Білім және ғылым министірлігі



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі473.5 Kb.
#138527
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Ауаны шартқа сәйкестендіру теориясының негізгі түсініктерін біледі.

Іскерлігі: Ылғалды ауаның күй параметрін есептеуді және анықтауды біледі; ауаны өңдеу процесстерін i-d диаграммасында салуды біледі; жүйелердің негізгі шешу жолдарын және оларды технологиялық схемаларда салуды біледі.

Дағдысы: Ауаны шартқа сәйкестендірудің және суықпен қамтамасыз етудің оптималды параметрлерін анықтаудың және есептеудің әдістерін қолдану дағдыларына ие.

Құзірет: Ауан жылулық-ылғалды өңдеу облысында базалық білімге ие, өз білімін практикада жүзеге асыра алады, ауаны шартқа сәйкестендіру және суықпен қамтамасыз ету жүйелерін тиімді қолдану дағдыларына ие.

Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С. Койбагаров, доцент м.а. М. Ермоленко

1 «Жылулық электростанциялар»,

2 «Өндірістік жылуэнергетика»

Оқу траекториялары бойынша жалпы базалық пәндер

1

MK 0201

Мамандыққа кіріспе

Кред, ит саны- 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: ҚР МОС «Жылуэнергетика» мамандығына сәйкес мамандарды дайындау. Студентке осы мамандықтың қазіргі заманғы маңыздылығын көрсету, таңдалған мамандықты үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Жоғарғы оқу орнының құрылымы. Мемлекет экономикасындағы энергетика орны. Энергетикаға мамандарды дайындау. Бұл мамандық түлегі ие болуға тиісті білім және дағды көлемі; таңдалған мамандық бойынша қажетті білім мен дағдыны қалыптастыратын пәндер. Әлемнің энергетикалық ресурсы мен олардың сиапаттмалары, Қазақстан Республикасындағы жылуэнергетиканың дамуы, Қазақстан Республикасының отындық-энергетикалық кешені және оның сипаттамасы. Отын, оның түрлері және сипаттамалары. Жылуэнергетика жүйесінің негізгі құралдары. Дәстүрлі емес және қайта жаңаратын энергия көздер. Атомдық энергетика.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: «Жылуэнергетика» мамандығының жалпы сипатын біледі; экономика дамуындағы энергетиканың ролін, қазіргі заманғы шарттардағы жылуэнергетика бакалаврына қойылатын талаптарды біледі.

Іскерлігі: Жылуэнергетика» мамандығын игеру процессінде «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша білімін қолдана алады.

Дағдысы: Түрлі өздік жұмыстарын орынду дағдысына ие

Құзірет: Студенттің ақпараттық мәдениет сұрақтары облысында, білім беру процессін ұйымдастыру сұрақтары облысында базалық білімдерін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: к.т.н., доцент О. Степанова, аға оқытушы Ж. Жилгильдинов

2

ZhN 0202

Жылуэнергетика негіздері

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Студенттердің өндірістік жылуэнергетика мен жылутехнология негіздерін, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық жабдықтарының даму бағыттарын оқу.

Қысқаша мазмұны: Ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі этаптары мен перспективалары, ЖЭО – электрэнергриясы мен жылулық энергияны құрама өндіру негізі, сипаттамалары, жұмыс көрсеткіштері, орталықтанған жылумен қамтамасыз ету кезіндегі жылуды алу көздері, атомдық энергетика, атомдық энергетиканың ҚР және әлемде дамуы.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жылуэнергетика мен жылутехнологияның негізгі энергия көздерін білу; өнеркәсіртік кәсіпорындарда энергияня үнемдеу негіздері және оның даму перспективалары.

Білімі: Жылуэнергетикалық кәсіпорындардағы жұмыс анализін бағалай отырып қойылған мәселелерді шешуді білу.

Іскерлігі: Негізгі жылутехникалық есептемелер икеміне ие.

Дағдысы: Жылуэнергетика негіздері облысында базалық білімдерін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент О. Степанова, аға оқытушы Ж. Жилгильдинов

3

Gid 0203

Гидравлика

(курстық жұмыс)

Кредит саны - 3(1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквезиттер -

Оқу мақсаты: Практикалық гидромеханика-гидравлика саласындағы элементтердің оның техникалық байланысы туралы студенттердің білім алуы.

Қысқаша мазмұны: Сұйықтар мен газдардың негізгі физикалық қасиеттері. Гидростатика. Гидростатиканың негізгі тепе-теңдіктері. Паскаль заңы. Архимед заңы. Гидродинамика. Сұйықтар қозғалысының түрлері. Шығын сақталу теңдігі. Бернулли теңдеуі.Ұқсастық теория негіздері. Гидравликалық қарсылықтың физикалық табиғаты және классификациясы. Құбыр өткізгіш түрлері. Гидромашиналар.

Күтілетін нәтиже:

Білімдер: Сұйықтар мен газдар механикасының негізгі заңдарын білу; Сұйықтар мен газдар ағысының үлгісі;

Сұйықтар мен газ тәріздес орталардың ағынды және ағынсыз қозғалысының ерекшеліктері.



Іскерлігі: Құбырөткізгіш жүйелер есебін қою және шығару тапсырмалары.

Дағдысы: Гидростатика және гидродинамиканың типтік тапсырмаларын есептеуге дағдылану.

Құзырлықтар: Гидромеханиканың теоретикалық жағдайын практикалық тапсырмаларды шешуде базалық білімді көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: профессор М.Смирнов


4

SGM 0204

Сұйықтар мен газдар механикасы

(курстық жұмыс)

Кредит саны - 3 (1+1+1), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер

Постреквезиттер -

Оқу мақсаты: Жылуэнергетикалық және жылумехникалық құрылғылардың сенімді және тиімді жұмыс істеу мақсатында есептік және экспериментальдық зерттеуде, гидравликалық сипаттаманы жылуэнергетикалық және жылутехникалық процестермен құрылғыларды білу теориялық базаны студенттердің алуы.

Қысқаша мазмұны: Сұйықтық мағынасын анықтау. Тығыздық. Сығылу. Сұйықтықтың тұтқырлығы және Ньютонның тұтқырлық үйкелісі. Идеал сұйықтық. Сұйықтықта әрекет ететін күштер: массалық және беткерлік. Қысым. Гидростатика. Кинематика негіздері. Сұйықтықтар мен газдардың қозғалысының негізгі теңдігі. Құбырдағы сұйықтар мен газдардың қозғалысы және құбырөткізгіштің гидравликалық есебі. Саңылаудан және насадкадан сұйықтықтың бітуі. Қатты дененің ағуы. Шекаралық қабат. Екі фазалы ағын қозғалысы. Батырылған ағын. Газдық динамика.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жылуэнергетикалық қондырғылардың гидравликалық және аэродинамикалық есептеу тәсілдерін білу.

Іскерлігі: Арналардағы сұйықтар мен газдардың ағысы кезіндегі гидравликалық кедергісін анықтауды білу, әр түрлі формадағы қысым жоғалту; каналдардағы, құбырлардағы, соплолардағы, диффузиялар мен басқада элементтердегі сұйықтар мен газдар ағысын есептеу әдісін қолдану.

Дағдысы: Қысым шығынының азюын қолдануды үйрену.

Құзырлықтар: Тепе-теңдік пен сұйықтар қозғалысының базалық білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С.Масленников




5

EE 0205

Электротехника және электроника

Кредит саны4 (2+1+1) ECTS бойынша - 6

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Жылуэнергетика бакалаврларын қажетті электротехникалық және электрөлшеуіш құрылғыларын таңдай алуды теориялық және практикалық тұрғыдан үйрету

Қысқаша мазмұны: Тұрақты токты электрлік тізбектер; ауыспалы токты сызықты электрлік тізбектер; үшфазалы тізбектер; сызықты электрлік тізбектегі ауыспалы процесстер; магнитті тізбектер; трансформатолрлар;т ұрақты токты машиналар; асинхронды машиналар; синхронды машиналар; жартылайөткізгішті аспаптар – диодтар, стабилитрондар, резистрлер, транзисторлар, тиристорлар, интегралды микросхемалар, күшейткіш каскадтар, опрационды күшейткіштер, қуат күшейткіштері, гармоникалық тербелістердің электрондық генераторлары, импульсты құрылғылар, микропроцессорлық техника негізі, электронды құралдардаң ток көздері

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Электротехникалық заңдарды, электрлік және магнитті тізбектердің анализ әдістерін, негізгі электрөлшегіш аспаптардың және электротехникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін, конструкцияларые, қасиеттерін, қолдану облыстарын және потенциалды мүмкіндіктерін біледі.

Іскерлігі: Типтік электрлік құралдар мен құрылғылардың параметрлерін ьәжірибелік жолмен анықтай алады.

Дағдысы: контроля Инженерлік жұмыс профилімен байланысты негізгі электрлік және электрлік емес шамаларды өлшеу дағдысына ие; электротехникалық аспаптарды, аппараттарды және машиналарды іске қосу, сондай ақ оларды эффективті және қауіпсіз қолдану.

Құзырлықтар: Электротехникадан базалық білімдерін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент М. Какимов

6

ETN 0206

Электротехниканың теориялық негіздері

Кредит саны- 4 (2+1+1), ECTS бойынша - 6

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Электромагниттік процесстерді, анализдің, синтездің және электрлік тізбектерді, электрлік және магниттік өрістерді модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін с туденттің игеруі.

Қысқаша мазұны: Электромагниттік өрістердің негізгі түсініктері мен заңдары. Электрлік және магнитті сызықтық тізбектер теориясы. Дискретті (сандық) тізбектер теориясының негізі. Электромагниттік өріс теориясы.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Электромагниттік өріс және тізбектер теориясының фундаменталды заңдылықтарын, электрлік тізбектер мен электромагниттік өрістерді есептеудің қазіргі заманғы әдістерін біледі.

Іскерлігі: Теориялық білімін электрлік және электронды тізбектерді есептеуде, анализдеуде, тексеруде және синтездеуде қолдана алады.

Дағдысы: Электрлік тізбектерді тәжірибелік зерттеу, токты, кернеуді және қуатты анықтау, түрлі ортадағы электромагниттік өрістерді зерттеу дағдыларына ие.

Құзырлықтар: Электротехника облысында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: доцент М. Какимов

7

Zhylu 0207

Жылумассаалмасу

Редит саны (1+2+0) ECTS бойынша – 5

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Студенттерге жылумассаламасудың фундаменталды заңдары бойынша, процесстерді анализдеу мен есептеу заңдылықтарының әдістері бойынша білім беру.

Қысқаша мазмұны: Бірінші және екінші шекаралық шарттар кезіндегі стационар жылуөткізгіштік; шексіз пластина мен цилиндрдің стационарлы емес жылуөткізгіштігі; сәулелі жылуаламасу; біртекті ортадағы конвективті жылуалмасу; еркін және мәжбүрлі конвекция; фазалық ауысу кезіндегі жылуалмасу; массалмасудың негізгі түсініктері мен заңдары; «үштік» аналогия; жылуалмасу есептерінің жылулық есептері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жылумассаалмасудың негізгі заңдылықтарын біледі.

Іскерлігі: Сұйықтың еркін және мәжбүрлі қозғалысы кезіндегі, сондай ақ фазалық ауысу кезіндегі жылуберу коэффициентін анықтай алады. Сәулелену кезіндегі жылуаламасу мен күрделі жылуалмасу кезіндегі жылубергіштікті анықай алады.

Дағдысы: Жылуфизикалық сипаттамаларды тәжірибелік анықтау дағдысына ие.

Құзырлықтар: Энергияны түрлендірудің негізгі заңдарында және жылуалмасу заңдарында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент О. Степанова, аға оқытушы Ж. Жилгильдинов

8

TZh 0208

Техникалық жылудинамика

Кредит саны - 3 (1+1+1), кредитах ECTS -5

Пререквизиттер

Постреквезиттер:

Оқу мақсаты: жылудинамика, физикалық мәні және анализдеу тәсілдерін жылуалмасу процестеріндегі есептеулер негізінде жылулық процестерді энергия мен материалдарды дұрыс, үнемді және тимді шығындау тәсілдері мен заңдарын студенттердің игеруі.

Қысқаша мазмұны: Жылудинамика. Негізгі түсініктер мен анықтамалар; идеал газы заңы; идеал газ қоспасы; жылудинамикасының бірінші бастамасы; жылудинамикасының екінші бастамасы; реалды газдар; жылудинамикалық кестелер және зат күйінің диаграммасы;

Су және субуы; T-s және i-s-диаграммасы; су және субуының жылудинамикалық процестері; өту және дросселирлеу; компроссерлеу, жылу қозғалтқыштардың жылулық циклдары; ылғалды ауа; негізгі түсініктер мен анықтамалар; ылғал ауаның i-d-диаграммасы, ылғал ауамен кептіру процесстері; химиялық жылудинамика негіздері. Жылуберу. Жылуөткізгіштік,конвективтік жылуалмасу, жылулық сәулелену. Агрегаттық күйдің өзгеруіндегі жылуалмасу (қайнау және конденсация). Жалпақ, цилиндрлік, сфералық және қапталданған қабырға арқылы жылуберу. Жылулық изоляция. Жылуалмасудың негізгі түсініктері мен заңдары. Жылуалмасу аппараттарының сызбалары мен типтері.



Күтілетін нәтиже:

Білімдер: энергия түрлендіру заңдарының негізгілерін, жылудинамика және жылумассаалмасу заңдарың білу; жылудинамикалық процестер мен циклдар; халық шарушылығында пйдаланылатын жұмыс денелерінің негізгі табиғаты; халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайдаланылатын жылуалмасу аппараттары, жылукүштік қондырғылар және басқада жылутехникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципі және құрылғысы; жылуэнергетикалық қондырғылардың қоршаған орта мәселелерімен байланысы.

Іскерлігі: Жылукүштік қондырғылар мен басқада жылутехникалық қондырғыларда жұмыс процесінің жылудинамикалық есептерін жүргізуді білу, әр салаларда қолданылатын; жылуалмасу аппараттарының жылугидравликалық есептеулерін өткізу; энергоқондырғылар, түйіндер мен элементтердің жылулық режимин есептеу.

Дағдысы: Жылуфизикалық сипаттамаларда эксперименттік анықтамалар тәсілдерін пайдалануды білу.

Құзырлықтар: энергия түрлендіруші негізгі заңдары, жылудинамика және жылумассаалмасу заңдарының базалық білімін көрсету.

Бағдарлама жетекшілері: доцент О. Степанова, аға-оқытушы Ж. Жилгильдинов


9

ZhKTCZhN

0209


Жылуэнергетикалық қондырғылар циклдарының жылудинамикалық негізі

Кредит саны- 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Термодинамикалық циклдар мен процесстерді есептеу кезінде жылудинамика әдістерін қолдана алатын жылуэнергетика бакалаврларын дайындау

Қысқаша мазмұны:

процессов Циклдардың термодинамикалық негіздері; компрессорлардың жұмысының термодинамикалық негізі; іштен жану қозғалтқыштарының идеалды циклы; газтурбиналық қондырғының циклдары; бутурбиналық қондырғының циклдары; тоңазытқыш қондырғыларының және жылулық насостардың циклдары; энергияны тікелей түрлендіру қондырғылары.



Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жылудинамикалық циклдар теориясының негізін біледі

Дағдысы: Циклдардың тиімділігін есептей алады

Іскерлігі: Жылудинамикалық циклдар есептемесінің практикалық дағдысына ие.

Құзырлықтар: Жылуэнергетикалық қондырғының тиімді жұмыс істеу облысында базалық білімін көрсетеді.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент О. Степанова, аға оқытушы Ж.Алдажуманов

10

ZhZhE 0210

Жылуэнергетикалық жүйелер мен энергияныпайдалану

Кредит саны- 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: ЖЭО жұмыс істеу принципі, өндірістік кәсіпорындардың жылу және электроэнергетикалық жүйесініңжұмыс істеу принциптерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Мемлекет энергетикасы және оның құрмадас бөліктері жайлы түсінік. Жылулық және электрлік энергияны өндіру мен тұтыну. Жылуэнергетикалық қондырғылар. Өндірістік және жылутехнологиялық өндірісте энергияны тұтыну. Электрлік желілер және өндірістік өнеркәсіпті электрмен қамтамасыз ету. Электрлік машиналар мен аппараттар. Жылутехнологияның процесстері мен аппараттары. ЖЭС пен өнеркәсіптік өндірістегі су технолониясы. ЖЭС пен өнеркәсіптік өндірістегі отын технолониясы.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Жылулық электрлік станциялардың жылулық құрылымын біледі; жылутехникалық қондырғылардың негізгі түрлерін, жылутасымалдағыштың классификациясын біледі.

Дағдысы: Өнеркәсіптік кәсіпорынды жылумен қамтамасыз ету жүйелері мен жылу көздерінің негізгі және көмекші құрылғыларын таңдай алады; электрлік машиналар мен аппараттары бар процесстер мен жүйелерді сипаттап, анализдей алады; жылутехнологиялық қондырғыларда жүретін процесстерді анализдей алады.

Іскерлігі: ЖЭС энергетикалық көрсеткіштерін есептей алу дағдысына ие; отынды жағу жүйесіне құрылғыларды дайындау және есептеу әдістерін біледі.

Құзырлықтар: Жылуэнергетикалық жүйелер облысында базалық білімін көрсетеді

Бағдарлама жетекшісі: доцент міндетін атқарушы С. Койбагаров, доцент міндетін атқарушы М. Ермоленко

11

ABT 0211

Автоматты басқару теориясы

Кредит саны2(1+1+0) ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық процесстер мен құрылғыларды автоматты басқару және қолдану облысында білімге ие

Қысқаша мазмұны: Өнеркәсіптік жылуэнергетикалық қондырғыларды, процесстерді және жүйелерді автоматты реттеу тәсілдері. Жылулық процесстерді реттегіштердің түрлері, өнеркәсіптік реттегіштерді таңдау. Өнеркәсіптік жылуэнергетикалық қондырғылар жұмыс режимін автоматты басқару. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін автоматтандыру. Жылуэнергетикалық қондырғыларды автоматтандыру кезіндегі сандық техниканы пайдалану. Өнеркәсіптік жылуэнергетикалық қондырғыларды автоматтандыру схемасын, жылумен қамтамасыз ету жүйелерін және процесстерді жобалау.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Технологиялық процесстер мен өндірісті қазіргі заманғы автоматтандыру принциптерін біледі.

Дағдысы: Басқару жүйелерін оптимизациялауды және есептеуді біледі.

Іскерлігі: Жылуэнергетикалық қондырғыларды автоматтандыру жүйесін жобалау дағдысына ие.

Құзырлықтар: Жүйелерді автоматтандыру облысында базалық білімге ие.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Секербаева

12

ABZh 0212

Автоматты басқару жүйелері

Кредит саны- 2 (1+0+1), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Студенттің жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық процесстер мен қондырғыларды автоматты басқару жүйелерін құру облысында негізгі білімдерді игеруі.

Қысқаша мазмұны: өнеркәсіптік өндірісті автоматтандыру жайлы мағлұматтар, технологиялық процесстерді басқаруды ұйымдастыру, функционалды-топтық басқару түсінігі, алгоритмдік басқару, басқару объектілерінің статикалық және динамикалық сипаттамаларын анықтау әдістері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Өндіріс пен технологиялық процесстерді автоматты басқару жүйесінің қазіргі заманғы құрылымын біледі.

Дағдысы: Технологияылқ процесстерді тәжірибелік жолмен зерттей алады.

Іскерлігі: Технологиялық объектілерді математикалық модельдей алады.

Құзырлықтар: Энергетикалық жүйелерді автоматтандыру облысында базалық білімге ие.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Секербаева

13

DEKZhEK

0213


Дәстүрлі емес және қайта жаңаратын энергия көздері

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер

Оқу мақсаты: Жылутехнологиялық өндірісте энергияны пайдалану мәселелерін шешу кезінде дәстүрлі емес және қайта жаңаратын энергия көздерін пайдаланудың жалпы принциптерін қалыптастыру. Дәстүрлі емес энергетикамен байланысты теориялық және практикалық білімдерді игеру.

Қысқаша мазмұны: Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергия көздері. Энергия көздерінің ресурстары мен қорлары. Энергия ресурстарын қолдану динамикасы мен энергетикалық шаруашылықтың дамуы, энергетиканың экологиялық мәселелері. Адамның энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етудегі энергияның дәстүрлі емес көздерінің орны. Күн энергиясын пайдалану, күн энергиясын түрлендіру процесстерінің физикалық негіздері. Коллекторлар типі, олардың жұмыс істеу принципі және есептеу әдістері. Күн электростанциялары. Желэнергетикалық қондырғылар. Жел энергиясының қорлары және оларды пайдалану мүмкіндіктері. Геотермальды энергия, жер қыртысының жылулық режимі, геотермальды жылу көздері. Электр энергиясын өндіру үшін геотермальды жылуды пайдалану әдістері, ГеоЖЭС экологиялық көрсеткіштері. Мұхит энергиясын қолдану. Екінші энергоресурстар, электрлік және жылулық энергияны алу үшін екінші энергоресурстарды пайдалану. Екінші энергоресурстарды қолдану және түрлендіру әдістері. Өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтары, электрлік және жылулық энергияны алу үшін оларды қолдану әдістері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Дәстүрлі емес энергетиканың әлемде және Қазақстанда даму жолдарын және мәселелерін біледі; дәстүрлі емес энергия көздерін қолданудың мемлекет саясаты; дәстүрлі емес және қайта жаңаратын энергия көздерінің негізгі түсініктері мен терминдері; халық шаруашылығы салаларында дәстүрлі емес және қайта жаңаратын энергия көздерінің бағыттары мен масштабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет