіндік танымдық әрекеті болса да, бастауыш сынып оқушылары үшін жоба болып саналады.

Құрылымдық жобалар соның ішінде ойын жобалар. Сыныптан тыс жұмыстар, еңбекке баулу, технология сабақтарында түрлі заттарды жасау. Бұндай жобалаудың жетекші идеясы өз өзіне қызмет көрсету. Ойынды жобалау, оған дайындау, оқушылардың қажетті заттарды өздерінің дайындаулары. Бұл дәстүрлі тапсырманы жобаға айналдыру үшін негіздеме, әзірлеу нұсқаларын дайындау, соның ішінде бір нұсқаны таңдау, жұмыс соныңдағы рефлексия.

Саяхаттық жобалар. Алдымен шағын топта саяхат бағдарламасы негіз болған жобаның құрылымдық сызбасы жасалады. Баланың алдына нақты мәселе қойылады, сол мәселеге бала саяхат барысында нақты жауап алады. Саяхат қорытындысы міндетті түрде талқыланады, балалар саяхаттан алған әсерлерін, білімдерімен бөліседі.

Зерттеу жобасының ойластырылған құрылымы болады, яғни практикалық құрылымымен ғылыми зерттеу байланысты, өзекті тақырып, мәселе, зат және объектіні зерттеу; мақсаты, жорамал және сол зерттеулерден шығатын нәтиже.

Жобаның ең негізгі кезеңдеріне мыналар кіреді:



1-кезең. Жобаның тақырыбын таңдау. Жобаның тақырыбы осы кезеңге, уақытқа сай өзекті, нақты әрі нысаналы болуы қажет. Тақырып таңдаудағы талапты орындау арқылы оқушылардың іс-әрекеттерінде танымдық белсенділік пен қызығушылықтың жоғары деңгейіне жетуге болады.

2-кезең. Жоба мақсаты мен негізгі міндеттерін шешу талап етіледі.

3-кезең. Оқушылардың өзбетіндік жұмысы нәтижесінде жоба міндеттері біртіндеп орындалды. Оқушылар бақылау күнделігі мен жұмыс дәптерін арнайды. Мұнда оқушылардың жұмысы түгелінен көрінеді.

4-кезең. Алынған нәтижелер негізінде есеп беруге, алынған нәтижелерді талдауға және қорытындылар жасауға үйренулері қажет.



5-кезең. Жобаны қорғау. Оқушылар жасалынған жұмыстар жөнінде, алынған нәтижелерді түсіндіруге, шығарылған қорытындысының себебін көрсетіп, дәлелдей білуге үйренуі тиіс.

Қажет болған жағдайда көрсетілген негізгі кезеңдердің ауқымын үлкейтіп, қосымша кезеңдер қосуға болады. Сол себептен кезеңдердің жалпы саны әр жобада әр түрлі болып, өзгеріп отыруы мүмкін. Жобаны орындау кезінде оқушылар топқа немесе кіші топтарға 2-3 оқушыдан бөлінген топтар ең жақсы нәтижелерге, жетістіктерге жетеді. Оқушылар өздерінің қалаулары бойынша топқа бөлінеді. Бірақ топтағы оқушылардың білімдерінің деңгейі мен қабілеттері әр түрлі болуларын мұғалім ескерген жөн. Кейде жобаны жеке бір оқушы орындауына рұқсат етіледі. Алайда жобаның бұл нұсқасында оның сыныптағыларға әрдайым ақпарат беруін, пікірталас, дөңгелек үстел ұйымдастырып отыруына мұғалім басты назар аударады.

Жобалау әрекет барысында педагог үшін ең күрделі – тәуелсіз кеңесшінің рөлін қабылдау. Кеңес беру барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беру маңызды. Тәжірибе көрсетуі бойынша көп уақытта оқушылар тақырыптың мәселесін, өзектілігін және тәжірибелік құндылығын анықтауда қиындық тудырады. Жобаның соңғы кезеңінде жобаға есеп беруде мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырады.

Бұл жұмыс түрі пәнаралық байланысты жүзеге асырады, алған білімін жинақтауға жалпылауға, талдауға үйренеді, танымдық ой-өрісі артады.

«Педагогика» пәнінен «Тәрбие теориясын» өту барысында оқушыларға бірнеше жоба тақырыптары ұсынылады, ал нәтиже формасы әр түрлі болуы мүмкін (сызба, нұсқа, тұжырымдама т.б.)


  1. Тәрбиеші моделін жасау

  2. Мектеп түлегінің моделін жасау

  3. Қоғамдағы отбасы тәрбиесінің маңызы

  4. Этномәдени тұлға тұжырымдамасын жасау

  5. Қазіргі замандағы тиімді тәрбие формалары.

«Оқушылардың білімдерін бағалау, бақылау формалары» тақырыбына байланысты берілетін жоба тақырыптары мыналар:

  1. Бағалау жадынамасы

  2. Бағалау ережелері

  3. Рейтингтік бағалау

  4. 12 балдық бағалау

  5. Бағалау түрлері.

«Педагогика» пәнінен «Мектептану» бөлімін қарастыру кезінде сабақты жоба әдісі бойынша құрастыруға болады. Қосымша № 1.

Қорытынды

Жобаны ұйымдастыру кезінде оқушы «ғылыми ізденушіге» айналады, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы артады. Оқушы алғаш рет зерттеу, бақылау жұмыстарына, экспериментке жүгініп жиналған нәтижелерге бірінші рет қорытынды жасауға ұмтылыс жасайды. Ғылыми терминдер қолданып, ғылыми бақылау негізінде ой тұжырым жасауға үйренеді. Сондай-ақ пән бойынша алған білімін тереңдетіп, оны бекітеді, білімін практикалық дағды, біліктерімен байланыстырады.

Сонымен қорыта келе, бұл жұмыс түрі бүгінгі оқушыны жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына үйретеді.


Әдебиеттер:


  1. Воровщиков С.Г., Новожилова М.М. Школа должна учить мыслить, проектировать, исследовать: Управленческий аспект. М., 2007.

  2. Гузеев В.В. Исследовательские проекты в практике школы //Библиотека журнала «Директор школы». – 1998. № 7 110-127с.

  3. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Оқулық. «Фолиант» Астана -2007.

  4. Павлова М.Б., Дж.Питт, Сасова И.А., Гуревич М.И. (под ред. Сасовой И.А.) Технология, 6-й класс. Метод проектов в технологическом образовании школьников. Пособие для учителя – М: Вентана-Граф, 2004 – 144с.

  5. Полат Е.С. Как рождается проект. М-1995.

  6. Романовская М.Б. Метод проектов в образовательном процессе. М., 2006-160с.

  7. Романовская М.Б. Метод проектов в контексте профильного обучения в старших классах: современные подходы: научно-методическое пособие для преподавателей образовательной области «Технология» - М., АПК и ПРО, 2004 – 32с.


Қосымша № 1

Тақырыбы: Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысын жоспарлау.

Мәселесі: Мектептің тиімді жылдық оқу тәрбие жұмыс жоспарының болмауы.

Объект: Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысын жоспарлау.

Пәні: мектептегі күнтізелік жоспардың кестесі.

Болжам: Егерде, мектептің оқу тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарын дұрыс ұйымдастырса, онда жұмысты әдістемелік сауатты жүргізуге болады.

Мақсаты: Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысын жоспарлау мәселесін зерттеу.

Міндеттері:



  • Жоспарлаудың негізгі формаларымен танысу;

  • Мектептегі қолданылып жүрген жылдық жоспарды талдау;

  • Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысының жоспарын жасауға үйрену.

Әдістер: жоба әдісі.

Формасы: жеке топтық жұмыс.

Жұмыс кезеңдері 6 кезең.

І кезең


1-2 сабақ

Сабақ мақсаты:



  • Жобаның тақырыбын, мәселесін, объектісін және пәнің анықтау;

  • Болжамды құру, ақпараттарды жинақтау;

  • Жобаның мазмұның ашу.

Әдістер: индукция, дедукция.

Құралдар:



  • Оқу тәрбие жұмысын жоспарлау кестелері;

  • Жоспарлауға қойылатын талаптар;

  • Жоспарлау жағдайлары;

  • Топта жұмыс істеу ережелері;

  • Іс әрекетті бағалау сызбалары;

  • Оқулықтар;

  • Әдістемелік құралдар.

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жобаның тақырыбын белгілеу, мәселесі, объекті, пәні; болжамды құру.

ІІІ. Ақпараттарды іздестіру тәсілдерін анықтау, зерттеу тақырыбына сай іріктеу.

ІҮ. Оқушыларды топтарға бөлу.

Ү. Топта оқушылар арасында міндеттерді бөлу.

Көшбасшы топ ішінде қатысушылар арасында міндеттерді бөліп, әр оқушының әрекетін атқарған міндетіне байланысты бағалайды.

Баяндаушы жоба бойынша баяндайды.

Қатысушылар жобаны жасайды.

Эксперттер топтардың жұмыстарын талдап бағалайды.

ҮІ. Зерттеу тақырып бойынша топтарға әдебиеттер ұсынылады

ҮІІ. І- кезенңін жұмысын бағалау.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

ІІ кезең


3-4 сабақ

Сабақтың мақсаты:

Мектептің тиімді күнтізбелік оқу тәрбие жұмыс жоспарын жасау.

Әдістер:


  • Алған нәтижелерін талдау;

  • Эвристикалық;

  • Қызығушылықтарын ынталандыру.

Құралдар:

  • Талдауға қойылатын талаптар;

  • Жоспарлау жағдайлары;

  • Топтық іс әрекетті бағалау сызбалары.

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Топтағы жұмыс мектептің күнтізбелік оқу тәрбие жоспарын жасау.

ІІІ. ІІ - кезенңін жұмысын бағалау.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

ІІІ кезең

5-6 сабақ

Сабақтың мақсаты: Жасалған оқу тәрбие жұмыс жоспарларын талдауға ұсыну.

Әдістер:


  • Эвристикалық

Құралдар:

  • Қолданылатын жоспар кестелері;

  • Сызба кестелерді безендіру құралдары;

  • Жоспарлау жағдайлары;

  • Жоспарлауға қойылатын талаптар;

  • Топта жұмыс істеу ережелері;

  • Топтық іс әрекетті бағалау сызбалары;

  • Жобаны бағалау кестесі.

Сабақ құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Білімді

ІІІ. Нақты жағдайларда білімді қолдану.

ІҮ. Жобаларды қорғауға дайындау.

Ү. Жобаларды қорғау.

ҮІ. Жобаларды бағалау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.



Қорытынды сабақтағы оқушылармен оқытушының әрекет жүйелері

Сабақ кезеңдері

Ұзақтығы

Оқытушының іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекетері

І. Ұйымдастыру

3 мин.

Амандасу

Сабақтың мақсатымен жоспарын хабарлау

1.Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмысын жоспарлау мәселесі.

2.Жобаларды қорғауда дайындау.

3.Жасаған жобаларды қорғау.


Амандасу

Жоспармен танысу



ІІ.Білімді өзектендіру

10 мин.

Өтілген тақараптар бойынша әңгіме ұйымдастыру:

1.Мектептің жылдық оқу тәрбие жұмыс жоспарының маңызы.

2.Жоспарлауға қойылатын талаптар.

3.Жоспарлау жағдайлары.



4.Әдістемелік сауатсыз құрылытан жоспарлардың алдын алу, болжау.

Қойылған сұрақтарға жауаптары.

ІІІ.Нақты жағдайларда білімді қолдануға ынталандыру

3 мин.

Көтеріліп отырған мәселеге, қойылған мақсат міндеттерге көңіл аударып отыру. Мәселені шешу жолдарын анықтау.

Әңгімеге қатысулары.

ІҮ.Топта жұмыс істеу ережелерін естеріне салып отыру

1 мин.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Ережелерді сақтау.

Ү.Жобаларды қорғауға дайындау.

30 мин.

Оқушыларды ынталандыру, кеңес беру.

Берілген ролдеріне байланысты жобаны қорғауға дайындау.

ҮІ.Бағалау критерияларымен таныстыру

1 мин.

Топтағы оқушыларды бағалау критерияларымен таныстыру

Бағалау критерияларымен танысу.

ҮІІ.Жобаларды қорғау.

25 мин. ( әр топқа қорғауға 5 мин., 3 мин. Сұрақтарға жауап беру үшін)

Эсксперттерді ұйымдастыру

Жобаларды қорғау

ҮІІІ. Рефлексия

10 мин.

Жобаларды бағалау, қорытындылау.

Рефлексия жүргізу.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет