Дәріс 9. Мұғалім психологиясы
Дәріс жоспары:
1. Мұғалім тұлғасы
2.Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы.
3. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, сыныпты басқара алу қабілеті.
Мұғалім, ең алдымен, жас ұрпақтың рухани тәлімгері. Студент үшін ол заман мен дәуірдің, тарих пен мәдениеттің, халықтар мен тұлғалардың өзара байланысының тұлғасы. Мұғалімнің арқасында шәкірт, адамзат мыңдаған жылдарға созылған жолды, бірнеше жылда жүріп өтеді. Мұғалім – шәкірт үшін қашанда жанды үлгі. Оның тұлғасы еліктеу және өзін-өзі анықтау үшін ең күшті және ең беделді құндылық нұсқаушысы болып табылады.
Педагогикалық психологияны зерттеу студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды,оқыту мен тәрбиелеу, оқыту мен оқу іс-әр екеті, сондай-ақ педагогикалық ынтымақтастық процестерін талдау және психологиялық қамтамасыз етумен байланысты.
Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметті іске асыру процесінде пайда болады, қалыптасады және жаңғырып отырады. Педагогтың — кәсіби мақсаты — өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып саналатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті. Оны іс жүзіне асыруды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерінін өзіне тән ерекше формалары бар.
Мұғалімнің қоғамдағы орны мен функциясы. В.Дальдің «Түсіндірме сөздігінде» «мұғалімге» «тәлімгер, оқытушы» деген анықтама береді, яғни оның екі негізгі функциясы — оқушылардың әлеуметтік тәжірибені қабылдауы мен іске асыруын басқару және азаматтың жинақтаған білімдерін тарату атап көрсетіледі. Мұғалімнің бұл екі функциясы адамзат тарихы барысында (мұғалім ретінде шыққан орта ғасырдағы сопылар да, ақсүйек педагогтар да) ең негізгі болып келеді. Қоғамның дамуына және өскелең ұрпақтың тәрбие жүйесіне қойылып келген нақтылы мақсаттар мен міндеттерге байланысты тәлімгерлік, оқытушылық функцияларының мазмұны өзгереді.
Мұғалімнің оқушыны түсінуі, сыныпты басқара алу қабілеті.
Педагогикалық қызмет — адамзат еңбегіндегі күрделі салалардың бірі. Мұғалім шешуге тиісті міндеттерге, оның қоғам үшін өте маңызды функциялары мен қызметінің күрделілігіне қарап, қоғам- мұғалімнің жеке басына және кәсіптік қасиетіне жоғары талап кояды. Мұғалімдер меңгеруге тиісті неғұрлым елеулі жеке қасиеттерді атап өтейік:
1.идеялық шынығу, саяси кемелдену, жоғары коммунистік саналылық;
2. әлеуметтік жауапкершілікте жоғары дамыған сезім;
3. ізгілік, интеллектуалдық жетілу және моральдық тазалық, яғни коғамның бала бойына сіңіргісі келетін өзін-өзі ұстау, байыптылық сияқты адамгершілік мұраттарға сәйкес болу.
Достарыңызбен бөлісу: |