«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет74/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 
білім беру бағдарламасы, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 
2016ж. 
2. «Физика» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 
білім беру бағдарламасы, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 
2016ж. 
3. «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының 
білім беру бағдарламасы, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 
2016ж. 
 
 
 
 
 


121 
 
«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА» ЖӘНЕ «ГЕОМЕТРИЯ» ПӘНДЕРІН 
ОҚЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
 
Кенжегалиев А.Б., Ногаева С.З., Мұстафа А.М. 
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған 
 
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының
математика пәні мұғалімдері 
 
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің 
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Мұғалімдер 
пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық 
әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына 
қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді. Оқу 
бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылу қажеттігінің мысалын 
Хименес-Александренің (2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған 
ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et al, 2011 сілтемесі):
1) 
Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған 
қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) 
Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған 
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) 
Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) 
Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушыларды 
тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды.
5) 
Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын 
талдай білуі тиіс.
6) 
Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа 
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу 
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс 
екендігін түсіндіреді. Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен 
білім тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе 
қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе», (Аймауытұлы, 1929) 
оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы 
оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері 
оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін 
тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған 
дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда 
білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға 
қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да 
дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай 
меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға 
алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік 
беретін жаттығу орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады. Бұл пәнді оқытуда 
қолданылатын педагогикалық тәсілдер сындарлы белсенді оқуға негізделеді.
Мұғалімнің рөлі оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету мақсатында оқытудың 
заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда болып табылады. Оқу үдерісін жандандыру үшін 
мұғалімдер ынталандырушы материалдарды ұсынып, оқушылардың танымдық тұрғыдан 
дамуына ықпал ету үшін оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады. Сыныптан сыныпқа 
ауысқан сайын, оқушылар барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет 


122 
етуге үйренуі керек. Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасында математикалық 
білім математиканың тәжірибелік маңызы мен оның адамның ойлау қабілетінің дамуын 
қалыптастырудағы мүмкіндіктері және шынайы өмірді танып-білудегі ғылыми әдістер туралы 
ой-пікір қалыптастыруда ерекше орын алады. «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндері 
бойынша оқу бағдарламасының мақсаты пәннің мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен 
кіріктіре отырып, жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-
дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің жоғары 
сыныптарында математиканы оқу оқушылардың өздігінен білім алу қабілетіне қажет болатын 
математиканың қосымша бөлімдерін (жазықтық теңдеуі, Виет теоремасының жалпы түрі, 
дифференциал теңдеулер, функцияны екінші ретті туынды арқылы зерттеу) меңгеруіне 
жағдай жасайды. Математика пәндерін оқытуда оқушылардың ойлау және зерттеу 
дағдыларын қалыптастырып, дамыту үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Математиканы 
оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер:
проблемалық оқыту;
⮚ құндылықтарға бағдарланған тәсіл;
⮚ жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл; 
⮚ белсенді оқу әдіс-тәсілдері;
⮚ саралап оқыту;
⮚ жеке, жұптық, топтық (шағын топтардағы) және жалпы сыныптық (тұтас) және 
ұжымдық (құрамы ауысып отыратын жұптар) оқу жұмысын қоса алғанда, бүкіл сыныптың 
жұмысын ұйымдастыру;
⮚ өзара оқыту (сынып ішінде және сыныптар арасында); 
⮚ тәжірибелік және шығармашылық жұмыстар (түрлі геометриялық модельдердің 
конструкторы сияқты материалдармен жұмыс істеу);
⮚ ішінара ізденіс әдісі (іздеуді, қосымша материал қолдануды қажет ететін есептерді 
шешу әдісі);
⮚ зерттеу әдісі (мен не білемін, нені білгім келеді, не үйрендім); 
⮚ оқушылардың оқу жетістігіне жүйелі мониторинг жасау;
⮚ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану.
Математиканы оқытуда АКТ қолдану төмендегідей көрініс табады:
✔ 
жоба, зерттеу есептерін шығару, тапсырма құрастыру, ақпарат және пікір алмасу 
(стандартты емес есептер, жобалар, «апта есебі») үшін сайт (блог) жасау;
✔ 
математикалық есеп (геометриялық фигураларды құрастыру және тағы басқа.) шығару 
барысы туралы бейнекөрініс жасау;
✔ 
арнайы бағдарламалардың көмегімен бағалау тапсырмаларын құрастыру; 
✔ 
графиктерді, геометриялық сызбаларды оқушылардың өз бетінше орындауы;
✔ 
оқушылардың ақпаратты іздеу және таңдаумен, дерек және құбылыстар арасындағы 
байланыс пен айырмашылықты салыстыру және орнатумен байланысты жұмыстарды өз 
бетінше орындау дағдыларын дамыту;
✔ 
математиканың әртүрлі тарауларын оқу барысында көрнекілікті қамтамасыз ету 
(мысалы, геометрияны оқуда 1C математикалық конструктор, GeoGebra бағдарламалық 
жасақтаманы қолдану);
✔ 
түрлі қосымшалардың көмегімен оқушылардың математикалық модельдеу дағдыларын 
жетілдіру (мысалы, Excel, Acces қолданбалы бағдарламалар); 
✔ 
оқушылардың өз бетінше білімін жетілдіру дағдыларын дамытуға ықпал ететін 
электрондық ресурстарды қолданып оқыту;
✔ 
интернет-олимпиадаларға немесе қашықтықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу 
арқылы оқушылардың математикалық қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін дамыту;


123 
✔ 
өзекті тақырыптар бойынша мектептен тыс диалогті жалғастыруға мүмкіндік беретін 
онлайн режімінде немесе форумға қатысу арқылы математикалық дағдылар мен 
математикалық тілді дамыту.
«Математика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыларға ХХІ ғасырдағы 
қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті 
дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп 
жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі 
көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және 
ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру «Математика» пәні бойынша оқу 
бағдарламасында проблемаларды шешу, бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу 
дағдыларына баса назар аударып, ойлау дағдыларын дамытуды көздейді. Оқыту үдерісі 
тәжірибеге бағытталған және оқушының өз білімдерін өмірде қолдана білуіне шоғырланған. 
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және 
көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу 
дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет