Дәріс 8
Дәріс тақырыбы. Оқыту психологиясы.
1. Оқыту психологиясына түсініктеме.
2. Оқыту психологиясының даму кезеңдері.
3. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың психологиялық заңдылықтарын, оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді.
Оқыту психологиясының даму кезеңдері.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін психологиялық оқыту теориялары гештальт психологиясында түсініктерді адамның ақыл-ойы мен мінез-құлқы сияқты тұтас қарастырды. Психологиялық тұжырымдаманың негізгі құбылыстарын және оның басқа идеялармен байланысын түсінуге баса назар аударды. Бұл сонымен қатар 1920 және 1930 жылдары зерттелетін оқыту теориясы ретінде проблемаларды шешуге назар аударуға әкелді. Ресей немесе сол кездегі Кеңес Одағы психологияға мәдени-тарихи көзқарас ұсынды, ол оқуды қоршаған орта жағдайында сипаттады. Бұл перспектива оқытуды мектептер сияқты мекемелерде басқаруға және қолдауға болатын тұжырымдама ретінде қарастырды.
Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары
Оқытудың қазіргі замандағы бағыттарының барлығы кейбір жалпы негіздемелер тұрғысынан қарастырылына алынады.
1. Оқытушы мен оқушының өзара байланысының өзінділік негіздемесі бойынша контактті және қашықтан оқыту түрлерін бөлуге болады. Бірінші түріне оқытудың дәстүрлі игеріліп жатқан бағыттары, екіншісіне - қазіргі уақытта құрылып жатқан, арнайы өзара әрекеттесетін техникалық құралдардың көмегі арқылы жүзеге асырылатын «қашықтықтан» оқыту.
2. Саналылық (интуитивизм) принципінің негіздемесі бойынша оқыту тәжірибені игеру сипатына қатысты бөлінеді. Бұл, мысалы баланың туған тілін ішкі түйсікпен меңгеруі, оған Л.С. Выготский «төменнен-жоғары» жол деп анықтама берген (оған 60-шы жылдардың ортасында Г.К. Лозановтың пайда болған суггестопедиялық бағыты да жатады) және саналылық принципіне негізделген оқыту да жатады.
3. Оқытудың саналылық принципіне негізделетін теориясын қарастырғанда сұраққа жауап беру өте маңызды, себебі ол оқушының оқыту процесінде аңғару объекті болып табылады. Егер оқушылар тек ережелер мен құралдарды аңғарса, онда бұл оқытудың Н.Ф. Талызина бойынша, былайша айтқанда дәстүрлі, «мәлімет беруші, догматикалық» формасы. Егер бұл белгілі бір ережелерге бағынатын әрекеттердің өзін аңғару болса, онда бұл ой-еңбегі іс-әрекеттерінің қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина). Егер бұл іс-әрекеттің бағдарламасын, алгоритмін аңғару болса, онда бағдарламаланған оқыту, алгоритмизациалау теориясы (Н.Ф. Талызина, Л.Н. Ланда). Егер бұл проблеманы, міндеттерді шешу үшін қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді талап ететін оқыту болса, онда бұл проблемалық оқыту. (В. Оконь, М.И. Махмутов, А.М. Матюшкин, И.Я. Лернер).
4. Білім беру процесінде басқарудың орын алуы негіздемесі бойынша оқыту а) оған негізделетін (мысалы, дәстүрлі оқыту) және б) басқаруды меңгерудің негізгі механизмі ретінде қарастыратын (ой еңбегі әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясы, бағдарламаландырылған, алгоритмизацияланған оқыту) болып екіге бөлінеді.
5. Оқытудың болашақ қызметпен байланысы негізі бойынша белгілік-контекстік, немесе контекстік оқыту (А.А. Вербицкий) және дәстүрлі контекстен тыс оқыту.
6. Оқытуды ұйымдастыру тәсілі негізі бойынша оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қамтитын түрі мен дәстүрлі (ақпараттық, мәлімет берушілік) оқыту түрі бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |