Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысы «Білім туралы»



бет1/4
Дата11.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#190154
  1   2   3   4
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы



      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      2) орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      3) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      4) орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      5) жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен   бекітілген      

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-бөлім. Магистратура
1 Жалпы ережелер
      1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына, магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың дайындық деңгейін және академиялық дәрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып:
      ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;
      бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде 18 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
      2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;
      3) магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.
      2. Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер даярлауды:
      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
      2) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
      3) оқу жұмыс жоспарларына;
      4) академиялық күнтізбеге;
      5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;
      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;
      7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      4. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:
      1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;
      2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге асырылады.
      Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.
      5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
      Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA бағдарламасын іске асыра алады. MBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      6. Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.
      7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
      8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.
      9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
      1) магистранттардың даярлық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлділікті қамтамасыз ету;
      2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;
      3) магистранттардың даярлығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
      4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
      5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      6) «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.
      10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу мерзімдеріне және магистранттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы тиіс.
      11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
      12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шегіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің алған білімінің деңгейі мен көлемін, біліктілігі, дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      14. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады және олардың ара қатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.
      15. Магистратураның білім беру бағдарламасында:
      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;
      2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;
      3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;
      4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын эксперименталды-зерттеу жұмысы;
      5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.
      16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.
      17. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен оқытушылардың еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
      Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік жүйе қолданылады.
      18. Магистранттың магистратураға түсер алдында магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
      Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.
      19. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит көлемімен бағаланады.
      20. Магистратураның оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
      21. Әрбiр оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. Ол бiр академиялық кезеңде меңгеріліп, аяқталған соң магистрант емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), магистранттардың ғылыми-зерттеу (эксперименталдық-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.
      22. Магистратураның білім беру бағдарламалары пәндерді оқудың модульді жүйесі негізінде жобаланады.
      23. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.
      24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде 40% міндетті компонент пәндеріне, ал 60% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
      Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 28%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 62% және 50% міндетті компонент пәндеріне, ал 38% және 50% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
      25. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 52%-ын құрайды, оның ішінде 9%-ы міндетті компонент пәндеріне және 91%-ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
      Бейіндік бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы көлемінің 56%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 72%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 10% және 12% міндетті компонент пәндеріне, ал 90% және 88% тиісінше таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.
      26. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен анықталады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартуға жол берілмейді.
      27. Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сұранысы ескеріледі.
      28. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны 1-кестеге сәйкес белгіленеді.
1-кесте



Р/с №

Пән және қызмет түрлерінің атауы

Кредит бойынша көлемі

1

2

3

1

Базалық пәндер (БП)

20

1)

Міндетті компонент (МК):

8



Ғылым тарихы мен философиясы

2



Шет тілі (кәсіби)

2*



Педагогика

2



Психология

2

2)

Таңдау компоненті (ТК)

12

2

Бейіндеуші пәндер

22

1)

Міндетті компонент (МК)

2

2)

Таңдау компоненті (ТК)

20



Теориялық оқыту бойынша барлығы

42

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

кемінде 13

1)

Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу)

кемінде 6**

2)

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

кемінде 7

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

4

1)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

2)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

3



Барлығы

кемінде 59

* Педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пәндер цикліндегі шет тілі (кәсіптік) пәні бойынша кредит саны 3-еуді құрайды, тиісінше таңдауы компоненті 11 кредиттен тұрады.
** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

      29. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны 2-кестеге сәйкес белгіленеді.


2-кесте



Р/с №

Пән және қызмет түрлерінің атауы

Кредит бойынша көлемі

1

2

3



Оқу мерзімі**

1 жыл

1,5 жыл

1

Базалық пәндер (БП)

8

10

1)

Міндетті компонент (МК)

5

5



Шет тілі (кәсіби)

2

2



Менеджмент

1

1



Психология

2

2

2)

Таңдау компоненті (ТК)

3

5

2

Бейіндеуші пәндер (КП)

10

26

1)

Міндетті компонент (МК)

1

3

2)

Таңдау компоненті (ТК)

9

23



Теориялық оқыту бойынша барлығы

18

36

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

кемінде 6

кемінде 8

1)

Практика (өндірістік)*

кемінде 2

кемінде 4

2)

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистранттың эксперименталды- зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 4

кемінде 4

4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

4

4

1)

Кешенді емтихан (КЕ)

1

1

2)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

3

3



Барлығы

кемінде 28

кемінде 48

*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.
**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне және алған мамандығына байланысты осы стандартқа сәйкес анықталады.

      30. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіптік педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі дипломға қосымша тиісті куәлік берілгеннен кейін ғана жіберіледі.


      31. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны 3-кестеге сәйкес белгіленеді.
3-кесте



Р/с №

Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы

Кредит бойынша көлемі

1

2

3

1

Базалық пәндер (БП)

7

1)

Міндетті компонент:

5



Ғылым тарихы мен философиясы

2



Педагогика

3

2)

Таңдау компоненті

2



Теориялық оқыту бойынша жалпы саны

7

2

Практика (педагогикалық)

кемінде 3*

*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

      33. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу тілін магистранттың өзі таңдайды.


      34. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асады.
      35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
      36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асады.
      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
      37. ҮОЖ осы стандарт негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
      38. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізімі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды.
      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК магистранттарға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір магистранттың жеке білім алу траекториясын анықтайды.
      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
      40. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады.
      ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады.
      41. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды.
      42. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс және силлабус болып бөлінеді.
      43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітіледі.
      44. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустар (магистранттарға арналған пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың формасын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды.
      45. Магистрант ғылыми жетекшісінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды.
      46. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
      2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
      3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
      4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы;
      5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары;
      6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.
      47. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
      48. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы стандартқа 1-қосымшаға (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және 2,  3-қосымшаларға(бейіндік магистратура үшін) сәйкес басшылыққа алады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет