Білім беру мекемелерінің басшыларына ! 01. 02. 2008ж



Дата01.07.2016
өлшемі46 Kb.
#170715
Білім беру мекемелерінің басшыларына !

01.02.2008ж.

Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаметінің Ақтөбе қалалық бөлімінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы №4-1/135 хатына сәйкес 2007 жылдың қорытындысына орай паразитарлық аурушаңдық Ақтөбе қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай 2006 жылмен салыстырғанда күрделі болып қалуда, яғни энтербиоз 14 жағдайға, аскаридоз 10 жағдайға артқан. Жыл бойғы паразитарлық аурумен ауырғандардың арасында мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балалардың үлес салмағы 60%-ті құраған. Бұл жағдайлар жыл сайынғы медициналық тексерулер кезінде, басқа оқу орындарына ауысулары кезіндегі медициналық тексерулерден өтулері кезінде, емдеу мекемелеріне жатқызылу кезінде анықталған. Паразитарлық аурулардың жұғуы үй жануарларынан және жеке бас гигиенасын сақтамаушылықтан орын алып отыр.



Энтеребиоздың 247 жағдайы тіркелген, аурушаңдық көрсеткіші (АК)-67,6, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында-236 жағдай (АК-278,6).

Мектептер бойынша жағдайлар саны төмендегідей:

№30 орта мектепте- 8 жағдай орын алған,

№29 және №26 мектептерде-7 жағдайдан,

№47, №16, №24, №36 мектептерде-6 жағдайдан,

№28, №2, Новый ОМ мектептерінде-5 жағдайдан,

№11, №48, №40, №47, №13, Россовхоз ОМ мектептерінде-4 жағдайдан,

№23, №25, №46, Сазды ОМ, ҚҚОМ мектептерінде-3 жағдайдан,

№1, №33, №6, №50, №42, №15, №19, №51 мектептерінде-2 жағдайдан,

№12, №21, №5, №27, №43, Благодар ОМ, Құрашасай ОМ мектептерінде-1 жағдайдан.

Балабақшалар бойынша:

№14 балабақша-17 жағдай,

№2 балабақша-11 жағдай,

№19 мектеп-балабақша-6 жағдай,

№6 балабақша-5 жағдай,

№26 балабақша-4 жағдай,

№10, 11 балабақшалар-3 жағдай,

№20, 25, 17, 9, 13 балабақшалар-2 жағдайдан,

№16, 1, 7, 8, 46, 49, 41, Заречный мектеп-балабақшасы-1 жағдайдан.

2007 жылы аскаридоздың 18 жағдайы тіркелген, аурушаңдық көрсеткіші (АК)-5,1, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 13 жағдайы тіркелген (АК-15,3). Алдыңғы жылмен салыстырғанда, аскаридоздың 10 жағдайға өсуі байқалған. Кәсіби-еңбек құрам бойынша аскаридоз аурушаңдылығы төмендегідей дәрежеде: оқушылар-8 жағдай (44,4%), балабақша-4 жағдай (22,2%), ұйымдастырылмаған балалар-1 жағдай (5,5%). әр түрлі мектептерден, атап айтқанда-№20, 51, 6, 2, 21, 24, 27.

Балабақшадағы аурушаңдығы: 1 жағдайдан-№9, 46, 11, 10 балабақшалар.

Гименолепидоздың 2 жағдайы тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіші (АК)-0,5, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай (АК-2,3). Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл аурудың 1 жағдайға төмендегені байқалған. Кәсіби-еңбек құрам бойынша гименолепидоз аурушаңдылығы оқушылар арасында-1 жағдай (50,0%), балабақшада-1 жағдай (50,0%). Аурушаңдылық №33 орта мектеп пен №21 балабақшада тіркелген. Осы тіркелген аурулардың барлығы емделіп, бақылау тексеруден өткен.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес аталған аурулардың алдыналу және оны болдырмау үшін тиісті шаралар алынсын. Сонымен бірге төмендегідей шараларға баса назар аударылсын:



  1. санитарлық-ағарту жұмыстарының жүргізілуі арттырылсын және қатаң бақылауға алынсын,

  2. білім беру мекемелерінің медициналық қызмекткерлері мен білім мекемелерінің басшылары балалардың кезекті каникулдан оралуынан кейін және жаңадан келген балалардың олардың денсаулықтары тексеріліп, ауру жұқтыру белгілеріне тексерілуін үнемі жүзеге асырсын,

  3. дезинфекциялық зарарарсыздандыру шараларының уақытылы орындалуы қамтамасыз етілсін, дезинфекциялық дәрмектердің жеткілікті қоры қамтамасыз етілсін.

  4. әрбір орын алған жағдайлар жөнінде қалалық білім бері бөліміне уақытында хабарлансын. Жоғарыда аталған аурушаңдылықтардың алдыналу және оны болдырмау шараларының орындалғаны жөнінде қалалық білім бөліміне хабарлама тапсырылсын.

Р.Тастанбаева

А.Отар
Білім мекеме басшыларына!

01.02.2008ж.

Қосымша – 31.01.08ж. хабарландыруына.

2008 жылдың 7-ші ақпанында сағат 8.30-да № 14 ОМ қалалық семинар өткізіледі.

Тақырыбы: «Жаратылыстану бірлестігі сабақтарында пәнаралық байланысты тиімді қолдану». Семинарға қала және ауылдық жердегі қазақ және аралас мектептерінің география, химия, биология, физика пәнінің мұғалімдері шақырылады.

Осы мектептердің география, химия,биология, физика пәні мұғалімдерінің біреуі (1) қатысуы қажет.

А.Садықова

Мектеп басшыларына!
1) Мектепалды даярлық және 1 – кластарға қосымша каникул күндері – 11 ақпан мен 16 ақпан күндерінің аралығы екендігін хабарлаймыз.
2) Аттестациядан өтетін мұғалімдердің сабақ кестесін қаңтар айының соңына дейін тапсыруларыңыз сұралады.
3) ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы негізінде жүргізілген жұмыстар туралы есеп-анықтаманы 15.03.08.ге дейін тапсыруларыңыз сұралады. Болашақта жүргізілген шараларға БАҚ шақыруларыңыз керек.
Кесте төмендегідей:


Мектебі

Өткізілген күні, жауапты

Қай кластар, неше оқушы қатысты?

Өткізілген шара тақырыбы,

түрі


Қай газетте немесе қай арнада жарық көрді?

Қосымша


















К. Ж. Рахатова



Директорам школ
Определились школы, в которых будет проводится ПГК учащихся 4-х, 9-х классов:
4 классЗаречная ШС, Акжарская НШ, НШС № 46, № 49, № 10.
4, 9 классыОШ № 40, ОШС № 43, ОШ № 52, СШ № 1, 2, 4, 12, 14, 16, 18, 19, 23, 25, 27, 28, 31, 34, 35, 37, 41, 47, Белогорская ОШ, Благодарная СШ, Илекская СШ, Кызылжарская СШ, Красносельская ОШ, Пригородная СШ, Россовхозная СШ.

ПГК проводится 1 марта 2008 г.



А.Касымова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет